Тақырыбы: М.Әуезовтің аударма пьесалары көркем аудармалары


Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы мен көркем аударма туралы ойлары



бет3/9
Дата20.05.2023
өлшемі299 Kb.
#95489
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
dip -m -auezovtin-audarma-pesalary-korkem-audarmalary

1.2. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы мен көркем аударма туралы ойлары
Орыс жазушылары оны Шығыстың екінші Абайы немесе Шолоховы деп атаған. Мұндай салыстырулар жай ғана емес. Абай – қазақ мәдениетінің, тілі мен әдебиетінің бір табан болса да алға жылжуына қызмет еткен ұлы тұлға. Абай - ғылым мен білімнің уағыздаушысы болған. Абай Мұхтар үшін үнемі үлгі болған.
Мектеп жылдары ол Пушкин, Гоголь, Толстой, Достевский, Чехов, Шекспир, Гете шығармаларымен танысады.
М.Әуезов өзінің естеліктерінде орыс ұстаздарына алғысын білдіріп отырады. Әуезов ортасында көпшілігі Абай өлеңдерін жатқа білетін. Мектеп жылдары 1909 жылы Санкт-Петербургте Абай өлеңдерінің жинағы қайта басылып шығады. Сол жинақ Мұхтардың қолына түсіп оның алғашқы зерттеулерінің басталуына түрткі болды. Алты жасында ол өзінің әжесімен Әйгерімнің үйінде қонақта болып алғаш рет ұлы ақынды көреді. Абайдың рухани байлығы Мұхтар үшін шығармашылық, тәрбие ошағы болып отырды.
М.Әуезовтың еңбек ету саласы кең және жан-жақты. Оны біз жазушы, ғалым, аудармашы, сыншы, публицист деп танимыз. Орыс әдебиетіне деген сүйіспеншілігі келесі кездерде сол әдебиеттің өкілдеріне танысып, солармен бірлесіп қызмет етуге мүмкіндік берді. Ұлы жазушы В.Иванов, А.Фадеев, Л. Соболев, Н. Тихонов, К.Федин және т.б. ғұламалармен дос болған.
Аудармашы туралы сөз қозғағанда, оның сан салалы қырлары туралы да айтылады. Мысалы, түрік жазушысы Али Аббас Чинар былай дейді: «М.Әуезов - өзінің сан салалы еңбегімен қазақ мәдениеті мен әдебиетін көркейтуге көп үлес қосқан тұлға. Ол отандық қайраткерлердің алғылары болып ғылымның дамуына да өзінің зерттеу жұмыстарымен еңбек етіп отырды. өзінің таланты мен өмірін халқының бейбіт өміріне арнаған болатын өз болашағын халқының болшағымен байланыстырған жазушы». [34, 103].
М. Әуезовтың шығармашылығын екі кезеңге бөлуне болады. Бірінші кезең өз шығармаларын жариялай бастаған уақыттан бастап, 1930-шы жылдарға дейін. Ал екінші кезең 1930-шы жылдардан бастап өмірінің соңына дейін. Екі кезең де жазушының тақырып, тіл, стиль көзқарасы тұрғысынан әр түрлі болып келеді.
Шығармашылығының алдыңғы кезеңінде жазушы қазақтардың революцияға дейінгі өміріне және олардың көзқарасына, дүниетанымына көп көңіл бөледі. Екінші кезеңдегі шығармаларында ұжымдастырку және қоғамның жаңа саяси көзқарстардың қалыптасуына тигізетін ықпалын ашып қарастырады.
Жазушы өз шығармашылығын 1917 ж бастайды. Кеңес одағында өмір сүріп, Қазақстанның жоғарғы кеңесінің мүшесі болғанына қарамастан ең алдымен білім, еңбек, әділеттілік және ақиқатты жоғарыға қойған. М.Әуезовтың түсінуінше ақиқат - халықтың өмірлік жолы, оның толғаныстары мен көзқарастары. Осы тұрғыдан барып, шыни болмысты бейнелеу - жазушының міндеті деген қағида да шығып отыр. Әдебиет, мәдениет және өнер үнемі халыққа арналып отырады.
Бүгінгі таңда М.Әуезовтың қалдырған мұрасы қазақ даласының Абай, Шоқан, Ыбырай сынды ұлы ұлдарының қалдырған мұрасына қосылып, қазақ халқының мақтанышына айналып отыр.
Жаңа технологияның дамуы мен жаңа жасап шығарулар химик және математик ғалымдардың арасында жаратылыстану ғылымдары басқа қоғамдық ғылымдарға қарағанда, маңыздырақ келеді деген ұғым қалыптастырып үлкен дау-дамайлар тудырған. М.Әуезовтың оларға берген жауабы олардың қаншалықты қателескендерін аңғартты. Ол келесідей түсінік береді: “Адамзат зерттеулері мамандандарудың арнайы саласын қажет етеді. Химия немесе физика шығармашылықтың ондай көзі бола алады ма? Ондай жетістікке тек Данте, Сервантес, Шекспир, Гете, Толстойлар ғана жеткен
Жазушы мен аудармашының шығармашылығының көптеген қайнар көздері Абай шығармашылығынан, оның өмірінен, өлеңдерінен, еңбектерінен, көзқарастары мен ойларынан шығып отырады. Абай тақырыптары жазушы үшін ғылыми-зерттеулік және жазушылық қызметтің негізгі тақырыптары болған.
Бір жағынан жазушы өзінің шығармашылық жұмыстарын Абайдың шығармашылығына негіздейді, оның көзқарастарын бағалайды. Екінші жағынан өзінің шығармаларында, жаңа романдарында, әңгімелерінде, пьесаларында Абай тақырыбын жалғастырып отырады. Неміс жазушысы Альфред Курелла ол туралы былай дейді: “Әуезов көзқарас пен сезімдерді бірдей дәрежеде қарастыруда Шекспирге ұқсас келеді”.
М.Әуезов өз шығармаларын реализмге негіздейді. Алайда ол реализм көп жағдайда әлеуметік ұстанымдарына сәйкестеніп отырады.
М.Әуезов ғылыми зерттеу еңбектерінде аударма мәселесінің теориялық ой-пікірі қадамының әжептәуір ілгері басқандығын, оның жылдан-жылға мәнді, мағыналы жаңалықтармен өрістеп келе жатқандығын айта отырып, аударма теориясы ғылымының бір саласы болып, әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін білу қажеттілігін атап өтеді. Бұл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтаушы негіздері тарапында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алмағанын атап отыр.
Ғалымның айтуынша, сол кеңес дәуірінде аударма мәселесі орыс және батыс тілдерінен аударылған шығармалар төңірегінде болып отыр. Орыс тіліндегі аудармалар алдымен зерттеуге, үлгі тұтылуға тиісті және де талдауды содан бастаған жөн. Дегенмен де аударма саласында сол кездегі тәжірибе айтарлықтай деңгейде бола қойған жоқ. Орыс тілінен аударылған материалдардың мәнділігі, оның теориялық түйіндер жасау үшін әр қилы, мол деректер беретінін ескеру қажет.
Аударма өнерін зерттеушілер өздерінің теориялық дербес пікірінің маңызды дәлелді болуы үшін бір-біріне алшақ қалыңқы тіл жүйелеріндегі келелі аудармаларды тереңірек, толығырақ талдап, сипаттағаны пайдалы болар еді. Мысалы, аударуға қиын тиетін және де бұл реттен жақсы аударма үлгілері бар өте-мөте жеке қиын сөйлемдердің аудару тәжірибесін ортаға салса, айталық сөз сипаты жағына сөздің түбірлік, туындылық құрылыстары жағына бір-бірінен мүлде өзгеше орыс тілінен бурят-монгол тіліне, немесе түркімен тіліне аударылған қиын сөйлемдердің аудармасын, оны аса бір халыққа тән жайларын талдап көрсетсе, өте игі іс болар еді.
Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі, жоғарыда айтылғандай, жақсы, үлгілі аударма тәжірибелерін жеткіліксіз үстірт зер салу, шетеңдеп қана зерттеу болып отыр. Ал негізінде, ондай аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мәнді шарт, талдағанда шығарманың идеялық, көркемдік қасиетерін аударманың бойына қалай сіңіргендігін образдылық, түпнұсқаның ырғақтық үндестік, шумақтық, ұқсастық нәзік ұтымды тетіктерін, авторларының сөз өнеріндегі өзіне тән ерекшелігінің, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы соңғы аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет. Аударманың таңдаулы үлгілерінің, жақсы тәжірибелерін түйіндеу, талдау жөнінен зерттеулердің болмауы - әдебиетік теориялық пікірдегі бір зор кемістік деп болу керек. Мұндай күрделі ғылыми терең зерттеулер болмағандықтан, аударма теориясы бұл шаққа дейін шала жүйелі, үзінді қиянды күйде кейде кенет қана қозғалатын мәселе сынды болып отыр.
Аудармалар жөніндегі сын-пікірлердің екінші бір ақауы-тәуір аудармалардың, тіпті жалпы аударманың тек бір бетке көлеңке жақтарын, сұрқай пішіндерін ғана байқастырудан туады.
Аудармалардың жетістік жайларын көрмеу, немесе оны бағалау, бүкіл аударма теориясының игі және нәтижелі қасиеттеріне нұқсан келтіреді. Кемістіктер жайында тіпті кең ауқымда қилы–қилы кескіндерін қарастыра қоюда керекті, алайда бұл әңгіменің ұшқиырсыз болуы ықтималдығын да ескергеніміз жөн, өйткені әрбір осал аудармалар өзіне тән осал белгілерімен өзінше осал келеді. Ал ылғи тек кемістіктер мен кінәларды теріп айтылған пікірдің өркендеген әдебиет қозғалысына пайдалы әсері кем болмақ.
Аударма теориясындағы тағы бір ірі ақау “…аударманың ұлттық түрлері жайындағы мәселеден байқалады. Әлбетте, бұл тақырыпқа арналып, теориялық мақалалар жазылып, пікірлер айтылмады демейміз, қайта проза аудармасына байланысты бұл мәселені айрықша көтеру талаптары бар. Алайда, әзірге бұл байқаулар жайындағы кейбір сындар, соңғы пікірлер сол зор мәселенің тек шет-пұшпағын ғана қамытған сияқты. Ал негізінде, шындықтың мол көріністері, бай деректеріне сүйене бұл мәселедегі теориялық тапқырлықтың, баршаға пайдалы түйіндердің құлашын кең сермеуге әбден мүмкін еді. Бұл үшін ұлттық форманы, аударма жайындағы қазіргі зерттеулердегідей тұйық, санама күйде қарастырмай, оны өрістеп, қалыптасып отыратын тарихи категория немесе құбылмалы категория деп ұғыну керек”. [2,300]
Кеңес ақын-жазушылары орыстың әдеби-сөз мәдениетіне өздерінен бұрын өткен сөз иелерімен анағұрлым тығыз байланысты. Біздер үшін орыстың әдебиет тілі екінші ана тіліміз болып табылғандықтан, біздің ақын-жазушыларымыз өздері мирас еткен ұлттық дәстүрлік формаларға өз шығармашылығы арқылы және аударма арқылы өздерінің ұлғайған әдебиетінен көптеген тың, жаңа қасиеттер, жаңа пікір, жаңа сөз туындыларын әкеліп қосады.
Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастырғанда, сол кезде одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі өзгеше бейімдарлығы анықталды, бірі – аударма тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі - аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиет таныту теориясын зерттейтін объект деп қарайды.
Ғылымның бір саласы болып табылатын бұл екі ағымның екеуі де алдымен бір ғана принципті - қандай да болмасын, әдебиет шығармаларын бір тілден екінші тілге аударуға мүмкін деген принципті қолдайды. Сөйтіп, кеңестік аударма мектебі әдебиет сөздерінде аударуға көнбейтін ежелден қарысқан өзгешеліктері бар деген ескі наным-сенімді қабылдамайды.
Ал аударма саласындағы көптеген міндеттер нақтылы түрде, түп нұсқаның түрлі қасиеттерін толық беру үшін аудармашы қолданған құрал-тәсілдерді зерттеумен анықталады, ол қасиеттерге: интонация, ырғақ, образдылық (синонимдердің, идиомдардың мақал-мәтелдердің және афоризмдердің түрліше астарлары мен бірге) секілді элементтер жатады және бұған ұлттық форманың әр қилы өзгешеліктері, тарихи сипаттары да келіп қосылады.
Аударылатын шығарманың сөз, стиль өрнегіндегі осы көрсетілген қасиеттер, бүтіндей алғанда, алуан түрлі болып келеді де, аударуға оңай ырық та бере қоймайды, түпнұсқаның сөз образдылық тәсілінің өзгешелігіне байланысты: бұл аудармашыдан сол қиын жайларға төтеп берерлік шығармашылық зор тапқырлықты талап етеді.
Түпнұсқаның орыс тіліне аударылғанда сытылып, түсіп қалатын көркемдік-өзіндік өзгешеліктерін, образдылық-стильдік қасиеттерін немесе ұлттық ерекшелік сипаттарын атай кетуге де болады. Мысалы: аудармалардан - заман алшақтығы, кейіпкерлердің сөз әлпетіндегі немесе авторлық ремаркадағы тарихи үндестілік секілді әуендер сезілмей қалады, түрліше әлеумет топтарынан алынған бейнелердің сөз ерекшеліктері де айырым берілмейді, дін иелерінің де, өздеріне тән сөз өзгешеліктері де көрінбей, көмескі жатады.
Аудармаларда сөзді жас айырымына қарай өзгешелігі – бала мен үлкеннің, бала мен бала арасындағы сөздердің айрықшалығын жақсы бере білген сәтті жағдай кездестіру қиын. Өте қынжыларлық бір жай, түпнұсқа авторы сәттің келтірген ділмәр тапқырлықтар, сөйлем кестесінің гүл көріктері, прозаға берілген өлең сынды үндестілік қасиеттердің бәрі де дарымай, тыс қалады. Белгілі бір кейіпкер үшін автор әдейі ойлап шығарған, халық мақалына мүлде өзге, тың нақыл сөздер де әлсіз аударылады, сөз құрамының ырғағы әуені сезілмейді, көптеген шебер тілді жазушылардың шығармаларындағы сөз ойнақылығы да өшіп кетеді.
Ұлттық көркем прозалардың аудармаларында орыс тілінің соншалықты кедей, әсерсіз, сарқай пішіндеріне қайран қаласың. Орыстың сөз сұлулықтарының, сөйлем өрнектерінің, алуан қырлы, әсерлі екпіндерінің орасан мол қазынасынан аудармаларда, түнұсқаның сорына қарай, тіпті дерлік сыбаға алынбайды, пайдаланылмайды. Бұл өкініштінің бастысы сол, аударма орыс тіліне түпнұсқада емес, дарынсыз, олақ қолдан шыққан әлгі бір жолма-жол аударма (подстрочник) дегеннен аударылады, - бұл өзі өзге тіл оқушысы мен түпнұсқа арасындағы, бұл ретте, аудармашы арасындағы бір берекесіз дәнекер. Бұл жөнінде қуанарлық ілу-қағыл көріністер – орыс жазушыларының қаламынан шыққан кейбір жақсы сирек аудармалар ғана. Бұлардың еңбектерінің, басты қасиеті, - олар Добролюбов айтқан шығарманың “ішкі өмірін” жақсы бере біледі. Түпнұсқаның негізгі қасиетін осылай көрсету арқылы олар үздік шығармалардың ұлттық үнін шығарып, аудармадағы басты мақсатқа жетеді. Творчестволық жолмен шешу арқылы олар бір кезде Тургенев, Гоголь, Белинский талап еткен аударманың жақсы нәтижелеріне ие болады. “Аударма бізге, неғұрлым аударма болып көрінбей, өзінде төл тума шығарма болып көрінсе, онда оның тамаша болғандығы”, - деген Тургенев. Белинский: “Аударма автордың өзі орысша жазған секілді болып көрінсін, көркем шығарманы ондай етіп аудару үшін художник болып туу керек”- деп талап еткен.
Бұл секілді аудармаларда кейіпкерлері қазақ, өзбек, латыш, татар, армян т.б. бола тұра, олар шын орысша сөйлейді. Біз бұл аудармашы автордың жақсы орыс жазушысы екенін, оның өзіндік түбегейлі шығармаларында ерекше стилист ділмәр сөздің шебері екенін білеміз, солай бола тұрса да, ол аударылатын шығарма авторының стиліне өз стилін байланыстырмайды. Сонымен біздің ойымызша, бұл аудармашы негіз шығарма авторының тіл ойлау дүниесіне айрықша ықтият болып, мұқият зер салады. Ол аудармаға сол шығарманың барлық материалын жақсы біліп алып кіріседі. Шығармада суреттелетін халық тарихын зерттейді, кейіпкерлердің дәуірімен, ортасымен терең танысып алады. Әрі үлкен жазушы, әрі талантты аудармашы болып өнеге көрсететін бұл секілді игіліктер, бір өкініші, өте сирек кездеседі.
Орыс тіліне аударылатын шығармалардың көбінесе әсерсіз жүдеу жолма-жолдықтан аударылатынын жоғарыда аңғартып өттік. Солай болғандықтан ұлт тілдерін білетін, немесе оқып үйреген аударманың маман кадрларын әзірлеудің қажеттілігін дәлелдеп жатпаса да болады. Ал аударма теориясының совет аудармаларының күнделікті шындықтарына – орыс тілінен ұлт тілдеріне, ұлт тілдерінен орыс тіліне аудару тәселелеріне тығыз жақындастыру қажет. Аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі деп олар - шығарманың мазмұнын да, формасын толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударманы есептейді. Дегенмен де М.Әуезовтың пайымдауынша, “Кеңес дәуірінің классиктері аударылатын шығарманың лексикасын, синтаксисін де, олардағы ой-пікірлерді, эмоциялық және образдық көріктерді толығымен сақтауға түпнұсқаның мазмұны мен формасының бүкіл нәр-қуатын толық беруге талаптанады” [2,306].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет