Тақырыбы: «Морфология, семиотика, мәдениет анатомиясы» тақырыбында глоссарий құрастыру. Орындаған



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі293,14 Kb.
#118124
  1   2
Байланысты:
Ерасыл реферат


Тақырыбы: «Морфология, семиотика, мәдениет анатомиясы» тақырыбында глоссарий құрастыру.
Орындаған: Ашимакын Ерасыл ГМ-11
Тексерген: Ракишева. Г.К
Мәдениеттің сан-салалығы, ол шешетін міндеттердің әр түрлілігі оның сан алуан компоненттері мен бөлімдерін құрайтын құрылымды күрделендіре түседі. Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалады: Мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қызметтік ерекшелік; Мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қортындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас: Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүйесі ретінде көрінеді. Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар; — мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; — мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады. Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді: — ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; — әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор. Мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э.Гуссерльдің “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” мынандай жолдары еске түседі. “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады”. Расында, мәдениет дегеніміз адаммен қатарласа өмір сүру мүмкішілігінің табиғи тәсілі. Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп теқарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкішілігім” мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. “Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарасытырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет