Тақырыбы: Санның бірліктерден жасалған құрамын оқып үйрену
Орындаған:Көкеш Ұ.
Тобы:1201-21
Қабылдаған:Балажанова Ж.Б.
Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе. Сан — математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған, кейін бірте-бірте қолданыс аясы кеңейіп әрі жалпыланды. Кейбір заттарды санауға байланысты бүтін оң (натурал) сандар ұғымы, кейіннен сандардың натурал қатарының шексіздігі туралы идея пайда болды. Сан ұғымының алғашқы кеңеюі — натурал сандарға бөлшек сандардың қосылуы болды. Ол ұзындықты өлшеу, ауданды табу, сондай-ақ, атаулы шамалардың үлесін бөліп шығару қажеттілігіне байланысты қолданысқа енгізілді.
Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе. Сан — математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған, кейін бірте-бірте қолданыс аясы кеңейіп әрі жалпыланды. Кейбір заттарды санауға байланысты бүтін оң (натурал) сандар ұғымы, кейіннен сандардың натурал қатарының шексіздігі туралы идея пайда болды. Сан ұғымының алғашқы кеңеюі — натурал сандарға бөлшек сандардың қосылуы болды. Ол ұзындықты өлшеу, ауданды табу, сондай-ақ, атаулы шамалардың үлесін бөліп шығару қажеттілігіне байланысты қолданысқа енгізілді.
Инклюзивті білім беру моделі келесі әлеуметтік тәсілге негізделген – ерекше білімді қажет ететін балаларды емес, қоғамды және оның ерекше балаларға деген қатынасын өзгерту керек. Инклюзия ерекше білімді қажет ететін балалар үшін ғана емес, дені сау балалар үшін де дамыған, ізгілікті және тиімді жүйе ретінде танылады. Ол мектеп жүйесінің критерийлеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне қарамастан, барлығына білім алуға құқық береді. Олардың әрқайсысының даралығын құрметтеу және қабылдау арқылы тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезде балалар ұжымда, бір-бірімен қарым-қатынас жасауды, қарым-қатынас орнатуды, мұғаліммен бірге оқу мәселелерін шығармашылықпен шешуді үйренеді.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру тұрақты даму, қоғамдағы қалыптылық, күрделеніп келетін қоғамда адамның әлеуметтенуінің негізі болуы тиіс. Адамдардың әлеуметтену мен бейімделу мүмкіндіктері өмірлік жағдайлар мен жеке тұлғалық қасиеттерге тәуелді емес, олар білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Білім беру сөзінің мағынасын кеңінен қарастыратын болсақ – ол адамның пайда болуы, оның өмірінің ерекшеліктері, өмірлік тәжірибені жинақтауы, ал мұның барлығы нақты әлеуметтік–экономикалық жағдайларда индивидуалды–жекетұлғалық капиталдың өсуіне қажет болады. Инклюзивті білім берудің тереңдігі, жылдамдығы және материалдық тұрғыдан аса үлкен салымдарды қажет етпейтіндігі, оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәселелерді нәтижелі шешуге әсер ететін аймақтардың бірі болуын анықтайды.
Инклюзивті білім беру әр балаға оның мектепте оқу көрсеткіштеріне сәйкес немесе сәйкес еместігіне қарамастан, білім алуға құқық береді. Балалар ұжымда өзара байланысқа түсіп, қарым-қатынас ережелерін меңгереді, педагогпен бірге шығармашылық тұрғыдан білім алу мәселелерін шешуге үйренеді. Сенімділікпен айтуға болатыны, инклюзивті білім беру барлық балалардың жекетұлғалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, адамгершілік, толеранттылық, көмекке келу қасиеттерін қалыптастыруға, дамытуға жағдай жасайды.
Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім берудің жағымды көрсеткіштері анық: - инклюзивті ортадағы ерекше білімді қажет ететін балалар, арнайы мектепте оқитындармен салыстырғанда, өздерінің қалыпты деңгейдегі құрбыларымен әлеуметтік өзара байланысқа түсуде жоғары деңгейді көрсетеді. - Инклюзивті ортада ерекше білімді қажет ететін балалар күрделі бағдарламалар бойынша оқиды, нәтижесі – дағдылар мен академиялық жетістіктердің жақсаруы. Әрине, арнайы мектепке қарағанда жалпыға білім беру бағдарламалары жоғары әрі күрделі білім деңгейін талап етеді. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті мектепте академиялық міндеттерді шешуге көбірек уақыт жұмсайды, және де, салыстырмалы деңгейде жоғары академиялық нәтижелерді көрсетеді. - Ерекше білімді қажет ететіңбалаларды әлеуметтік қабылдау, инклюзивті сыныптарда кіші топтарға бөліп оқытуға байланысты, нәтижелі қалыптасады. Балалар кіші топтарда педагогтың тапсырмасын орындау барысында кейбіреулерінің даму ерекшеліктері бар екендігін ұмытады. Біртіндеп, қалыпты деңгейдегі балалар өздерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен ұқсастықтары көп екендігін түсінеді.
Инклюзивті сыныптарда қалыпты деңгейдегі балалар мүмкіндігі шектеулі балалармен дос болады. - Инклюзивті білім беру дамуында ерекшеліктері бар балалардың жалпы білімдерінің қалыптасуына әсер етеді. - Инклюзивті сыныпта оқыған балалар үлкейгенде де даму ерекшеліктері бар адамдармен араласады. - Қалыпты деңгейдегі балалар (тіпті дарынды, қабілеттері жоғары балалар) білім берудегі инклюзивті бағытта бірқатар жаңаша қарастырылған жұмыс түрлеріне қатысады: жақсартылған білім беру сапасы мен педагогикалық іс-әрекетте қолданылатын түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдердің пайдалануы. - Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда жаңа білім беру технологиялары қажет: мысалы, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда мәліметтік технологиялар өте қажет. Мұндай технологияларды оқыту процесінде қолдану басқа балаларға да пайдалы.