Тақырыбы: Мектептегі инновациялық процестерді басқару



бет2/5
Дата14.03.2022
өлшемі48,89 Kb.
#27948
1   2   3   4   5
«Инновация» ұғымы ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық», «жаңашылдық», «өзгеріс» деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал жəне процесс ретінде əлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тəрбиенің тəсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен студенттің бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мəнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды, олар: озық педагогикалық тəжірибені зерттеу, жинақтау жəне тарату проблемасы жəне педагогикалық- психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сəйкес инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нəтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық жəне практикалық жаңалықтарды қолдануы қажет. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру жəне пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Себебі оқытушы жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы жəне насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару оқытушының өз қызметінде əріптестерінің тəжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, əдістемелерді дұрыс тандап, бағалау жəне қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық жəне мəдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

  1. Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан əлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, əдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тəрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру жəне пайдалануға негізделген мұғалім мен тəрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.

  1. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пəндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пəндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр [1].

Бұл проблеманың көкейкестілігі, əсіресе кəсіби əрекеті тікелей шығармашылықпен байланысты болашақ маманды даярлау барысында арта түседі.

Жоғары мектеп педагогикасының күрделі маңызды мəселесі — студентті келешек мамандығына жақындату, іскер маман даярлау, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыру, қажетті біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осындай жан-жақты жетілген маман даярлау үшін оқыту, білім беру процесін жетілдіру, жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың жаңа формалары мен əдіс-тəсілдерін енгізу керек. Сонымен бірге оқу процесін қарқындату, белсендіру, ақпараттандыру да көзделді.

Инновациялық проблемасын қарастыратын қазақстан ғалымдарының зерттеу еңбектері қызығушылық тудырады:


  • ақпараттық технологиялар   дамуы    (Д.Д.Джусубалиева,   Е.О.Жұматаева,    Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, Г.О.Тəжіғұлова, Л.А.Шкутина, М.С.Мəлібекова жəне т.б.);

  • педагогикалық инновациялардың дамуы (Б.Ə.Əбдікəрімов, С.Ə.Əбдіманапов, Е.З.Батталханов, С.Н.Лактионова, Ш.Т.Таубаева жəне т.б.);

  • мұғалімнің инновациялық іс-əрекеті (М.Ж.Жадрина, С.Ж.Пралиев, Қ.М.Нағымжанова жəне т.б.).

Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жасалған талдаулар авторлардың өздерінің зерттеу объектісіне қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан. Педагогикалық инновация жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ойын, ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс- əрекетінде көрініс береді. Сонымен қатар педагогикалық инновация жеке тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін жəне қоғамдық бағытын, болмысқа деген көзқарасын қалыптастыратынын ескерсек, зерттеу проблемасының көкейкестілігі нақтылана түседі.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-жылдары кеңінен тарала бастады. Əдетте инновация бірнеше өзекті мəселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. «Жаңару» (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару — белгілі бір адам үшін əділ түрде жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея».

Соңғы кездерде педагогикалық практиканың жаңаруы мəселесімен байланысты педагогикадағы педагогикалық инновациялық білім саласы мен қызметіне деген қызығушылық арта түсті.

Педагогикадағы инновацияның маңыздылығы жөнінде мына ғалымдардың еңбектерінде талданған: М.С.Бургин, В.В.Горшков, С.Д.Поляков, В.И.Загвязинский, М.М.Поташник, Г.П.Щедро- вицкий, Н.Р.Юсуфбекова, Н.Нұрахметов жəне тағы басқалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет