Тақырыбы: Нерв тіні



бет3/7
Дата08.12.2022
өлшемі3,24 Mb.
#56006
1   2   3   4   5   6   7

Нейрондардың ядросы

  • Адамда нейрондар көбінесе бір ядролы болып келеді. Көп ядролы нейрондар болмайды, болса өте аз кездеседі. Мұндай нейрондар вегатативті нерв жүйесін түйіндерінде және қуық асты безінде, жатырдың мойын бөлігінде көп ядролы нейрондар кездеседі (ядролар 10 – 15 – тен). Ядролардың пішіні дөңгелек құрамында, 1 – 2 ядрошығы болады. Егер нейрондардың қызметі жоғары деңгейде болса, ядродағы ядрошығының саны көбейеді.

Нейрондардың цитоплазмасы.

  • Нейрондардың цитоплазмасында көптеген органеллар бар. Оларға: эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, Гольджи комплексі, жасуша орталығы лизосомалар, нейротубулалар мен нейрофиломенттер өте көп. Ал, нейрондардың плазмолеммасының ерекшелігі – қозу процесін өткізуі болып саналады (тітіркенеді). Плазмолеммасының деполяризациялық қасиеті – N (натрийдің ионын) өткізуі. Бұл процесс мембрананың ішкі бетінің оңға (+) зарядталуын қамтамасыз етеді. Ал бұл болса К (Калийдің ионын) сыртқа шығаруға әсерін тигізіп, нерв импульсін тез өткізуді қамтамасыз етеді. Нейрондарды арнайы бояулармен бояғанда цитоплазмасында базофильді боялған түйіршіктер көрінеді. Бұларды хроматофильді субстанция дейді. Мұндай түйіршіктер нейрондар денесі мен дендриттерінде болады, ал аксондарында болмайды. Хроматофильді түйіршіктері рибонуклеопротеидтер болып саналады. Электронды микроскопиялық зерттеулерде бұлар түйіршікті эндоплазмалық тордың түтікше каналдары екені анықталды. Қызметі белсенді нейрондарда бұл түйіршіктер болады. Мысалы, мұнда синтетикалық процестері жоғары болса, соғұрлым эндоплазмалық тордың саны көп болады. Әсіресе белок синтезі нейрондарда өте жоғары. Нейрондағы базофильді түйіршіктерді Ниссель заты деп те атайды. Нейрондардың цитоплазмасында болатын нейрофибриаллалар – жіңішке жіпшелер.

Сезімтал нейрондар.

  • Бұл мультиполярлы нейрондар болып саналады. Дендриттері сезімтал нейрондардан импульсті қабылдап, қабылдаған импульсті аксоны арқылы қозғалтқыш немесе тағы бір қыстырма нейрондарға беру мүмкін, ал бұл болса бүкіл орталық жүйке жүйесінің құрамында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет