Тақырыбы: Невроз, пайда болу себептері. Невроздың түрлері және одан шығу жолдары.
Невроз-өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы. Латынша жүйке тозуы деген мағына береді. Ол адамда болатын психикалық-жүйке жүйесінің созылмалы аурулар тобы.
Ауру себебі: шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамиды, жүйке жүйесі әлсіреуі.
Невроз белгілері: жабырқау, ренжу, үрей, титықтап қажу, тұйықтықтан шыға алмау.
Неврозды емдеу тәсілдері:
1. Ұйқы арқылы емдеу;
2. Психотерапия-көзін жеткізу арқылы ықпал ету. Невротикалық жағдай кезінде мида өтетін процестердің сипатын ауру адамға түсіндіре алса және дәрігердің кеңесін орындаса, емдеуге сенетін болса, жұмыс нәтижелі болады.
3. Гипнозбен емдеу-бұл ұйқы арқылы емделеді, бірақ жасанды ұйқы.
4. Емдік дене шынықтыру жаттығулары. Бұл тәсіл ауру адамның сырқатын уайымдаудан құтқарады.
“Ауруды емдегеннен гөрі, алдын алған оңай”.
Совет педагогы А.С.Макаренко: “Баланы қайта тәрбиелегеннен гөрі, дұрыс әрі қалыпты тәрбиелеген дұрыс”.
Балалар неврозын алдын-алу: бала дүниеге келгеннен бастап қатаң түрде белгілі бір уақытат тамақтандыру, бос уақытын қадағалау, экран алдына отыруға талаптар қою, баланы шектен тыс жазаламау, дене шынықтыру жаттығулары.
Балалар неврозына себеп: отбасындағы жанжал, ата-ана арасындағы ұрыс, ересектер арасында тәрбиеленген баланың жалғыз өсуі, ойыншықтарының өте көп болуы, ересектер хабарын жиі қарау, балаға өте қатал болу, күн тәртібінің өте қатты тығыз болуы.
4-5 жастағы балаларға таңертеңгілік жаттығулар
1. Керілу. Аяқты ептеп алшақ қойып,түзу тұру. Қолды алға жоғары көтеру және аяқтыңұшымен тұрып, керілу.
2. Қол шапалақтау. Түзу тұрып, аяқты қосып ұстау, қолды төмен түсіру. Қолды төбеге көтеріп, артқа апарып 2 реттен шапалақтау.
3. Ағаш жарушы. Аяқты алшақ қойып, тік тұру, қолды төбеге көтеріп, алақандарды айқастыру. ағаш жарған адамға ұқсап 2 қолды аяқтардың арасына өткізе алға тез еңкею.