Тақырыбы: Менеджмент принциптері және олардың қазіргі кездегі дамуы Пәні



бет3/6
Дата19.10.2023
өлшемі33,31 Kb.
#119300
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-104200

Менеджмент ғылымының дамуы

Бүгiндерi басқару өнерi мен ғылымының қалай және қашан пайда болғанын ешкiм айта алмайды. Менеджмент қайсыбiр нысанда адамдар топ болып жұмыс iстеген жерлерде, әдетте, адамзат қоғамының үш өрiсiнде әрдайым болды:


- саяси – топтардағы тәртiптi орнату мен ұстап тұру қажеттiлiгi;
- экономикалық – ресурстарды табу, өндiру және бөлу қажеттiлiгi;
- қорғаныс – жаулардан және жабайы аңдардан қорғау қажеттiлiгi.
Тiптi ең көне қоғамдарда топтардың қызметiн үйлестiрiп, бағыттайтын тұлғалар қажет болды. Мәселен, египет пирамидалары – бұл сол заманғы басқару өнерiнiң ескерткiшi, өйткенi мұндай ғажайып құрылысты салу көптеген адамдардың жұмысын жоспарлау, ұйымдастырудағы дәлдiктi, олардың қызметiн бақылауды талап еттi.
Басқару теориясы мен тәжiрибесiнiң дамуында бiрнеше тарихи кезеңдердi ажыратады.
I кезең – көне кезең. Ең ұзағы басқару дамуының алғашқы кезеңi болды – б.з.д. 9-7 мың жылдан бастап шамамен XVIII ғ. дейiн. Дербес бiлiм саласына бөлiнiп шыққанға дейiн адамзат мыңдаған жылдар бойы басқару тәжiрибесiн бөлшектеп жинақтады.
Бiрлескен еңбектi реттеу мен ұйымдастырудың алғашқы, ең қарапайым нысандары алғашқы қауымдық құрылыс сатысында болды. Бұл кезде басқару ақылдаса отырып, ру, тайпа немесе қауым мүшелерiнiң барлығымен жүзеге асырылды. Ру және тайпа ақсақалдары мен көсемдерi сол кездегi барлық қызмет түрлерiнiң басқарушы басшылары болды.
Шамамен б.з.д. 9-7 мың жылдықтарда Таяу Шығыстың бiрқатар жерлерiнде иемденушi шаруашылықтан (аңшылық, жемiс теру және т.б.) өнiмдердi алудың мүлдем жаңа нысаны – оларды өндiруге (өндiргiш экономикаға) көштi. Өндiрушi экономикаға көшу менеджменттiң туындауын есепке алудың басы, адамдардың басқару саласындағы белгiлiктi бiлiмдердi жинақтауының негiзгi кезеңi болды.
Басқару туралы алғашқы жазбалар Ежелгi Шумерде жазу өнерi пайда болған кезден (б.з.д. 5 мың жылдық) басталады. Сол кезде онда саудамен байланысқан абыз саудагерлер пайда болды.
Ежелгi Египетте мемлекеттiк шаруашылықты басқарудың мол тәжiрибесi жинақталды. Бұл кезеңде (б.з.д. 3000-2800 жж.) сол заман үшiн әжептәуiр дамыған мемлекеттiк басқару аппараты және оған қызмет көрсетушi топ қалыптасты.
Вавилон патшасы Хаммурапи (б.з.д. 1792-1750 жж.) мемлекеттi басқарудың 250-ден астам заңы бар заңдар жинағын жасады.
Ассирия патшасы II Навуходоносор (б.з.д. 605-562 жж.) тоқыма кәсiпорындары мен астық қоймаларында өндiрiстiк бақылау жүйесiн әзiрлеп, ендiрдi.
Қызметтiң ерекше саласы ретiнде басқаруға сипаттама берген алғашқылардың бiрi Сократ (б.з.д 470-399 жж.) болды. Ол басқарудың түрлi нысандарын талдап, соның негiзiнде басқарудың әмбебап сипаты туралы идеясын тұжырымдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет