1. Асқазан зонды арқылы. Көрсеткіштері: ауыз қуысының мертігуінде, жуыну бұзылғанда, ес-түссіз жатқанда, кейбір психикалық ауруларда (тамақтанудан бас тартқанда). Зонд асказанға мұрын немесе ауыз арқылы енгізіледі. Зонд аркылы: сорпа, сүт, май, шикі жұмыртқа, шырын, балалардың тағамдық қоспалары беріледі. Қазіргі кезде арнайы препараттар (белоктық, майлық, күріш және басқа энпиттер) қолданылады. Тәулігіне 600 - 800 мл енгізуге болады.
2. Гастростоманың көмегімен. Көрсеткіштері: көмекей, жұтқыншақ, өңеш зақымданғанда немесе зілді күйгенде, ӛңешке жасалған операциядан кейін.
3. Парентералды. Көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарында қорыту, сіңірілу бұзылғанда, анорексияда (тәбет болмағанда). тоқтамайтын кұсуда, тамақтанудан бас тартқанда. Осы мақсатта донорлық кан, белок гидролизаттары, тұз ерітінділері, глюкоза микроэлементтермен кӛк тамырға енгізіледі.
4. Қоректік клизма. Клизма көмегімен қоректендіруші ертінділерді енгізу. Қазіргі кезде өз маңызын жоғалтқан. Су, физиологиялық және т.б. ерітінділерді енгізуді емдік клизма деп атаған жөн.
Ауруханадағы сауықтыру тағамдарын ұйымдастыруды бас дәрігер немесе оның орынбасары жасайды. Аурухананың бөлімшелерінде бұл іспен бөлімше басшысы айналысады, тамақтандыруды ұйымдастыруда басшылықты диетолог – дәрігер атқарады.Ол аурухана асханасын басқарады. Емдік тамақтанудың міндеттері – бұзылған зат алмасуды қалпына келтіру және ауру ағымына терапиялық әсер ету.
Диетаның қажеттілігі мен ұзақтығын дәрігер белгілейді және диета пациенттің ауруына, жағдайына, диетаны көтере алуына байланысты. Дәрігер диетаның мөлшерін медициналық картаға, тағайындау парағына белгілейді.
Бөлімшедегі мейірбике тағайындау парағын тексере отырып, күнделікті тамаққа талап қағазын (порционник) құрастырады. Тамаққа талап қағазында диеталық столдар, жеңілдену күндері және адамға арналған арнайы диеталардың саны туралы мәлімет болуы керек. Әр палатадағы диеталардың барлығы қосылып, жалпы тамаққа талап қағазын аға мейірбике құрастырады. Ол талап қағазына бөлім меңгерушісі қол қойып, сонан соң ғана ас дайындау бөлмесіне жіберіледі.
Дәрігердің кеңесі бойынша палаталық мейірбике науқасқа тағайындалған диетаның дұрыс және нақты орындалуын қадағалап, науқасқа диетаның маңызын, дұрыс және уақытылы қабылдануын, науқасқа келушілерден келген тағам түрлерін қадағалап отыруға міндетті.