Тақырыбы: Метил спирті және этил спиртімен улану


Этил спиртімен уланғандағы клиникалық көрінісі



бет4/5
Дата09.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#25089
1   2   3   4   5

Этил спиртімен уланғандағы клиникалық көрінісі

  • Мас болудың алғашқы сатысы өте жоғары психикалық белсенділігімен  сипатталады, бірақ та ондай  адамның  өзіне-өзінің  сенімділігі  күшейеді, көп сөйлейді, оған қарамай өте қиын мәселелерді шешетін қабілеті төмендейді.  Бұлшық ет  жұмыстарының  қозғалыс  қабілеті  және дем алысы мен қантамыр жұмысы өсіп, жұмысқа төзімділігі азаяды. Егер уландыратын мөлшері ішке түссе, есі тез ауып мынадай симптомдармен белгіленеді: суық тер шығып, беті, көзі қызарады, Т0-сы  төмендейді, құсады, өз-өзінен тынышсызданады.
  • Өзіне белгілі емес нервтік симптомдар болады: (көзінің қарашығы қысылып немесе ұлғайып, көзінің бір орнында тұрмауы және анизокория) болады.  Тынысы азайып, көмей тынысы пайда болып, қан тамыр  соғысы жиілеп, алғашқы қан қысымының жоғарылауы коллапспен ауысады. Кеуде дірілі пайда болып, құсығына қақалып, кеңірдегі тарылады. Алкогольдік уланудың ең негізгі асқынуы құсыққа қақалып, тыныс жолы бүлініп, тынысы тоқтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет