Нерв жүйесі нерв түтігі мен ганглиозды пластинкадан дамиды. Нерв түтігінің краниальды бөлігінен бас миы мен сезу мүшелері, ал кеуде бөлігі мен ганглиозды пластинкадан жұлын, жұлын түйіні мен вегатативті түйіндер және ағзадағы хроммаффинді тін дамиды.
Сезімтал нерв түйіндері
Сезімтал нерв түйіндері жұлынның артқы түбіршегінің бойында және бастан шығатын нерв талшықтарының құрамында кездеседі.
Орталық нерв жүйесі. Жұлын
Жұлын екі симметрлі бөлктен тұратын, құрамында құралсыз – ақ жай көзбен көрінетін ішкі күңгірт түсті – сұр заты (Substantia grisea) және шеткі ашық түсті ақ затынан (Substantia alba) тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр заты «Н» әрпіне немесе көбелектің қанатына ұқсас, шығыңқы жерлері – сұр затының мүйіздері деп аталады. Бұлар алдыңғы немесе вентральды, артқы не дорсальды және бүйір бөлігіндегісі латеральды мүйіздері болып бөлінеді.
Жұлынның нерв түтігінен даму барысында нейрондар түзіледі де, бұлар оншақты қабаттарға жіктеледі. Бұл қабаттарды – Рекседтің пластинкалары дейді. Адам мен сүтқоректілердің жұлынында бұл қабаттардың 1 – ден V – ке дейінгісі артқы мүйізінде, VI – VII – қабаттары аралық аймағында, VIII – IX – қабаттары алдыңғы мүйізінде, ал X – қабаты жұлын каналының маңында орын алады. Жұлынның сұр затының осындай қабаттарға жіктелуі, ондағы ядролардың орналсауы ретінде негізделген. Жұлынның көлденең кесіндісінде нейрондардың ядро түзетін топтары анық көрінсе, ал сагиттальды кесіндісінде қабаттық құрылысы, нейрондардың бағана түрінде орналсақан тізбектері байқалады. Жұлынның сұр заты нейрондардың денесінен, миалинсіз және өте жіңішке миалинді талшықтары мен нейроглиядан тұрады. Мұндағы нейрондар – мультиполярлы (көп өсінділі). Жұлынның ақ затының құрамында көбінесе миелинді талшықтар мен нейроглия болады. Миалинді талшықтардың ұзынша орналсақан жігі нерв жүйесінің әрбір аймақтарын байланыстыратын жұлынның өткізгіш жолдарын құрайды.
Жұлын түйіні
Жұлын түйіні сырты дәнекер тінді капсуламен қоршалған. Капсуладан түйіннің паренхимасына өте нәзік қабыршақ түрінде перделер тарайды. Мұндай перделердің құрамында көптеген қан, лимфа тамырлары болады. Жұлын түйінінің құрамындағы ірі нейрондар көбінесе топталып, түйіннің шетін ала, ал шеткі бөлігіне ядролардан шығатын нерв бағаналары, (талшықтары) түйіндері мен нерв ұштары жатады.
Орталық вегатативті жүйенің ядролары орталық ми мен сопақша мида және т.б. орналасады. Шеткі вегатативті нерв жүйесінің түйіндері мүшелердің құрамында (немесе ішінде) немесе қабырғасында (жүректе, жатырда, ас қорыту түтікшелерінде және қуықта) кездеседі. паравертебральды ганглий омыртқа жотасының екі жағында, ал превертебральды ганглий құрсақ ортасының алдын ала орналасып, көптеген тармақтарға бөлінеді. Бұларды жоғарғы және төменгі шажырқай ганглиилері дейді.