Қорытынды. Интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылған. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Олар – оқыту мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар.
Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Интеллектуалдық дамыту ойындарының ерекшелігі – оның әрекеттік сипатында. Мұнда балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді. Интеллектуалдық дамыту ойындары педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың құралы болып табылады. Педагогикалық ойынның айырмашылығы алдыға қойған мақсаты мен міндеті бар, оқу - танымдық бағыттылығымен сипатталатын құнды ерекшеліктерінің болуында. Олар әр түрлі:
а) баланың жас ерекшелігіне;
ә) мақсатқа;
б) ұйымдастыруына;
в) мазмұндық ерекшелігі ескерілген, т.б.
Интеллектуалдық дамыту ойынының нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, баланың білімді игеру, ақыл – қызметін дамытуда, өзара қарым –қатынас. Интеллектуалдық дамыту кешені сенсорлық тәрбие мен ақыл – ой қабілетін дамыту үшін қажет. Интеллектуалдық дамыту ойындарының жүйесін құруда әлемдік тәжірибелер зерделеніп, озық деп танылғандары іріктелді.
Интеллектуалдық дамыту ойындарына қойылатын талаптар:
Ойынға берілген уақыт баланы жалықтырмайтындай болуы;
Тақырып аясынан ауытқымай, оның ережесі қатаң сақталуы;
Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;
Ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні;
Баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.
Интеллектуалдық дамыту ойыны баланың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын білім беру әдісінің бір түрі.
Интеллектуалдық дамыту ойындарын қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:
– ойынның балаларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
– баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;
– өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;
– оқу - тәрбие үдерісінің мақсатын іске асыруда балаға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;
– тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі;
– балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы рөлі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты, 2012 ж (2016 жылы жаңартылған)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2016 ж.
Аймауытов Ж. «Тәрбиеге жетекші», Қызылорда. – 1926 ж
Аймауытов Ж. «Жан жүйесі», Қызылорда,. 1929 ж
Выготский Л.С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка дошкольное образование (Пр.). – 2005. – №5.
Достарыңызбен бөлісу: |