Этанол — сырада, арақта және басқа да алкоголь сұйықтықтарында болады. Этанол С2Н5ОН, түссіз мөлдір сұйықтық, қайнау Т0 78С, сумен және басқа органикалық ерітінділермен араласа береді. Медицинада және халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. ПДК — жұмыс істеуге болатын ең жоғарғы мөлшері 1000 мг/м. Өзінің организмге әсер ету қасиетімен наркоз беретін заттарға жатады. Жоғары ми қабатына әсер етуіне байланысты адам масайып, өзіне тән қозуы болады. Ал егер үлкен көлемді мөлшерде ішсе, наркоздық әсері болады. Адам организмінде әуелі ацетальдегид, онан кейін сірке қышқылына, ең соңынан көміртегі газы мен суға айналады. Көзге көрінісі: улану адам қанында 1,5 г/л болған кезден басталады, ал егер 3,5 г/л болса, уланудың клиникалық көрінісі өте ауыр болады, егерде 5,5 г/л-дан жоғары болған жағдайда өлімге әкеп соқтырады. Қан тамырлық және протоплазмалық «У» болғандықтан, этиленгликоль ми ісігі мен өліеттілікті тудырады. Соңында мида оттегінің жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Ең әуелі уланғандар жүрек тамыр соғуының әлсіреуінен немесе өкпе ісігінен өліп кетеді.
Этил спиртімен уланғанда этанол және оның метаболиттері ацетильдегидтің токсикалық әсері клиникалық белгілерін көрсетеді. Ең басты көрінісі – алкогольді кома. Көбінесе кездесетін зардаптары өкпе жетіспеушілігі. ЖТЖ аспирация түрінде жүреді. Ауыр дәрежелі метоболиттік ацидозға ЖТЖ қосылса аралас ацидоз дамиды. Ацидоз гипоксемияны, миокардтың ацетильдегидпен зақымдалуы миокардтың қасиетін төмендетіп коллапсқа әкеледі.
Алкогольдік команы Е.А.Лужников бойынша үш сатыға бөлуге болады: