2. Лиофилизаттағы өміршең жасушалардың санын анықтаңыз.
Тапсырманы орындау реті:
1. Тиісті сұйылтулардан табақшалардағы колонияларды санаңыз.
Нәтижелерді ескере отырып, әрбір сұйылтуды егу кезінде өскен колониялардың орташа саны анықталады. Дұрыс нәтижелерге қол жеткізу үшін бактериялар колонияларының саны 30-дан 1000-ға дейін болатын табақшалар таңдалады.
2. Тіршілікке қабілетті жасушалардың титрін есептеңіз.
1 мл немесе 1 г-дағы KТБ (N)-ның орташа санын формула бойынша есептейді:
N= Хср х К х d
Мұндағы:
N - белгілі бір көлемдегі жасуша титрі (жасуша концентрациясы), әдетте 1 мл немесе 1 г.
Xср – барлық табақшалардағы есаналған колониялар санының орташа арифметикалық мәні;
K – сұйылтудың саны;
d – егілген доза.
Мысал: 1: 105 сұйылтудан 1 мл-ден егілген суспензиялардан үш табақшада 37, 85 және 48 колония өсіп шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |