жергілікті және ауқымды компьютерлік желілерде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін.
Үшінші белгісі –
Ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы иерархиялық, реляциялық және желілік болып бөлінеді.
Иерархиялық
ДБ– ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі.
Реляциялық
ДБ дегеніміз – оны құрайтын бөліктерінің өзара қатынасына сай құрылған деректер базасы.
Реляциялық ДБ – кесте түрінде дайындалған мәліметтер. Ол кестелер арасындағы байланыстар жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым.
Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу және іздеу үшін деректер базасын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалар болады. Қазіргі кезде дербес компьютерлер үшін реляциялық типтегі деректер базасын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалуда.

Желілік
ДБ - да әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланыса алады. Мысал ретінде ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысатын студенттер мағлұматтарынан тұратын деректер базасы құрылымын алайық. Бір студент бірнеше ҒЗЖ қатысу мүмкін, сондай ақ, бірнеше студент бір ҒЗЖ өңдеуге қатысуы мүмкін.
Деректер базасында бірнеше объектілер бар. Кез-келген деректер базасының негізгі объектісі кестесі. Қарапайым деректер базасы бір кестеден тұрады. Екі өлшемді кесте құрылымын бағандар және жолдар құрайды. Деректер базасында бағанды өріс деп атайды. Бір жолда жазылған жеке объект жөніндегі берілгендерді жазылым деп атайды.