Тақырыбы: «Менің елім Қазақстаным» Мақсаты


Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету



бет2/3
Дата24.10.2022
өлшемі22,49 Kb.
#45134
1   2   3
Байланысты:
республика күні

Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.
27 жыл бұрын Қазақ елі Ресейге бағынышты болды. Елімізде Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев атамыз бірінші секретарь болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады
Оған Алматыда бір топ жастар қарсы болып,, Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға шыққан
Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды.
Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.
1 минут үнсіздікпен еске алу
Осыдан 5 жыл өткесін 1991 жылы 16 желтоқсан күні -
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Міне балалар бұ біздің қысқа ғана тарихымыз. Жоғары сыныптарға барған сайын елімізді өткені туралы әлі де көп біліп,үйренесіңдер.
Ал енді айтыңдаршы Егемендігіміздің белгісі нелер?
Рәміздеріміз. Ту ,Елтаңба,Әнұран.
Ендеше Өзңмңз жаттаған тақпақтарымызды ,дайындаған Әндерімізді Тәуелсіздік мерексіне шашу етіп шашайық.
Арина Тудың түсі көгілдір. Ортасында күн. Күннің астында қыран құс. Оң жағында қазақтың ою-өрнегі. Мемлекеттік тудың авторы--- Шәкен Ниязбеков.
Ту туралы тақпақты Сұлтан айтады.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Аяулым. Елтаңбаның ортасында шаңырақ. Екі жағында тұлпар,жоғарғы жағында жұлдыз,астында «Қазақстан» деп жазылған. Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков. Шота Уалиханов
Елтаңба туралы Айша айтып береді.
Құтты береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Әнұран туралы Бекзат айтады
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран Шаттық кернер жүректі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет