бойынша диета жүйесі ескірген болып саналады, себебі ол ұжыммен тамақтандыруға арналған және
ол науқастың өзіне емес оның ауруының моделіне негізделген. Стандартты диетаның жаңа жүйесі
бұрынғы қолданыстағы диета жүйесінен мынадай айырмашылығы: негізгі тағам құрамы, тағамның
энергиялық құндылығы, дайындау технологиясы, орташа тәуліктік мөлшері бойынша ерекшеленеді.
Бұрынғы қолданыстағы
диетаның нөмірлік жүйесі (№№1-15диеталар) бірігіп асқыныстарға, аурудың ауырлық дәрежесіне,
аурудың кезеңдеріне байланысты әртүрлі аурулар кезінде тағайындалатын стандартты диета
жүйесіне кіреді.
Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
Ауруханада пациенттер үшін шикі тағамды өңдеу үдерісі және тағамды
дайындау орталықтандырылған асханада жүргізіледі және әр бөлімшеге
арнайы маркирленген ыстықты сыртқа өткізбейтін ыдыстарда жеткізіледі.
Тамақ ішу кезінде қолданатын ыдыстар ас тарататын бөлмеде арнайы
сөрелерде сақталынады, арнайы ыдыс жуатын жуылып, ыстық сумен
шайылып, залалсыздандырылады, одан кейін қайта сумен шайылып
ыдыс кептіргіштерде кептіріледі. Ыдыс жууға қолданылатын сүлгілер
дезинфекциялық ерітінділерге салынады. Тамақ қалдықтарын аузы жабық
ыдыстарға тастайды .
Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру.
Тағамды буфетші немесе палата мейірбикесі таратады. Жинастырумен айналысатын санитарлар тағам
таратуға жіберілмейді. Жалпы режимдегі пациенттер асты асханада ішеді. Қозғалысы шектелген
режимдегі науқастар тамақты палатасында ішеді. Төсектартып жатқан науқастарды тамақтандыу үшін
кереуеттің үстіне науқастың алдына қойылатын үстелше қолданылады. Пациенттің кеудесін және мойнын
Достарыңызбен бөлісу: |