ІІІ. «Ертегі» бекеті.
Әр командаға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген). Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.
«Мыстан кемпір» — /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді/.
«Карлсон» — /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/.
«Тоты құс» — /адамдардың тұрғылықты жерлерін қиратады, бау-бақшадан алтын алмаларды ұрлайды, сондықтан осы қылмысы үшін торда қамалған/.
Оқушының міндеттері:
Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;
Тарихи ескерткіштерді қорғауға;
Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;
Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;
Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.
Қорытынды: Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Білімнің керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады. Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.
Достарыңызбен бөлісу: |