Диета – сырқаттану кезінде және аурудың алдын-алу мақсатында
пациентке арналған
тамақ рационы (тағамның тәуліктік мөлшері). Диетаны құру үшін тамақ
құрамын, оның калориясын, тәуліктік рационды (тағамның жалпы
мөлшерін) және ингредиенттің санын: ақуыз, май, көмірсулар,
минералды заттар, дәрумендер және судың мөлшерін білу қажет.
Диетаны тағайындау кезінде аурудың даму механизмі, зат алмасу
жағдайы, тамақтың сіңірілуі ескеріледі. Диетаның қажеттілігі және оны
қолдану мерзімін дәрігер анықтайды, палаталық мейірбике парционник
құрайды, онда әртүрлі диеталық үстелдің нөмірі және
жеңілдетілген диетаның түрі көрсетіледі. Мәзірді құру, тамақтың
сапасын бақылауды
дәрігер-диетолог немесе диеталық мейірбике жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының емдеу тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік
диетаның нөмірлік жүйесі қолданылады, бұл жүйе әртүрлі сырқаты бар
науқастардың диетотерапиясын арнайы және жеке тұрғыда қамтамасыз
етеді.М.И. Певзнер бойынша емдік үстелдің
(диетаның) сипаттамасы
Көрсеткіш: Қатты тағамды қолдау мүмкін болмаса және қиындаған жағдайда
қолданады. Бұндай жағдай асқазан-ішек жолдарына операция жасалғаннан
кейін, есі бұзылғанда, мысалы инфекциялық ауруларда және қызба
кезінде.Жалпы сипаттамасы: диета сұйық, желе тәрізді тамақтан тұрады,
қайнатпалар, жеңіл ет сорпасы, кисель және т.б.
Тамақтану режимі: тамақты аз мөлшерден жиі береді. Диета бірнеше күнге
созылады
Стандартты диета жүйесі
Соңғы он жылдықта заманауй диетологияда диетаның нөмірлік жүйесіне көзқарас өзгерді. Певзнер
Достарыңызбен бөлісу: |