Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының иерархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді. Ол төмендегі кестеде көрсетіледі.
Білу
|
Нақты іс-әрекетті іске асыру
|
Түсіну
|
Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау
|
Қолдану
|
Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу
|
Анализ
|
Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру
|
Синтез
|
Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру
|
Бағалау
|
Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу
|
Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.
Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.
Ұзақ мерзімді жоспарлау
|
Оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны
|
Орта мерзімді жоспарлау
|
Жұмыс сызбасы, тізбектелген сабақтар
|
Қысқа мерзімді жоспарлау
|
Жеке, дербес сабақ
|
Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.
Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:
Рухани құндылықтар
|
Дағдылар
|
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
|
сын тұрғысынан ойлау, білімді шығарма-шылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
|
қарым-қатынас жасау қабілеті;
|
Акт саласындағы дағдылар
|
өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
|
проблемаларды шешу қабілеті;
|
жауапкершілік;
|
ғылыми-зерттеу дағдылары;
|
денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
|
қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);
|
өмір бойы оқуға дайын болу.
|
жеке және топпен жұмыс істе
|
Достарыңызбен бөлісу: |