Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.
Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?
Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.
Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар?
Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, — келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?
Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?