Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім! Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т б. 1-ші Жүргізуші



бет3/10
Дата26.10.2022
өлшемі428,97 Kb.
#45343
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ


Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Қанатты сөз:

  1. Туған жер – алтын бесік.

  2. Отансыз адам - ормансыз бұл-бұл.

Ертеңгілік барысы: Ертеңгілік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
- Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н. Ә. Назарбаев.
- Балалар, мынау біздің еліміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы– көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.
Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды.
- Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.
- Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
- Мемлекеттік туымыздың түсі - көк, көгілдір.
- Неге ұқсайды?
- Аспанға ұқсайды.
- Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.
Балалардың жаттаған «Қазақстан жалауы»деген өлең жолдары тыңдалады.
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалықтаған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі де білерсің.
Есте белгі ұрандар,
Сары алтындай сақталған.
Күн шұғыла қыранда,
Алтын түске қапталған.
Сол жағында матаның,
Сары түсті жолақ бар.
Мұратындай атамның,
Әсем өрнек ол ұлттық!

  • Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
    Балалармен әңгіме жүргізіліп, «Біздің елтаңба» деген тақпақ айтылады.

Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай белгі емес ұғып ал!
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ – жұрт панасы,
Уықтар -күннің сәулесі.
Сүйсіндірер өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр төзімді
Пырақ халық арманы.
Жоғарыға түсер көз,
Бес бармақты жұлдызға,
«Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл-қызға.
Мағыналы, сымбатты,
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол-еліміз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет