Тақырыбы:” Мектеп психологының жұмыс бағыттары”


Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты



бет2/3
Дата04.03.2023
өлшемі116,1 Kb.
#71476
1   2   3
Байланысты:
2 апта 3 такырып

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты — мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.
Қосымша психологқа арналған құжаттар
Бапкердің сөмкесі (психологиялық ойындар мен жаттығулар)Бейімделу процесін психологиялық қамтамасыз етуТанымдық процесстерді дамыту тақырыбы бойынша материал папкаТақтаға ілетін материал.Мектеп тақырыбы бойынша тәжірибелік экспериментік жұмыстың бағдарламасы ТЭЖ (2-3жылға)Психологиялық – педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы (білімді жетілдіру курстары, сертификаттар грамота мақтау кағазы;
Халыққа білім берудегі мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:
1.Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.
2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.
3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.
Міндеттері:— білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;
— мектеп психологі қызметінің негізін құратын жұмыс бағыттарын, іс-құжаттары мен психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;
Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелер, мектеп психологының негізгі қызметтік мәселелері туралы арнайы ”Психологтың ұстаным” әдебі туындайды;
Мектептегі қосымша міндеттер:Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;Ішімдік пен есірткіге психологиялық, химиялық тұрғыда бағыныштылықты және формальды емес топтар мен діни, қоғамдық-саяси, асоциалды бірлестіктерге психологиялық бағыну ;
Балалармен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:
1.Жас кезеңіндегі баланың психикалық дамуын қалыпты ету;
2.Бала дамуындағы өзіне ғана тән ерекшелігін, әрекетінің және қарым-қатынасының жеке стилін қалыптастыру;
3.Баланы өзін-өзі жетілдіруіне және тұлғалық өсуіне ықпал ету;
4.Баланың эмоциялық және ерік сипаттарын тұрақтандыру;
5.Баланың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын және қайтымды байланысын белсенді ету;
6.Балалармен топтағы тұлғаралық қатынасын оңтайландыру;
7.Балалардағы психологиялық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу.
Психологиялық жұмыстың бағыттары:
Балаларды диагностикалау;
Балалардың дамуын түзету;
Балаларға кеңес беру;
Балаларға ағарту жұмысын жасау
Жұмыстың оңтайлы формалары:
Білім мекемесіндегі баламен жеке жасалатын жұмыстар — диагностикалау, ойындар, сабақтар, кеңес берулер.
Топпен және кіші топпен жұмыстар – психологиялық түзету, дамыту сабақтары, психологиялық сабақтар, сағаттар.Балалардың өз қатарластарымен бірлескен жұмысы.
Отбасымен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:
Бала мен ата-ана қатынасын оңтайландыру;Баланы дамыту мен оқытудың жеке стратегиясын анықтау;Баланың жағымды эмоциялық күйін және жетістікке жетуін қамтамасыз ету;Баланың психологиялық ауытқуын және бұзылуын алдын алу.
Жұмыстың оңтайлы формалары:Ата-аналармен жеке жұмыстар — диагностикалау, кеңес беру.Топтық жұмыстар — психологиялық тренингтер, семинарлар, ата-аналар клубы, ата-аналар жиналысы.Ата-аналар мен баланың бірлескен жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет