Мырыш сульфиді -ZnS табиғатта кездеседі. Қолдан алынғаны ақ түстә болады. Суда ерімейді, іс жүзіде литопон деген ақ бояу құрамына кіреді:
BaS+ZnSO4=BaSO4+ZnS
Мырыш сульфиді радиотехникада қолданылады. Кристалдық азған активатор (Си, Мп, Те т.б) қосса, шамалы сәуленің әсерінен жарқырайтын қасиетке ие болады. Осындай бояуларды сағаттың циферблатына, басқа шкалаларға жағуға пайдалнылады.
Мырыш хлориді-ZnCl Мырыш хлоридін алу үшін Zn,ZnOнеZnS – ті тұз қышқылында ерітеді. Ол суда ерігіш, гигроскопиялық, дымқыл тартып былжырап кететін зат.
Темір жол шпалдары үшін оларға алдын ала ZnCl2 ерітіндісі сіңіріледі. Металдарды дәнекерлеуге, органикалық синтезде, мата бояу жұмысында қолданылады, ZnCl2 комплексті тұздар түзуге де бейімділігі бар, мысалы: M2[ZnCl4] (М-сілтілік метал, сілтілік жер металл.) ZnCl2 сияқты жылпы мырыштың басқа галогенидтері қонцентрленген ерітінділерінде комплекс түзеді.
ZnCl2+2H2O=H2[Zn(Oh)2CL2]
Мырыш сульфаты-ZnSO4. Бұл тұз ерітіндіден кристаллогидратZnSO4*7H2O түрінде бөлініп шығады, оны мырыш купросы деп те атайды. Электролиз жолымен ырышалғанда, мата бояуда, медицинада қолданылады. Мырыштың комплекстерінің ішінде аммионкомплекстер тұрақты келеді, олар аммиак ерітіндісінде онай түзіледі.
ZnSO4+4NH3=[Zn(NH3)4]SO4
Мырыштың күшті қышқылдардан түзілген тұздары тез гидролизденеді:
2ZnSO4+2HOH=Zn2(OH)2SO4+H2SO4
Мырыш сульфаты негіздермен және тұздармен әрекеттеседі:
ZnSO4+2NaOH=Zn(OH)2+Na2SO4
ZnSO4+Na2S=ZnS+Na2SO4
Достарыңызбен бөлісу: |