Тақырыбы: «Менің елім - Қазақстаным» Мақсаты:Балаларға біздің Республика күні жөнінде түсінік беру. Ол неге аталып өтіледі? Оның қандай рәміздері бар? Ол бізге неге ыстық?
Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.
Тәрбиелік іс-әрекеттің көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар,
интерактивті тақта.Сынып тақтасында тақырып пен Желтоқсан құрбандарының суреттер.Олардың астында гүл шоқтары.
Блингвалдық сыңары: Менің Қазақстаным-Мой Казахстан, Отан-Родина.
Іс-әрекет кезеңдері Келген қонақтармен амандасу Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал,кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге,
Сәләмәтсіздер ме апайлар!
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.
Біз Қазақтың баласы
Дені сау салауатты
Біз-ұлттың болашағы
Білімді де сауатты
Тәрбиеші: Құрметті ата аналар, қонақтар! 16-желтоқсан Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай даярлық тобымызбен ертеңгілік даярлап отырмыз. Барлығыңызды мерекеңізбен құттықтаймын! Кішкене бөбектеріміз сіздерді қуанта берсін! Еліміз тыныш ,дендеріміз сау, аспанымыз ашық болсын!
Бұл мереке салтанатты болғандықтан еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!
Әнұран айту. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)
Балалар біздің ұлтымыз кім?
Қазақ
Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы.
Қазақстан қандай мемлекет ?
Егеменді,тәуелсіз мемлекет
Елбасымыз кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елорда бас қаламыз қай қала?
Астана қаласы.
Ал өзіміз қандай қаланың жанында тұрамыз?
Орал қаласы.
Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Татар,өзбек,корей,шешен,қырғыз,орыс т.б
Олармен біз қалай тұрамыз?
Тату тұрамыз.
Ал бүгінгі өткізіп жатқан шарамыз қандай мерекеге арналып жатыр?.
Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне
Дұрыс балалар өте жақсы жауаптар бердіңдер. 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күні. Ол күнді біздер ерекше қуанышпен тойлаймыз. Ал ос тәелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауаптары)
Балалар Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.
Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.