|
«Астана медициналық университеті» КЕАҚ
|
|
«Биостатика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
|
Тақырыбы: Мультимедиялық технологиялар
Орындаған: Сламхан Ақерке
Топ: 127 ЖМ
Астана-2023
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Мультмедиялық технологиялардың маңызы
Мультимедиа құралдары және ақпарат қабылдаудың тиімді жолдары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
“Мультимедия” термині латын тілінің “multi” (көп) және “media” (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни “ақпараттық орта” деген мағына береді. Мультимедия – ол мәзірге компьютерлік технологиялар және оған кіретін,компьютерлік жүйе тексті,дыбыс,бейнекөрініс,графикалық көрініс және анимация болып табылады. Мультимедия технология мүмкіндіктеріне:түрлі ақпаратты енгізу,қорыту,сақтау,жеткізу және шығаруға кіретін мәтін,графика,анимация,көріністерді цифрлеу,бейнедыбыс,дауыстар болып табылады. Мультимедиялық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. Мультимедиа технологиясы - мәтін, гарфика және видеомульти-пликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолданылу саласын кеңейтеді.
Мультимедиа - бұл әртүрлі формада берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені.
Технология ол – «өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып – күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Мультимедиа - компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.Кез келген қарым-қатынас тілінде әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер бар. Сол секілді „мультимедиа” сөзін де бірнеше мағынада қолдана аламыз. Яғни, мультимедиа –
· әртүрлі типті ақпараттарды өңдейтін құралдарды жасаудың, пайдаланудың тәртібін анықтайтын технология;
· әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпараттық ресурс;
· түрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалық жабдық;
· пайдаланушыға барынша тиімді әсер ету мақсатында түрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрі.
Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер) жиынтығы. Бiлiм берудегi мультимедиа - бiрiншiден, таным процесiнiң жоғарылауына септiгiн тигiзетiн, екiншiден, бiлiм беру мазмұнын интерактивтi формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.
Мультимедианың бағдарламалық құралдары – кез келген типті ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер.Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлiк технологиялардың өркендеуi нәтижесiнде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске асырады. Қазiргi таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлiк оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелiк оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту процесiндегi инновациялық әдiстерді жүзеге асыратын бiрден бір жаңа ақпараттық технология болып саналады.Мультимедиа түрлiше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлi әдiстерiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiз қазiргi күнге дейiн мультимедианың кейбiр түрлерiн күнделiктi тұрмыста қолданып келдiк. Мысалы, теледидар және кино - мультимедианың құрамдас бөлiктерi. Пайдаланушылар бұл технологияның жекелеген элементтерiн атауда „мультимедиа” сөзiн қосарлана қолданып келедi. Мысалы, мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнiмi, мультимедиа қызметi т.б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технологиялар кешенiнен құралатындықтан оның жекелеген элементтерiн атау кезiнде „мультимедиалық” сын есiмiн қосарлана қолдану дұрыс деп санаймыз (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнiм т.б.). Ал, жалпылай тек „мультимедиа” деп атауға болады. Мультимедия технология ақпараттану бағытында жоғары дәрежеде ие болып отыр.Оның негізгі мақсаты:жиынды көрініс,мәтін және мәләметке дыбыс қосу бейне көрініс,анимация және басқа визуалды эффектілерді интерактивті интерфейстеу сияқты механизмдерді қолдану.Бұл бағытта Европа комиссииясы 1998 жылы даму жолын алға қойғанАл негізгі ойды американдық Ванивер Буш 1945 жылы “МЕМЕХ”атты мультимедия концепциясын ұсынған болатын оның негізгі ойы мағыналық мазмұнда болған. Ал ойдың көрінісі компьютерде яғни гипермәтін “ жүйесі жұмысында мәтіндік материалдар жинақталған” және гипермедия жүйесі “жүйе жұмысында жинақталған график,дыбыс және анимация ”бұл екеуі мультимедияны құрады.80 жылдан бастап мультимедия –технологиясы гуманитарлық бағытта қолданысының өріс алуы, американдық компьютерші бизнесмен Бидл Гейтс есімімен тікелей байланысты.Ол мультимедияны іске асырып юммерциялық өндіріс ретінде қолдана білді. Мультимедиялық ақпараттық қамсыздандыру:
Негізгі Қосымша мультимедиялық комплект: құрылғылар:
Жүйелік блок Құлаққап
Оперативті жад Микрофон
Бейне адаптер MPEG-декодерлер
Дыбыстық плата колонка Дисковод- DVD
Дискіжетек CD-R немесе CD-RW
Мультимедиялық технологиялар түрлері:
Теледидар
DVD-ойнатқыш
CD-ойнатқыш
Микрофон, құлаққап
Камера, Фотоапарат
Компьютер, ноутбук
Планшет, Смартфон
Проектор, интерактивті тақта
Bluetooth, Флеш-карта
Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.Мультимедиялық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі.Мультимедиа. Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану “мультимедиа” идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не информатиканы оқыту да компьютер мұғалім рөлін атқарады.Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Енді оларды біріктіріп, кешен (комплекс) жасап колдансақ, онда жұмысымыз өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ. Кәдімгі информатика оқулығы білімді жалпылауды, ойлау үрдісін реттеуде, материалды сапалы меңгеруде компьютерсіз не оған дейін қолданылуы мүмкін. Арнайы дайындалған нұсқаулар, оқушының ЭЕМ-мен өздігінше жұмыс істеуіне бағыт беріп, мұғалім жұмысын едәуір жеңілдетеді. Барлық ұғымдар, түсініктер оқулықта беріледі. Плакатка жазылған ақпарат (формула, бұйрық және т.б.) еріксіз есте сақтауға арналған. Транспаранттар мұғалімнің сабақ өту кезінде тікелей тақырыпқа қатысты қолданылады. Оқу киносы ЭЕМ-де динамикалық қозғалыс жасауда қолданылады. Үлкен экранды теледидар ЭЕМ экранына қарағанда жаппай түсіндіру барысында көрнекі құрал орнын толтырады. Ал “мультимедиа” құралы бұл құралдардың мүмкіндігін кеңейтіп интеграциялай түседі.Технологияның мультимедиасы – қолданушыға мәлiметтiң ұсынысының мүмкiндiгi (мәтiн, дыбыс видео, анимация, графика) әр түрлi формалардың өзара әрекеттесуi өздiгiнен тәртiп. Мультимедиа технологияны арнайы аппаратты және программалық құралдарды құрайды.Мультимедиа – өнiмдер байланысты бiрнеше дәрежелерге бөлуге болады олар тұтынушылардың топтарына бағытталған.Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады. Мультимедиялық жүйенің негізгі ерекшеліктері болып табылады: 1)Бір бағдарламалық өнімде әртүрлі ақпарат түрлерінің бірігуі (интеграциясы); 2)ЭЕМ құрамындағы енгізу-шығару және әртүрлі ақпаратты өңдеу құрылғыларының өзгешелігі; 3)Ақпараттың динамикалық түрін қолдануға байланысты, мультимедиалық жүйенің ауқымды уақыт ішіндегі қызметі; 4)Адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасының жаңа деңгейінің пайда болуы. Соның арқасында адамның ақпаратты қабылдау деңгейі көтерілуде. Мультимедиялық компьютер – бұл ақпаратты жеткізуші жаң а құрал ғана емес, бұл «face to face» моделін көрсететін қондырғы. Сонымен қатар, тек компьютерде ғана ақпаратты-анықтама жүйесі ерекшелігін (индивидуализация) көрсетеді.
Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда: дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);
телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
интерактивті тақта;
ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф);
компьютерлік құралдар;
телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.).
Мультимедиалық қосымшаларды жасау технологиялары бойынша отандық және шетелдік жүйелерді қарастыру және сараптаудан соң ең көп тараған мультимедиалық қосымшалардың жіктелуін және олардың ұғымдарын ұсынуға болады. Мультимедиалық қосымшалар келесі түрлерге бөлінеді:
Презентациялар;
Анимациалық роликтер;
Ойындар;
Бейне қосымшалар;
Мультимедиа-галеереялар;
Аудиоқосымшалар (дыбыстық файлды ойнатқыштар);
Web-қа арналған қосымшалар. Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программмалық-әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программмалық-әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Мультимедиалық құралдар көмегімен дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламалары білім сапасын арттырудың бірден-бір кепілі. Мультимедиялық құрылғыларға мысал ретінде виртуалды пернетақта, интерактивті тақта т.б.
Виртуалды пернетақта – оқытушының интерактивті тақта арқылы компьютердегі мәліметтермен жұмыс істеуіне арналған. Яғни, компьютердің стандартты пернетақтасының аналогы болып саналады. Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы:
статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар дайындауға болады;
әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді;
оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді, оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;
ұсынылған ақпаратты оқытушы немесе оқушы бүкіл сабақ бойында бірнеше мәрте қайталап көре алады;
жұмыс алаңы ауқымды аймақты қамтиды;
экранға шығарылатын слайдтардың саны шектеусіз;
оқу материалына дыбыстық қосымша енгізуге болады;
сабақ барысында пайдаланылып, файл түрінде сақталған ақпараттың электрондық немесе баспалық нұсқасын оқушыларға көшіріп беруге болады;
интерактивті тақтаның бейнедатчиктермен жабдықталуы экран бетіндегі кез келген нүктеге берілетін әсерлерді бірмезетте жылдам анықтайды, соның нәтижесінде тақтада бірнеше пайдаланушылар бірмезгілде жұмыс жасай алады;
экрандағы басқару батырмалары интерактивті тақтадан проекторді ажырату арқылы, оны қарапайым тақта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Кең тараған интерактивті тақталарға
Достарыңызбен бөлісу: |