Тақырыбы: Менеджмент принциптері және олардың қазіргі кездегі дамуы Пәні



бет5/6
Дата19.10.2023
өлшемі33,31 Kb.
#119300
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-104200

Қорытынды

Менеджмент — бұл басқарудың экономикалық әдістерін қолданып, материалды және еңбек ресурстарын рационалды қолдану жолымен, анықталған мақсаттарға жетуге бағытталған жеке бөлек профессионалды іс-әрекеттің түрі. Менеджменттің негізгі мақсаты өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, өндірістік процесті рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету. Менеджмент-бұл нарықтық шарттарға сәйкес басқару. Ол мына мәселелерді болжайды: Кәсіпорынның нарықтық қажеттілігі мен сұранысына бағытталуы, нақты тұтынушылардың қолдауы мен сұранысқа ие болатын өнімдер түрлерін өндіруді ; Өндірудің жоғарғы деңгейіне жету, аз шығынмен жақсы қорытынды алу; Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің қызметінің соңғы нәтижелеріне жауапты тұлғаның шешім қабылдау бостандығын қамтамасыз ететін шаруашылық еркіндік және т.б. «Менеджмент» термині нарық шарттарында әрекет ететін кәсіпорын деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруда ғана қолданылады. Менеджмент кәсіби қызметтің жеке түрі ретінде мынаны көрсетеді: менеджер өзі жұмыс істейтін кәсіпорын меншігіне тәуелсіз. Ол жалға жұмыс істеу арқылы акцияларды иемденуі немесе иемденбеуі мүмкін. Менеджер еңбегі- бұл жоғарғы технологиялық өндіріс шарттарын жұмысшылардың жоғары деңгейінде мамандануымен ұштастыру нәтижелерінде туындайтын өндірістік еңбек. Менеджер өндірістік бөлімшелер мен кәсіпорындарда қызмет атқаратын инженерлерді, маркетологтарды, экономисттерді, статистиктерді, психологтар, бухгалтерлер сияқты түрлі мамандарды біріктіріп, олардың өндірістік процесінің байланысы мен бірлігін қамтамасыз етеді. Менеджменттің соңғы мақсаты (к/о-ның) өндірістік процессті рационалды ұйымдастыру жолымен к/о-ның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету, өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, сонымен қатар, әрбір жұмысшының шығармашылық белсенділігі мен квалификациясын көтере отырып, кадрлық потенциялды тиімді қолдану. Менеджменттің ең маңызды функциясы қолда бар материалды және адам ресурстары негізінде, тұтынушылар сұранысын ескере отырып, тауарлар мен кызметтердің өндірісін ұйымдастыру және кәсіпорынның рентабельдігімен қоса оның нарықта тұрақты орын алуын қамтамасыз ету. Экономикалық аспект - бұл мақсаттардың тиімді орындалуына қажетті материалдық және еңбек ресурстарының координациясы жүзеге асырылатын өндіріс процесін басқару. Әлеуметтік-психологиялық аспект - қойылған максаттарға жету үшін қажетті басқарушылық пен жұмысшыларды ұйымдастыруды жүзеге асыратын арнайы адамдар тобына жатады. Құқықтық аспект - мемлекеттік, саяси және экономикалық институттар құрылымын, олармен жүргізілетін саясатты және заңнаманы алып көрсетеді. Ұйымдастыру—техникалық аспект—мақсаттар мен мәселелердің жүйелі түрде таңдалып, жағдайдың рационалды бағалауын, керекті ресурстардың жүйеленуі, рационалды жобалау, анықталған мақсаттарға жету үшін қажетті жұмыстарды ұйымдастыру, басқару мен бақылау, осы жұмысшы атқаратын адамдарды ынталандыру мен марапаттауды өзіне қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет