Тақырыбы: М.Әуезовтің аударма пьесалары көркем аудармалары



бет1/9
Дата20.05.2023
өлшемі299 Kb.
#95489
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
dip -m -auezovtin-audarma-pesalary-korkem-audarmalary




Тақырыбы: М.Әуезовтің аударма пьесалары көркем аудармалары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3

І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА…………..5



    1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері……….5

    2. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы мен көркем аударма

туралы ойлары…………………………………………………………...21

ІІ ТАРАУ АВТОРЛЫҚ СТИЛЬ ЖӘНЕ


МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ КӨРКЕМ АУДАРМАЛАРЫ………………....28
2.1. Түпнұсқа стилі мен оның аудармадағы қалпы……………..…..28
2.2. Мұхтар Әуезовтың көркем аудармалары……………………………30
2.2.1. “Дворян ұясы” романының аудармасы…………….31
2.2.2.Гогольдің және Чехов шығармаларынан
жасаған аудармалары…………………………………………35
2.2.3.“Отелло” пьесасының аудармасы……………….…..…38

ҚОРЫТЫНДЫ...……………………………………………………..………42


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….45

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі: Аударма тарихы алыстан келе жатыр. Бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, танысуы, өз елінің ой-санасын өркендету тиянақты тірегі болып табылатын аудармаға дүние жүзінің атақты ғалымдары ерекше көңіл бөлген.


Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Орыс классиктері мен бүкіл дүниежүзілік әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ тіліне көп уақыттан бері үзбей аударылып келеді.
Сонымен қатар қай халықтың болса да, сондай-ақ қазақ халқының өмірінде аударма әдебиет зор роль атқарады. Сондықтан аударма мәселесі - өмірлік мәні бар маңызды мәселе. Аударма арқылы жұрт адамзат ақыл иелерінің басынан шыққан асыл қазыналармен танысады. Аударма арқылы халық өткен ғасырлардағы және осы замандағы дүниежүзілік мәдениеттің жемістеріне ие болады. Аударманың маңызы мұнымен ғана сарқылмайды. Аударма ана тілінің қалыптасып, дамуына да әсер етеді.
Экономикамыз бен мәдениетіміздің орасан өсуі нәтижесінде қазақ тілінің сөздігі жаңа сөздермен, сөйлемшелермен байыды. Қазақ тілінің қалпы, оның грамматикалық құрылымы, негізгі сөздік қоры бұрынғы күйінде қалғанмен, қазір оның сөздік қоры молайды. Кейбір ескірген сөздер сөздік қорынан шығып қалды, көптеген сөздердің мағынасы өзгерді, тілдің грамматикалық құрылысы жақсарды. Әдеби тіліміздің осындай қалыптасу процесінде орыс кітаптарын қазақ тіліне аударудың елеулі маңызы болды.
Жұмыстың мақсаты: М. Әуезов шығармашылығының аударма саласымен байланысын, қарастырып, аударма шығармаларымен танысу. Атаулы қойылған мақсатта келесі міндеттер анықталды:

  • М.Әуезовтың аудармашы ретінде әдебиетте алатын орнын анықтау;

  • Жазушының аударма еңбектерін қарастыру;

  • М.Әуезовтың аудармасы мен қазіргі кездегі аударманың сабақтастығын қарастыру;

Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста М.Әуезовтың аудармашылық қызметі бүгінгі заман тұрғысынан қарастырылады. Себебі, аударма - шын мағынасында ғылыми жұмыс. Аударма творчестволық ізденудің, әдеби шеберліктің нәтижесінде туады. Осы мағынада аударма өнері деп танылады. Аударма өнеріне жетілу үшін, біріншіден, шығарма қай тілге аударылса, сол тілді, яғни қазақ тілін жақсы білу керек. Қазақша сөйлеу, жаза білу қазақ тілін озық білгендік болып табылмайды. Ана тіліміздің бүкіл байлығын меңгерген, әдеби тілдің заңдарын игерген және оларды іс жүзінде қолдана білетін адамдар ғана қазақ тілінің шебері деп есептелінеді. Екіншіден аударма өнеріне жетілу үшін шығарма қай тілден аударылса, сол тілді, яғни орыс тілін жақсы білу керек. Оны ресми сөздіктердегі мағынасында ғана емес, халықтың ауызекі сөзінде кездесетін әр алуан мағынасында жете түсіну қажет. Үшіншіден, аудармасы аударылатын шығарманың мазмұнын оның жазылған дәуірін, сол дәуірдегі тарихи оқиғаларды зерттеп білуге міндетті. Міне тек осындай шарттарды орындағанда ғана аударма өнеріне жетілуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет