Менеджмент құрылымы мен принциптері
Саяси сана басты көзінің бірі – А. Смит пен Д. Рикардо бастаған ағылшын саяси экономикасы – жаңа жағдайда (фабрикалық еңбек бөлісу, өндірістік бақылауды ұйымдастыру т.б.) басқару мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Капиталистік фабрикада адамдар еңбегін басқаруға социалистутопистер, мәселен, Роберт Оуэн ерекше көңіл бөлді. Ол әсіресе қазіргі кезде біз айтып жүрген «адам факторына» ерекше көңіл бөлді. Оуэн таза теориямен шектеліп қоймады. ХIХ ғасырдың басында ол өз тоқыма фабрикасында батыл эксперимент жасады: кәсіпорында жұмысшылардың тамақтануы ұйымдастырылып, ал завод поселкасында жаңа мектеп салынды, территориясы жөнге келтіріліп, көгалдандырылды. Демек, біздің қазіргі күшті әлеуметтік саясатқа ұмтылуымыздың көне тарихы лайықты болған. Оуэн еңбек өнімділігін арттыру үшін моральдық ықпалды да пайдаланған; адамдардың басқалардан кем түскісі келмейтінін ол, өндірісте жарыс ұйымдастырды: таңдаулы жұмысшылардың станоктарында қызыл лента, орташасында-көк, нашарында-сары лента пайда болды. Осы келтірілген деректерден аңғаратынымыз – басқару барлық қоғамдық формацияда болған, бірақта кестеде көрсетілгендей, көне уақыттағы басқару мен ұйымдастырудың қазіргі кездегіден едәуір айырмашылығы болған.
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уинслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған. 1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредрик В. Тейлор процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең деп қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.
Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
1.Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да, көпір салу секілді асқан дәлдік керек.
2.Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, ол арды жаттықтыру және баулу. 3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіпқоя отырып, тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді.
Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге жәнеде хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді.
Жұмыс уақытын дәл есептеу құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет етті.
Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін жәнеде соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімнің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.
20-жылдары Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Б. Гилберт, Лилиан Гильберт, Хорейс Хетэуй, Сенфорт, Харригон, Эмергон, Г. Форд болды.
Эммерсон ойлап шығарған «өнімділіктің 12 принципі» жұртқа кеңінен мәлім болды. (1912). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды, әрі тұжырымдады. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:
дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен қол астындағылар ұмтылады;
болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;
білікті кеңес беру — өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;
тәртіп – барлық ұжым (коллектив) мүшелерінің белгіленген тәртіп пен ережеге бағынуы;
қызметкерлерге әділ төрелік;
басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;
ұжым қызметін мұқият, жедел, басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;
ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;
ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыпқа келтіру;
уақытты белгілеуді және операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;
атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |