Педагог-психологтың кәсіптік біліктілігі қызметте көрініс табады және біріктірілген құрылым ретінде ұсынылуы мүмкін, ол мыналардан құралады:
арнайы дайындықтан, тұлғаның біліктілігі мен функционалдық сауаттылығымен, оның тұлғалық құзыреттілігінен, әлеуметтік-функционалдық сауаттылығынан тұрады (жоғары оқу орнындағы арнайы дайындықтың, жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша дайындықтың және кәсіптік қызметтің нәтижесі);
қызметтегі біліктілігінен,іс-тәжірибеде психологиялық-педагогикалық қызмет технологияларын меңгеру мен оны рефлексиялау қабілеттілігін игерудің нәтижесі ретінде; ұйымдастырушылық-қызметтік біліктілігінен,қызметті рефлексивтік талдау нәтижелерінің негізінде оны өзгерту қабілеттілігі (үздіксіз кәсіптік білім алу мен іс-тәжірибелік қызмет барысында даму механизмдерін меңгеру нәтижесі).
Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.
Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беру
Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте, бұрынғы кеңес мектептер тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтағандар М.Р.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Рмисая т.б. ғалымдар жасады.
Психолог өз жұмысын бірнеше бағыттарда ұйымдастыруды қажет етеді. Олардың үлгі моделін жасағанда М.Р.Битянованың психодиагоностикалық минимумдар негізінде барлық жұмысты ұйымдастыру ыңғайлы болып табылады.
Осы әдістемелік құралдар орыс тілінде ғана жарық көріп жүр, әлі қазақ тіліне аударылмаған. Сондықтан мектеп психологтары түп нұсқадан бастап барлық әдістемелердітолық өздері анықтап шығуға тура келіп тұр.
Сонымен қатар И.В.дубровина мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбекке сүйене отырып көптеген мәслелердің мән-мағынасын ашып алуға мүмкіндік туады.
Л.К.Көмекбаеваның «Психологиялық қызметті ұйымдастыру», Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология», Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құрал ретінде кітабы осы оқулықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр.
Қазіргі таңда практикалық психология белсенді даму үстінде: психологиялық қызметтің небір салалары бар. Психология күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстардың мәнін ұғынуды, бала тәрбиесі, психикалық тұрғыдан денсаулық туралы, тұлғалық даму туралы ойланатын, түсінгісі келетін әр адамның ең жақын қолдаушысына айналуы тиіс.
Ұлдардың, қыздардың жүріс-тұрысы, киім киінуі, құрбы-құрдастарымен, айналысымен қарым-қатынасы, бәрі де арнайы білім алумен бірге тәрбиеге тығыз байланысты. Біз, ата-ана, мұғалімдер және психологтар – оларға көрсеқызарлық, жеңіл мінезділік, жат қылықтардан гөрі татулық, адамгершілік қасиеттерді көбірек айтып, бойларына сіңіре отырып, тәрбие өзегіне айналдырамыз.
Психологтың барлық міндеттерін, этикалық және эстетикалық талғамдарын сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зияткерлігін арттырып, мен өз қызметімнің алға басуына күшімді саламын. Себебі, мен өз мамандығымды қызығушылықпен орындап, басқалары қызыға қарайтындай деңгейге жеткізгім келеді.
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда, өйткені мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін, таным процестерін толық менгеруге, ата-аналар мен ммұғалімдердің көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық жағынан көмек береді
Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.
Психологтың жұмыс мазмұнының көрінісі
(жабық құжат)Жылдық аналитикалық анықтама, мәлімет, есепСтатистикалық есеп (айлық, тоқсандық, жылдық мәтіндік есептер)Педагогикалық — психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау жеке топтық жұмыстардың аналитикалық анықтамалары
Өз жұмысына педагог-психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімдерін басшылыққа алады.