Оттегінің кернеу күшінің жоғарылап төмендеуі мен оксигемоглобиннің түзілуін немесе ыдырауын көрсететін сызық түзу емес латынша S әріпіне ұқсайды (45-сурет)
Оттегінің кернеу күшінің жоғарылап төмендеуі мен оксигемоглобиннің түзілуін немесе ыдырауын көрсететін сызық түзу емес латынша S әріпіне ұқсайды (45-сурет).
Қисық сызыққа қарап оттегінің кернеу күші мен оксигемоглобин түзілуінің арақатынасына әртүрлі факторлар әсерін байкауға, сөйтіп олардың биологиялық мәні туралы тиісті қорытынды жасауға болады. Белгілі бір тін капиллярларында оттегінің кернеу күші с. б. б. 70 мм-ге дейін төмендесе, оксигемоглобин өте тез ыдырайды да оттегінің сол тінге сіңу дәрежесі артады. Демек, тін капиллярларына оттегінің тінге өтуіне қажетті жағдай туады. Мысалы, адам оттегінің меншікті қысымы төмендеген жағдайға душар болса, айталық 2000 м биіктікке көтерілсе, оттегінің меншікті қысымы альвеолалық ауада с. б. б. 70 мм-ге дейін төмендеуі мүмкін. Мүндай жағдайда қанда оксигемоглобин мөлшері 93%-дан аспайды, яғни әдеттегіден 3% қана ке-миді. Мүның себебі оксигемоглобиннің ыдырауы жеделдей түседі. Оттегінің нақты бір тінге сіңу дәрежесі де артады. Осыған орай тіннің оттегімен қамтамасыз етілуі айтарлықтай кемімейді.
Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, бұл біз үшін өте маңызды жүйе болып табылады. Яғни тынысалудың,ондағы жүретін барлық физиологиялық жағдайды білу бізге көптеген ақауларды қалыптыдан ажыратуға мүмкіндік береді.газ алмасу барысында жүретін күрделі үдерістерді білудің маңызы өте зор.