Тақырыбы: Механика. Қатты денелердің айналмалы қозғалыс динамикасы, негізгі теңдеуі


Қатты денелердің қозғалысының динамикасы



бет2/3
Дата17.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#50798
1   2   3

Қатты денелердің қозғалысының динамикасы.

  • Абсолют қатты дене - кез келген екі нүкте аралығы, әртүрлі механикалық әсер кезінде өзгеріссіз қалатын материялық дене.
  • Қатты дене механика курсы кинематиканы қарастырмайды, бұл бөлімнен тек кейбір маңызды деген ұғымдарды ғана меңгеру талап етіледі. Динамиканы алсақ та негізгі мәселе болатын тек “Жылжымалы оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасы”. Нақты денелер түсірілген күштердің әсерінен азды-көпті деформацияланады және олардың кейбір бөліктері бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруы да мүмкін.
  • Абсолют қатты дененің жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруы мүмкін емес. Қатты дененің жазықтықтағы қозғалысын екі қарапайым ілгерілемелі және айнымалы қозғалыстың қосындысы де қарастыруға болады.

Ілгерілемелі қозғалыс

  • Қатты денеде ойша жүргізілген түзудің өзін-өзі параллель орын ауыстыруын ілгерілемелі қозғалыс деп түсіну керек. Ол түзу сызықты, қисық сызықты болуы мүмкін. Қозғалыстың бұл түрінде дененің барлық нүктелері ұқсас траектория сызады. Сондықтан дененің қозғалысын кинематикадағыдай суреттеу үшін, оның кез келген нүктесінің қозғалысын сипаттау жеткілікті. Өйткені ілгерілемелі қозғалыс кезінде қатты дененің барлық нүктелерінің жылдамдықтары( ) , сол сияқты үдеулері де ( ) бірдей болады. Бірақ дененің қозғалысы ілгерілемелі болмаса, онда қозғалыстың ілгерілемелігін кез келген нүкте емес, белгілі бір нүкте – масса центрі сипаттайды.

Айналмалы қозғалыс

  • Айналмалы қозғалыс дегеніміз қозғалыс кезінде дененің барлық нүктелері шеңберлер сызатын және олардың центрлері айналыс осі деп аталатын бір түзудің бойында жататын қозғалыс. Жалпы алғанда дене бір мезгілде әрі ілгерілемелі, әрі айналмалы қозғалыста бола алады. Айналыс осі денемен салыстырғанда өзінің орнын өзгерте алады. Мұндай жағдайда берілген уақыт мезетінде дене лездік осьтен айналады.

Бұлшық еттердің механикалық қасиеттері.

  • Бұлшық ет бір мезгілде серпімді және тұтқыр біртұтас орта болып табылады. Мұндай орталар үшін классикалық механика заңдары сақталады.
  • Біртұтас орталар механикасының фундаментальды түсініктеріне деформация кернеу, серпімділік тұтқырлық энергия мен температура жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет