Биологиялық өлім – өлу үдерісінің қайтымсыз кезеңі; алдымен мида, кейін басқа да органдарда заттар алмасуы (метаболизм) тоқтайды. Тіндерде тіршілікпен үйлеспейтін, қайтымсыз өзгерістер орын алады. Клиникалық және биологиялық өлімнің нышандарын білудің организмді тірілтіп алу (реанимация) үшін маңызы өте зор.
АУРУДЫҢ ҚҰРАМЫ
Патологиялық үдеріс — ауырғандықтың құрылымы мен әрекеттік көрінісі ретінде көрініс беретін патологиялық үдерістердің және қорғаныстық-бейімделулік жауаптардың зақымды тіндер мен органдардағы жаңа үйлесімдік. Патологиялық үдеріс – ауру емес, оның аурудан айырмашылығы бар; өйткені ол әр түрлі себептердің әсерінен дамыса, ауруды бір ғана басты себеп туындатады. Патологиялық үдерістің бір түрі, дамыған жеріне қарай, аурудың әр түрлі бейнесінде болуы мүмкін. Мысалы, аяқтың басының немесе мидың сулы ісінуі сияқты. Сондай-ақ, аурудың патологиялық үдеріс сабақтасады.