Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында, интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі


Интеллектуалдық ойындардың  педагогикалық - психологиялық негіздері



бет3/5
Дата06.04.2022
өлшемі36,11 Kb.
#30082
1   2   3   4   5
Интеллектуалдық ойындардың  педагогикалық - психологиялық негіздері. Ойынның баланың интеллектуалдық дамуына ықпал ету мүмкіндігі педагогика ғылымы саласында жан-жақты қарастырылып, ойын әрекеті оқу әрекетінің жетекші формасына айналған. Ойын, ойыншық сөздері ой сөзімен тікелей байланысты, сөйтіп, ойнау біруақытта ойлаумен әрекеттеседі. Ойын – бұл қарым - қатынас, өмірлік тәжірибе жинақтау құралы. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: “Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес” – дейді. Өйткені кез келген адам бала кезінен өмір әлеміне ойын арқылы кіріп, дүниені ойын әрекетімен тани бастайды. Қоршаған дүние туралы түсінік ойын арқылы қалыптасады. Л.Выготский: «Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайында білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады  – дейді. Бұл өмір тәжірибесінен алынған. Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынмен өседі, оның жан-жақты дамуына тікелей ықпал етеді. Ол – баланың миын жаттықтыратын, әрі тынықтыратын негізгі жаттығу.

Мағжан Жұмабаев: «Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз – қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!»- деп ескертеді. Ойнап отырған баланың назарын басқаға аудару оның ойын бөлгенің деп түсіну қажет. Бұл жөнінде ұлы педагог К.Ушинскийдің «Ойын баласын ойын үстінде үйрет» – дейді. Ойын қызметін зерттеуші С. Тарасовтың пікірінше: «Ойын – бұл еркін және ерікті іс-әрекет. Бұйрық бойынша ойын, бұл ойынға жатпайды. Ойын – бұл күннделікті өмірде бір уақыт аралығында әрікті іс - әрекетпен айналысуға арналған, өзіндік бағыты бар әрекет». Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» – десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» – дейді. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі» – деген ортақ тұжырым жасайды. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» – дейді. Сондықтан ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойындардың педагогикалық мәні де осында. Ойын арқылы оқыту бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырады. Грузин педагогы Ш.А.Аманошвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ол өз Балаларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті – баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Сөйтіп ойын арқылы оқыту нәтижесінде белгілі бір тақырыптар бойынша топтастырылған дидактикалық ойын пайда болады. Берілген ойындарды қолдану іс - әрекеттерінің әсерлілігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттердің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс - әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір - біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі - тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл - қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс - әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс - әрекетке бағдарлайды. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл - ой тұрғысынан іс - әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Қорыта айтқанда, ойын баланың жасына, қабылдауына, түсінігіне қарай күрделене түрлене отырып, оның ақыл-ойын дамытатын мақсатқа бағдарланады. Нәтижесінде баланың есею кезеңінде өзімен бірге дамитын интеллектуалды ойындар жүйесі құрылады. Мұндай ойындар адамдардың өмір тәжірибесінде үлкен маңызға ие. Ал бүгінгі заман талаптарынан туындаған, баланың интеллектісін дамытып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға тікелей ықпал ететін ойындар әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып әзірленіп, олардың бірыңғай талаптарға негізделген жүйесі құрылуда. Оларды баланың жасына сәйкес ақыл-ойын дамытатын интеллектуалды ойындар кешені деп атауға болады.
Интеллектуалдық дамыту ойыны – баланың мектепке дейінгі жасынан бастап, танымдық қабілеті мен әлеуметтік дағдыларының негізін қалайтын, білім алу және тәрбие процесіндегі жетекші іс - әрекеттің түрі, өмір құбылыстарының бірі, сондай-ақ баланың ақыл-ойын қалыптастыруға бағытталған әсерімен ерекшеленетін әрекет. Мұндай ойындар барысында:

– әлеуметтік топта оның рөлі мен тәртіп ережесі игеріледі;

– топтың, ұжымның, сондай-ақ баланың тұлғалық және жеке даму мүмкіндіктері қарастырылады.

Интеллектуалдық ойындардан күтілетін нәтижелер:

– баланың ақыл – ойы дамиды;

– сөздік қоры молаяды, ойын еркін жеткізуге талпынады;

– тілдік қарым-қатынасқа еркін араласады;

– қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығы артады;

– ұжымдық іс-әрекетке бейімделеді;

– еңбеккке тәрбиеленеді;

– бірлескен ұжымдық дағдылары жинақталады;

– әр баланың ақыл-ой деңгейі, өзіндік мінез-құлқы қалыптасады;

– бәсекелестікке, тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Осы күтілетін нәтижелер баланың жас ерекшелігіне сәйкес және жеке даму кезеңдеріне қарай бөлінеді. Сәйкесінше интелектуалдық дамыту ойындары баланың осы жүйе бойынша қабілетіне, қабылдауына қарай топталады, жинақталады, қарапайымнан күрделіге қарай жүйеленеді.


Қорыта айтқанда, аталған ойындар кешені баланың қиялын, бейнелі ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамытады. Құрбыларымен бірлесіп ойнауға, өзара қарым-қатынас жасауға үйренеді.Интеллектуалдық дамыту ойыны – әлеуметтік қызмет, ол – баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоршаған ортаны құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет