Тақырыбы: Орталық ортағасырлық Азияның мәдениеті. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде


Қашқари және оның түркі әдебиеті мен тілінің қалыптасуындағы рөлі. Қашқаридың «Түркі сөздерінің жинағы» еңбегі



бет5/6
Дата06.03.2023
өлшемі27,1 Kb.
#71988
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Та ырыбы Орталы орта асырлы Азияны м дениеті. Жібек жолы а

6. Қашқари және оның түркі әдебиеті мен тілінің қалыптасуындағы рөлі. Қашқаридың «Түркі сөздерінің жинағы» еңбегі
МАХМҰД ҚАШҚАРИ КІМ?
Алғаш табылған күннен бастап түркі тілі тарихына үлкен бетбұрыс жасатып, қайта жазылып шығуына себеп болған, түркі тілдерінің бізге беймәлім қараңғы кезеңдерінен хабардар еткен «Диуан Лұғат-ит-Түріктің» авторы, Түркітану ғылымының негізін салушы, түркі лексикографиясының атасы, түркі тілінің тұңғыш диалектологы - Қашқарлы Махмұдтың өмірі жайында жазба деректер арқылы жеткен мәліметтер тым мардымсыз. Тек Диуанындағы там-тұмдап жеткен мәліметтерге сүйене отырып, Қашқаридің текті бір әулеттен шыққан ханзада, қызыл тілге шешен ділмар, найза лақтырғанда дөп тигізер асқан мерген, сондай-ақ заманының ең озық білімімен сусындаған білімпаз болып тәрбиеленгенін көреміз. Өзі жайында: «Түркілер арасында қызыл тілге ең шешені, ең әсерлі әңгімешісі, ең жақсы білім алған білгірі, ең текті әулеттен шыққаны және мықты найза лақтырушысы болғандықтан олар мекен еткен барлық шаһарлар мен аймақтарды аралап шықтым», - деген Қашқари әрі қарай «Диуанының» сөздік қоры жөнінде: «Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, яғма және қырғыз тайпаларының сөздерін және олардың қыр-сырын анықтап шығып, қажетіме жараттым. Олардың әрбірінің тілі менің көкейіме ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият зерделеп, әбден тәртіпке келтіріп, жүйелеп шықтым», - дейді. Бұдан Қашқарлы Махмұдтың жалпы түркі тілдерінің сөздік қоры жайында асқан білгір болғандығын аңғарамыз. Өз дәуірінің жазба әдеби тілдерімен қатар, түркі тайпаларын аралап, жинақтаған сөздердің мағыналары мен формаларын, түрлі ерекшеліктерін еркін меңгеріп қана қоймай, көне түркі тілінің тарихи лексикасынан да хабардар болуы оның тілбілімін жетік меңгерген, аса білімпаз ғұлама-ғалым болып жетілгендігін көреміз.
«ДИУАН ЛҰҒАТ-ИТ-ТҮРІК»
НЕ ҮШІН ЖАЗЫЛДЫ?
Қашқари сүбелі еңбегінің жазылу мақсаты жөнінде «Диуанының» басында-ақ: «Мен Тәңірдің бақ-дәулетті түріктердің жұлдызында жаратқанын, ғарышты солардың хандығының үстіне айналдырып қойғандығын көрдім. Тәңір оларды «түрік» деп атап, елдік пен билік берді. Заманымыздың билеушілерін түріктерден шығарып, өзге халықтардың ерік тізгінін солардың қолына ұстатты. Оларды адамдарға бас қылды, хақ істерде оларды қолдады және олармен бірге болғандарды ғазиз, абыройлы қылды», - деп түрік халқының қадір-қасиетінің ұлылығын әспеттеп, дәріптеген соң ұлық Тәңірдің оларға деген ерекше ықыласын әрмен қарай былайша жеткізеді: «Сондықтан да оларға Тәңірдің өзі ат беріп, жер бетінің ең биік те, шұрайлы, ауасы таза жеріне орналастырған, оларды әскерім деп санаған. Себебі түркілер сүйкімділік, әдептілік, жарқынжүзділік, жүректілік, әділдік, кішіпейілділік, қария­ларды құрметтеу, сөзінде тұру секілді ізгі қасиеттерге ие». Осылайша түркілердің Тәңір сүйер көп қасиеттерін санамалап шыққан соң: «Түркілердің оқтарынан сақтану үшін ақыл иесі әрбір жан олардың жолын ұстануы тиіс. Олардың көңілін тауып, өзінің мұң-мұқтажын жеткізе білу үшін олардың тілін үйренуден басқа жол жоқ», - деп түпкі мақсатын жайып салады. Яғни, араб тілінің мәдениет пен өркениеттің, білім мен ғылымның, ең маңыздысы дүйім мұсылман шығыс халықтары ардақтаған Қасиетті Құран тілі ретінде дәуренінің жүріп тұрған шағында түркі лексикасының мағыналық әрі тұлғалық қасиет-сырларын аша отырып, оның шексіз байлығын көрсету арқылы түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем еместігін дәлелдейді. Түркілердің ізгі қасиеттерін дәріптеп, күшейіп келе жатқан түркі ұлысының болашағының зор екендігін ескертеді. Болашақ түркі тілінде екендігін насихаттап, өзге ұлттарды түркі тілін үйренуге шақырады. Жай ғана шақырып қоймай түркі халқының мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерін, жыр-шумақтары мен нақыл сөздерінің, этнонимдері мен топонимдерін жан-жақты талдап, ұлттың әдебиеті мен мәдениетін, ізгілікке құрылған салт дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, руханияты мен дүниетанымын таныту арқылы түркілерді, түркі тілін сүйгізуге ұмтылады. Шын мәнінде «Диуанды» мың жасатқан да осы қасиеті болса керек.
Махмұд Қашқаридың әйгілі «Диуани лұғат ат-түрік», яғни «Түркі сөздерінің жинағы» атты еңбегінде қамтылған дүниелер- бүгінгі қазақ әдеби шығармаларына біршама жақын.
«Диуани лұғат ат- түрік» 1074 жылы жазылған. Қазіргі түркі халақтарының бәріне ортақ мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа енген сөздер, мақалдар, өлең жолдары, т.б. түркі тілдерінің сөз тудыру, сөйлем құру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу құралдарынын өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді.
«Диуани лұғат ат- түрік» — тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған еңбек. Көне түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді. Мәселен, осы «Диуани лұғат ат- түрік» табылғаннан кейін ғана «Құтты білік» дастанын оқу, аудару және транскрипция жасау кезінде бұрын жіберілген қателер түзетілді.
М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат- түрік» атты зерттеуі тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге ол ежелгі түркі тілдері мен мен ауыз әдебиетін зерттеп, танып-білу үшін аса қажетті, теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып табылады. Біз үшін ең маңыздысы- біздің жыл санауымыздың бұрынғы қадым замандарда жасаған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түрік қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс-салт жырларының үлгілерін, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен афоризмдерді М.Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет