Тақырыбы: Наурыз- думан Мақсаты



Дата05.04.2023
өлшемі15,57 Kb.
#79732
Байланысты:
наурыз думан


Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Наурыз- думан
Мақсаты: Білімділік: Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Дамытушылық:. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу.
Тәрбиелік: Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, оқушылардың наурыз тақырыбына арнап салған суреттері, нақыл сөздер, ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, мақал - мәтелдер, қабырға газеті.


Күй ойнап тұрады.


1 оқушы- Даниял:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштаскан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Әуен ойнап тұрады
(Жарапазаншылар кетіп қалады)


1-Жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!
Көрмемен таныстыру


1- Жүргізуші:Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық


2 - жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша 
Ән: Наурыз


І жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Бесікке салу рәсімі
І жүргізуші:
Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез
Халық әні: Наурыз әні


І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.


Наурыз мерекесіне байланысты тақтаптар айтылады

ІІ жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.


І жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет