Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі алаш зиялылары еңбектерінің маңыздылығы



бет3/3
Дата19.04.2023
өлшемі1,52 Mb.
#84766
1   2   3
Байланысты:
1201-21 Айгерим

Міржақып Дулатұлы


Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ
-Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!
Қарға тамырлы қазақ үшін, айбарлы алты алаш үшін жанын қиған асыл арыстарымыздың бірі - Міржақып Дулатұлы. Өз еркімен емес, темір шеңгелді жалмауыз жүйенің маңдайға тиген қатты соққысынан қалың ұйқыға кеткен қаймана халықтың есін жинап, еңсесін көтерту үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, бозторғайдай шырылдаған, сол күрес жолында қоғам қайраткері болып қана қоймай, қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, ұрпағына баға жетпес асыл қазына қалдырып кеткен сегіз қырлы, бір сырлы дарын бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген. 
Әмбебап ағартушының артынақалдырған рухани мұрасында кешегікөшпеліқазақ елінің әдет-ғұрпы, дәстүр салты,жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесі менүлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық,эстетикалық ұнам-талғамдары ұлтықколоритқа толы сан алуан нақтыдеректермен безендірілебаяндалған.Осытұрғыдан Оян қазақ аттытуындысының орны бөлек. ҮстазыЫбырайАлтынсариннің оқу-ағарту мәселесінебайланысты идеяларын әрмен қарайдамытакеліп, ол да Ахмет Байтұрсыновсияқты, оқу-тәрбие мәселесіне ғылымитұрғыдан қарауға, атап айтқандаоқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне,шәкірттердің жаңа бағдарламаларарқылы білім алуына, ғылымидидактикалыққағидаларға сәйкес сабақ жүргізугеерекше мән береді.
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
М.Дулатовтың 1921 жылы ташкендешыққан Есеп құралы қазіргі кездегіматематикадан оқу кітаптарынқұрастырушылар үшін теңесі жоқ үлгідеугеболады. Осы кітаптың алғашқынұсқасы 1914 жылы Орынбордабасылған еді.Мұнда бастауыш кластағылардыңұғымына оралымды, көкейінеқонымды,күнделікті қазақ өмірінен алынған,қазақ психологиясына бесенедентанымалесептер, тапсырмалар менжаттығулардың төрт амалды (қосу, алу,көбейту,бөлу) зердеге тез тоқып алуғажәрдемдесетіні дау туғызбайды.

Қорытынды


Қорыта келе қай ғалым болмасын. қай ағартушы болмасын өз елінің көркеюін көздейді. Біздің зиялы қауым қазақ халқын білімге,ғылымға шақырған және де оны бала жатырға біткеннен бойына сіңіріп өсіру керекпіз деген. Әр ата-ана өз баласының сауатын ашса еліміз сонда биіктерден көріне береді

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1.Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.
2. Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры.
3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет