Уланулар - химиялық этиологиясы бар аурулар, ағзаға химиялық заттардың токсикалық мөлшерде әсер етуінен өмірге қажетті функциялардың бұзылуына әкеліп соғуы.
Метил спирті (метанол, карбинол, ағаш спирті) CH OH. Түссіз, өте жеңіл сұйықтық, тығыздығы 0,797, қайнау Т0 = 64-650 C. Тазаланған метил спирті, өзінің иісі бойынша этил спиртінен айнымайды. Химиялық синтезде құмырсқа қышқылы мен формальдегид алу үшін,ерітінді ретінде политуралар мен лактарда қолданылады. Метил спиртін байқаусызда немесе мас болуы үшін ішкенде уланып қалу мүмкін. Тыныс жолы арқылы да улануы мүмкін, егер үйдің есігі, терезесі жабық болып, зат теріге тисе де улануға болады. «У» — дың қасиетіне, дозасына және, түсу жолына, қанша уақыт әсер еткендігіне байланысты уланудың әртүрлі клиникалық көріністері болады. Жұмыс істеуге болатын ең жоғарғы мөлшері 5 мг/м ауада. Метанолдың 35-100 мл дейінгі көлемі өлімге әкеп соғады. Метил алкоголі өте күшті, қүре тамырын, нерв жүйесін зақымдауға әкеп соқтыратын, «У» болып табылады. Адам організмінде метил спирті бірінші формальдегидке, онан соң құмырсқа қышқылына айналады. Метанолдың улылық қасиеті осы жоғарғы айтқан заттарға негізделген. Құмырсқа қышқылының толықтырушы қасиетімен организмдегі тотықтыру толықтырушы жұмысына кірісіп, ацидозға, гипоксияға және витамин D тобының, аскорбин қышқылының жетіспеуіне әкеледі. Метанолға әсіресе көздің ішкі тор қабығының көру нерв жүйесі сезімтал болады