Тақырыбы: “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” махаббаттың қос шынары Ғылыми бағыты



бет8/8
Дата24.03.2022
өлшемі73,52 Kb.
#28685
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жесткий обзор на козыбаян

2.

Жүрек жұтқан – еш нәрседен қорықпайтын, батыл ер азамат.

Жүрек жұтқан жанбысың, неғып жүрсің?

3.

Гүл – гүл жану –құлпырды, әдеміленді.

Қарағым келіп едім гүл-гүл жанып.

4.

Қаяу жоқ- қайғы жоқ, уайым жоқ.

Көкіректе қаяу жоқ, куәм құдай.

5.

Сүйекке таңба басу – масқаралады, қорлады, намысына тиді.

Кетпестей сүйегіңе таңба басар.

6.

Қас қараю, көз байлану – ымырт жабылды, қараңғы түсті.

Қас қарайып барады, көз байланып.

7.

Бел байлау – бір нәрсені істеуге шындап кірісті, тәуекел етті.

Тағдырға не болса да байладым бел.

8.

Жел өкпе – не болса соған елігіп, желігетін адам.

Таз жел өкпе келеді осындайда.

9.

Қайғы толу – уайымға түсті, қайғы азабын көрді.

Ішіме қайғы толғызды.

10.

Су аяғы – жер түбі.

Су аяғы құрдымнан қашып жүрген,

Алла тағала қаңғыртқан Қарабаймын.

11.

Көңіл суыту – ренжіді, суыды, сынды, жүдеді.

Не қылсаң да көңіліңді енді суыт.

12.

Ойын – күлкіге тоймау -

Ойын мен күлкіге бір тоймады.

13.

Мысы құру – қаймығу, тайсалу, үндей алмау, амалы таусылу.

Құл болды Қодар батыр мысы құрып.

14.

Көңілін жүзге балау – риза болу, шат-шадыман болу.

Көңілін балап жүрген жүзге Қодар.

15.

Көз салмау – қарамау, назар аудармау.

Өзге жұртқа көз салып қарамайды.

16.

Дінін сату – ар-ұятын айырбастау.

Сарыбай өзі мерген маралды атқан,

Маралға ит Қарабай дінін сатқан.

17.

Ежеқабыл құда болды – құдандалы жекжат түрі.

Алланың әміріне көніселік,

Көздің қыры түскенін көріселік.

Ұл туар да, қыз туар заман болса,

Уағыдамен қолыңыз беріселік.


18.

Найзаны тік салу – ер болу, қолына қару алу.

Тұп-тура найзамды тік салайын.

19.

Қара басу – онбаған, ісі қырсыққан.

Антұрған, сені тұр ма қара басып?

20.

Іштей жанған дерт – қатты қапалану, өртену.

Сабырдан басқа айла жоқ,

Іштегі жанған дертіңе.

21.

Қара жүз – ұятсыз, арсыз, бетпақ.

Сол жерде қара жүзді болмайсыз ба?

22.

Таяқ жеу – ұрыста соққының астына түсті.

Қой десем де қоймайсың сен он екің,

Тым болмаса, қайтпассың таяқ жемей.

23.

Іштің мұзы ерімеу – қатты ренжу, ренішін ұмытпау.

Белгілі, ерімейді іштің мұзы,

Өтпейді қатынына айтқан сөзі.

24.

Кіндік кесіп, кір жуған жер

туған жер, ата-мекен.

Балталы, Бағаналы ел аман бол,

Бақалы, Балдырғанды көл аман бол.

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап – күліп, ер жеткен жер аман бол.

25.

Қазан бұзар, үй тентек – көптің ішіндегі бір тентек.

Қазан бұзар үй тентек толып жатыр,

Қайратымды бар дұшпан, алыс білсін.

26.

Қайғы толды – уайым түсті, азаптану.

Жас Баян қайғы азабын көп көрді.

27.

Қан жауғыр – қан бол, қанға бат (қарғыс)

Шырағым, айналайын, барма балам,

Сіздерге Баянды айтқан қандай адам?

Ойында жоқ нәрсені ойға салып,

Баламды бір қан жауғыр қылған алаң.

28.

Қанын жүктеді – біреу жазықсыз өлтіріп, обалына қалу.

Қозыкең әр өнерді бастайды енді,

Көңіліне жамандықты қоспайды енді.

Нетемін қанын жүктеп осы иттің деп,

Анадай жер лақтырып тастайды енді.


29.

Қан тартты – ажал – өлім шақырды.

Ажал жетсе, жігіттер, амал болмас,

Қан тартып тұр, Қозыкем оянбайды.

30.

Кек алды – өшін алу, әперу.

Қодарды жеңіп, бізге кек әперер,

Алаштан туған ер, ұл қайда?

31.

Қосағыңмен қоса ағар – тілек.

-қайда барсаң, сонда бар, жолың болсын,

Қосағыңмен қоса ағар, балам! – деді.

32.

Мінезі майдай – сынық, текті, әдепті, көргенді, ізетті, биязы.

Мінезі шалдың дағы текті дейді,

Сөзіне әбден көзі жетті дейді.

33.

Көзі жету – кәміл сену.

Мінезі шалдың дағы текті дейді,

Сөзіне әбден көзі жетті дейді.

34.

Намысты қолдан бермеді – есе, кегін жібермеді.

Елінен Айбас сері іздеп шықты,

Дұшпанға неге намыс берейін деп.

35.

Боз қасқа атау – садақа атау, құрбандыққа мал атау.

Жолына боз қасқа айтты.

36.

Қара ниет - ешкімге мейірі жоқ.

Жүрегі қара ниет.

37.

Бағы таю, күні солу – уақыты бітті, өмірі таусылды.

Бағы тайды Баянның осы күнде күні солды.

38

Көңілі жақын – тату, сырлас.

Жоқ еді бір туысқан аға-жеңгем,

Көңілім жақын тартты дем-дем.

39.

Наразы болды – ренжіді, қарсы тұрды.

Наразы болдым сақамды бермеген соң.

40.

Ойы бұзылды – айныды.

Баянның бұзылмайды ойы дейді,

Тал шыбықтай бұралған бойы дейді.

41.

Талағы тарс айырылды – жарылды, кетті.

Бұлан –талан боп ашуланды,

Соншама Әлжаппар Қодар келді.

Жатқанын Қозыкенің көзі көрді,

Талағы тарс айырылып мұндар құлдың.

42.

Тәубесінене жаңылды – құдайын естен шығару, жолдан шықты.

Тәубеңді, антұрған таз, жаңыласың,

Қой енді бөстегіңді жамыласың.

43.

Ішін тартты – таңырқады, таң қалды.

Болған боран болды да тына қалды,

Құдай қайдан тазшаны ұра қалды.

Айдар келіп тазшаға таянған соң,

Ішін тартып сол жерде тұра қалды.

44.

Тірі тұл – тірі жетім.

Жанбай жалын, күймей шоқ дегендейін,

Тірі тұл осы күйде Баян болды.


45.

Тіл жалғасты – тілдесті.

Қосылған кішкенеден, қарағым-ау,

Күн қайда бір сөйлесер тіл жалғасып.

46.

Тырнағына зар болды – сағынды, аңсады.

Көзден таса болғанда, қандай болдым,

Өзің түгіл зар болдым тырнағыңа – ай.

47.

Сөз келеді – хабар тиеді.

Тыңдасаң Қозыкеден сөз келеді,

Жақсы – жаман кісіні көз көреді.

48.

Намыс алды – кек алды.

Еркектей, қыз болса да, сұлу Баян,

Өлтіріп Қодар құлды намыс алды.

49.

Қылап қылман – бұзбау, сөзінде тұру.

Уағдаға қылап қылман, не қыласың,

Күн болса ондай атты берер - ақпын.

50.

Құрттай санап берді – түгелімен қайтару.

Бұл жалғанда жолықпай өліп кетсең,

Құрттай санап, соңыра мен беремін.

51.

Көзін тұтып жылады – аңдып, бағу.

Егіл – тегіл көзін басып жылады,

Ақылы Аякөздің бойында – ды.

Баянның Қозы Көрпеш ойында – ды,

Көзін тұтып сенің үшін көп жылаған,

Обалы әкесінің мойнында – ды.

52.

Жан шықсын - қарғыс, өліп кет деген мағынада.

Таң атпастан күн шықсын, шырағым-ау,

Тар төсекте жан шықсын депті дейді.

53.

Қызыл тақия киді – қызыл қанға батты, боялды.

Тілін сыйлау - тыңдау, айтқан сөзін екі етпеу, құрметтеу.

М інезін Қарабайдың көре тұра-ақ,

Шіркін нәлет құдаңа кеше бардық.

Біз сіздің тілің сыйлап барамыз деп,

Қызыл тақия сый-сияпат киіп алдық.

54.

Есін жинады - өзіне – өзі келді, ақылы кірді.

Үшеуі үш күн, үш түн жылап қалды,

Төртінші күн ес-түсін жинап алды.

55.

Ішіне қайғы толғызды – уайымға түсті, қайғы азабын көп көрді.

Ынтықты болған – құмартты, көруге зарықты.

Бере ме, тәңірім, бермей ме,

Ынтықты болған бір қызды.

Қосылғанша мен саған,

Ішіме қайғы толғызды.

56.

Ғайып ерен, қырық шілтен – мұсылманды желеп-жебеп жүретін, көзге көрінбейтін киелі бейнелер.




57.

Ғашық болды – ынтықты, құмартты, сүйді.

Дидарын көрген адам көзі ұялар,

Жігітті ғашық қылмай, ерікке қоймас,

Мақтауға аузым олақ, айта алмаймын,

Хор қызы кітаптағы ондай болмас

58.

Ақыретін жастанды – өлді, дүние салды.

Қарабай ақыретін жастаныпты,

Меккенің тарапына бастаныпты.

59.

Аза салды – айқай, сүрен салды.

Бағана келген асқа қайта салды,

-хан Қарабай жау алды,-деп, Суым бар деп, барды да аза салды.

60.

Аруақ қонды, қыдыр түнеді – ескі сенім бойынша бақ, құт дарыды мағынасында айтылады.

Үйіме құдай оңдап, қыдыр қонды,

Бір досым бек сөйлескен сендей болар.

Бұл марал буаз екен тіпті атпаймын,

Келінің екі қабат кесел болар.

61.

Таяқ жеу - соққы көру, ұрып- соғудың астында қалу.

Көзіме көрсет дағы қоя берші,

Итіңнен таяқ жесем, құдай алсын.

62.

Етегін жел ашу – жеңіл жүріске салыну, жеңіл мінезділік.

Етегімді жел ашып жүрген емен,

Қозыкеден басқаға күйген емен.




15

Жырдағы мағынасы түсініксіз сөздер

Түсініксіз сөздердің мағынасы

1.

Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз.

Айпара –

«ай сияқты жарқын» деген мәнде поэзияда қолданылады.

2.

Айдай болған ақ жүзім көрмейсіз бе?

Ай –

әйел сұлулығының символы, әйел көркінің әдемілігін айға теңеу.

3.

Ауыр дәулет беріпті алла несіп – деген Қозы Көрпеш.

Ауыр сөзі дәулет сөзімен тіркесіп

«көп, мол, сансыз» дегенді білдіреді.

4.

Сарыбай мен Қарабай аңға шыққан,

Екеуінің дәуірі даңға шыққан.

Даңға шығу

дегеннің бірінші сөзінің түбірі – даң «атақ, белгілілік, даңқ» мағынасында ұшырасады.

5.

Жәреукелі келеді жалшы деген.

Жәреукелі

деген сөзге «жағынғыш» деген түсінік берілген.

6.

Қозы Көрпеш

Түбірі көрпе –

«жас бала» дегенді білдіреді.

7.

Бір шыбындай жаныңды қорға балам.

Шыбын сөзі жан сөзімен тіркесіп «жан» деген мағына береді.



16.

Кейіпкер


Мінездеме -

Жазушының өзінің кейіпкерінің іс - әрекетін, қимылын, мінезін суреттеу.


Жырдан дәйектеме

Портрет – адамның сырт бейне-бітімін, кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, пішінін, жүзін, киімін сөзбен суреттеп беру.

1.

Баян



Баян –

сүйіспендікті аңсаған қазақтың қызы. Сұлу, ақылды, сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік. Ол үшін қандай қиыншылық болса да шыдайды. Баян Көрпешті теңім, өзімдей сұлу, ақылды деп сүйеді. Ол өзінің ұнатпаған адамымен күресуге дайын. Қодар қанша қолына түсіремін десе де, түк шығара алмайды. Баянның Қодарға деген өшпенділігі күн сайын өсе береді. Жауына жалынбайды. Оның жауыздығын әрдайым бетіне басады. Баян сүюді мейлінше жоғары санайды. Ол өзінің әкесінің де жауыздығын, өз өмірін азапқа салғандығын да көпшілікке әшкерелеп, әкесінің опасыздығының бетін ашады. Баян – өз махаббатын қорғай білген өжет те қайратты қыз. Ол өз бақытына жетуді, ғашық жарына қосылуды тек армандап қана қоймайды, сол жолда қайрат, қажыр көрсетеді, білек сыбана күреседі. Баян – феодалдық салт - санаға, әке үкіміне наразы. Баянның арманы –Қозы. Қозысыз өмір оған қараң. Қозы өлімінен кейін , сүйгені үшін кек алады. Еркіән махаббаттың тікені – Қодарды өлтіреді. Қозыға арнап биік мұнаралы бейіт орнатады. Өзін де өлімге байлап, жаны бір жарын құшақтап дүние салады.

Бұралған тал шыбықтай Баян қыз,

Тым сұлу көркемдігі жұртқа аян қыз.

(820 )

Тал шыбықтай бұралған өзі керім,

Мінеки, оны айтатын келді жерім.

Қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян,

Сипаты жаннан асқан ол бір серім.

(845-850 )

Тал бойының міні жоқ қолаң шашты,

Шашының ұзындығы тізесін басты.

Гүл төгілер аузынан меруерт тісті,

Ондай жан дүниеде жаралмас-ты

Аппақ керік маңдайы, қылығы наз,

Малың түгіл басыңды берсең де аз.

Сыртынан күлімсіреп сөйлесе де,

Көңілі қош болмайды, баймен араз.

(865)

Аққу құстай жарқылдап оның мойны,

Бұл дүниенің қызығы қылған ойны.

Бұралған тал шыбықтай сұлу Баян,

Іздеусіз қайтіп жатар Баян қойны.

(1275)

Қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян,

Сипаты сұлу Баян сондай ғана!

Көзбен көрмей, ауызбен айтып болмас,

Өзі теңдес адам жоқ оған жолдас.

(1580)

Дидарын көрген адам көзі ұялар,

Жігітті ғашық қылмай, ерікке қоймас,

Мақтауға аузым олақ, айта алмаймын,

Хор қызы кітаптағы ондай болмас.

(1585)

2.

Қозы

Қозы-

Намысты ер. Қарабайдың «жетім ұлға қыз бермеймін» деген қылығы Қозының арына тиеді. Ол ар-намыс үшін қалыңдығын іздеп, атқа мінеді. Қозы жанына қосшы ертуді де өзіне ар санайды. Қозы әуелде ары үшін атқа мініп, тек қалыңдығын іздеуші болса, Баянмен танысқан күннен бастап екеуіәнің арасында шын сүйіспеншілік басталады. Бұрын бір-бірінің сұлулығын сырттан естіп, көрсем деген құмарлық енді ғашықтыққа айналады. Екі жастың қосылуына Қодардың бөгет болуы, қосыла алмай қалудың қаупі екі жастың бір-біріне ынтықтығын бұрынғыдан да күшейте түседі.

Қозы – ақыл иесі, айлалы, әлді де ер етіп суреттейді. Оның көңілі бір ғана Баянда. Ол «шашы күміс, басы алтын» хор қызына да өзінің сүйгенін айырбастамақ емес. Аңсары – бір ынтық жары ғана. Қозы сүйгені Баянға қосылу үшін нендей қиындықтарға болсын бел байлайды. Ол анасының барма деген сөзіне мойын бұрмайды, мал-дәулетінің иесіз қалып бара жатқанына да қарамайды. Ол бар қиындықты айласымен, ақылымен, ерлігімен жеңеді.

Қозы – жаны адал, арамдықтан аулақ, пейілі кең, сенгіш, сөзіне берік.Тілегі Қозыда болған халық оның бойына зор күш, батырлық сипат берген.

Ақымақ шал иесіз үйге кіріп келсе,

Жөргекте Қозы жатыр айдай болып.

(270)

Өсіпсің, кішкене едің, Қозым дардай,

Қайратың басым еді, шығара алмай.

(1240)

Некелеп, адал жарым деп жүріпті,

Аңдып жүрген дұшпан деп сақ жүріпті.

Күндіз тазша, ал түнде Қозы болып,

Тым болмаса бір жылдан көп жүріпті.

(1865)

Қозы мерген садақпен қуда атады,

Жазым болса орнында суда атады.

Желінің құлаш-құлаш қазығы бар,

Бармағымен басып-ақ зымыратады.

(155-2120)

Қозының қайратына жұрт таң қалды,

Қайраттанып жылқыға жетіп барды.

Құйрығына қол тисе алып келіп,

Бар асауды көгендеп тізіп салды.

(2125)

Қозыкең мұны естіп жетіп барды,

Қодардың жауырынан ұстап алды.

Қодар да, аянбай-ақ тартысса да,

Ала белдеу байталдан жұлып алды.

(2035)

Қозы да шаттанады осы сөзге,

Екі месті тауысты көрер көзге.

Жайылды көп ішкен соң өне бойға,

Көгеріп, түсі кетіп болады өзге.

(2230)

Ер Қозы досы үшін көп қамықты,

Қорықпайды тірі жаннан өзі мықты.

«Қодарды мен көрейін, өлтіремін»,-деп,

Аңыратып бір белеске келіп шықты.

(2525)

Сол кездегі жандардан Қозы мықты,

Қодар көріп қаша алмай көп ұйлықты.

«Әй, бәлем, сенің ызаң өтті ғой,» - деп,

Дәлдеп тұрып кеудеден атып жықты.

(2535)

3.



Қарабай


Қарабай тамаша шебер жасалған образ. Оның образында сараңдық пен баласына мейірімсіздікті бірдей көреміз.

Қарабай – ниеті бұзық, мейірімсіз. Малдан басқа ешнәрсені көрмейтін, бар қызық, бар адамгершілік тек малда ғана деп ұғатын қазақтың байларының мінез-құлқы Қарабайдың басынан табылғандай. Олар баю жолында қандай сұрқиялықтан да жеріген жоқ, бар мақсаты халықты қанап, баю болды.

Қарабай ең алдымен сараң. Оның жаны – мал, 90 мың жылқысы болса да, ажалынан өлмесе, өз қолынан тышқан мұрнын қанатқысы келмейді.Қарабайдың мейірімсіздігі тек бөтенге ғана емес, ол өзінің үй ішінде де сондай. Өмірі бала көрмеген Қарабайдан «Әйелің қыз тапты» деп сақау қатын сүйінші сұрағанда, оның басын жарады. Малымды шөлден аман алып қалсаң, жалғыз қызым Баянды беремін деп, Қодарға уәде береді.

Қарабайда аталық махаббат, мейірбандық жоқ. Баянды балам деп қарамайды, оның жылағанына қайғырмайды. Бар арманы – шөлден малын аман алып шығу.Бұл үшін жалғыз қызын құрбан етеді. Қарабайдың елін тастай көшуі де малымен байланысты. Ел де, туған-туысқан да, зарлаған қыз, жылаған әйелдер де Қарабайға тоқтау сала алмайды. Байлықтан басқа нәрсені ол көрмейді.

Келгенін Балталыға халық көрді,

Сән-тұрманы өзгеден артық еді.

Жүз кісі Тайлақ би мен ел кеп еді,

Қарабай тоқсан мыңнан түк бермеді.

(30)

Көңілімді мыңмен санға баламаймын,

Пенденің ілігіне жарамаймын.

Келгенше сексен үшке сүйері жоқ,

Үмітсіз дүниеден Қарабаймын.

(70)

Саған айтпай сөзімді кімге айтайын,

Ұялмай үйге қайтіп бос қайтайын.

Өлсем де, атып берші, бір тояйын,

Мағшардағы кінәсін мен тартайын!

(125)

Қасында Сарыбайға қарамайды,

Қарбаң-құрбаң маралға жетіп барды.

Адамнан ақымақ туған хан Қарекең,

Маралдың жаны шықпай ішін жарды.

(140)

Пейілін Қарабайдың құдай алып,

Кәпірдің мінезіне жан таң қалып.

Қан болып сақал-мұрты қайтып келді,

Өзі атқандай мақтанып, саңылауланып.

(150)

Қыртысым сүймегенде шөл арықпын,

Өзім деген кісіге тас бұлақпын.

(175)

Маралды егіз қодығымен теңдеп алып,

Достысын бек сөйлескен кетті тастап.

(185)

Жаман сөзді естісем, ішім күйер,

Жақсы сөзді естісем, денем сүйер.

Былшылдама сақауым к... қыс, сегіз өрме бұзау тіс қамшым тиер.

(230)

Қайтейін, мінезіңді шайтан бұзған,

Кісі едің шайтан бұзған, құдай ұрған.

(585)

Көңілімді мың санға баламаймын,

Бенденің ілігіне жарамаймын.

Су аяғы құрдымнан қашып жүрген,

Алла тағала қаңғыртқан Қарабаймын.

(735)

Ұнамаған адамға шөл арықпын,

Қулық қылған кісіге қас шұнақпын.

Қылап қып уағыдамды не ғылайын,

Серттен тайман, қызымды берер-ақпын.

(765)

Қор атаң ақылы жоқ өрге қашты,

«Қызымды жетім ұлға бермеймін», - деп!

(1245)

4.

Қодар

Қара күш пен озбырлықтың өкілі. Олар өзінен басқаны адам, не онда сезім бар деп ұқпайды. Біреу малына, біреу күшіне сеніп, ең қымбатты нәрсені өз меншігі етуге тырысты. Қодар тек күш иесі ғана емес, қайырымсыз, қара жүрек. Өзінен басқа да сезім бар, сүйетін жүрек бар деп құпаушылығында. Баян оған тимейтінін, Қозыны сүйетіндігін білдірсе де, Қодар мұны түсінбейді, өзінің қара ниетін орындауды ғана ойлап, өңменін соза береді.

Ол күші қанша болса да, қоян жүрек қорқақ, жауына жар астынан ғана бұқпақтап шабуыл жасайтын жан. Қодар – жамандықты ғана ойлайтын, өмірі басқаға кеселдік жасаумен өткен, мейірімсіз, қатал, жастардың сүйіспендігіне кесел келтірушілердің өкілі.

Қодар ткүшін әлсіздерге жұмсайды. Әлі келгенді құл етіп, мал соңына салады. Оның күші халық батырларындай елі үшін емес, елдің ынтымақ-бірлігін сақтау, әділдік жолына емес, қиянат пен зорлық жасау үшін жұмсалады.

Жамағат, осы сөздің бәрі де рас,

Ерлігі асқан Қодардың о да бір мас.

Мақтаулы қазақ аты көтере алмас,

Астында бедеуі бар алты құлаш.

(725)

Сол күндегі жандардан Қодар епті,

Уағыда қылған сертіне анық жетті.

Жанды аямай қимылды қылып-қылып,

Неғылса сол Бетпақтан алып өтті.

(790)

Мұны құдай жаратқан сонша зор қып,

Анық он кез өзінің бойы бар-ды.

(805)

Тоқсан мыңды неғылса қондырды тез,

Әдебі жоқ, мінез жоқ Қодардан без.

Кәпірдің денесінің бәрі де артық,

Жалпағы жауырынының үш жарым кез.

(810)

Қодардың өзі дардай, сөзі дардай,

Жүреді жанның бәрін көзіне алмай.

Өзінің денесінің молын қара,

Сыңар ғана жұдырығы қол ағаштай.

(815)

Өтірік қосқан емес осы сөздер,

Ұзыны жауырынының алты қарыс.

(820)

Тартынбас әр нәрседен Қодар тайып,

Естісе бұл сөзіңді үлкен айып.

Қодардың атасы жел, анасы жел,

Кез болған бар далада өзі ғайып.

(970)

Кәпір Қодар бір тау ғой кім таласар,

Денесін көрген жанның қаны қашар.

(1085)

Жылқыға тіпті жайлы, Қодар маман,

Сырт дұшпан бата алмайды, бұл бір қабан.

(1980)

Қодекең етіп білді осы халді,

Іші күйіп, кәпірдің басы айналды.

Артын түйсе қапталы быт-шыт болып,

Бармақ етін тісімен жұлып алды.

(2250)

5.

Ай, Таңсық

Қарабайдың асырап алған қыздары. Өгей, қатал әкенің қыңырлық мінездеріне қарсы. Көз жасы мен аяулы әндері ғана бар. Қарабайдың қарауында жүріп бақытты бола алмайтындығына көздері анық жеткен екі ару Баян мен Қозының тілегін тілейді.Қолдарынан келгенше екеуіне жәрдемдеседі. Ол екеуі Қозы мен Баянға жан ашыр, дос бейнесінде суреттелген. Олардың бар тілеуі соларда. «Жетім ұлға қызымды бермеймін»,- деп, Қарабай қаша көшкенде, амалсыз бірге кеткен Ай мен Таңсық елін, жерін қимай зар төгеді.Жерін тастай көшкен өгей әке Өарабайға наразы. Бірақ қолдарынан келері жоқ. Әйтсе де, өз елінен кетерде, Туған жерінің топырағын басып тұрып, Қозы ер жетіп, Баян бой жетіп, бірін – бірі іздеп табар күн болса, олардың қосылуына көмектесугесер беріп, уәде етеді. Сол жолда бастарын бәйгеге тігуге әзірліктерін білдіреді. Бұл – апасының сіңлісіне, сіңлісінің болашақ жарына деген туыстық борышын атқару тілегінің бір көрінісі. Олар сол айтқан тілек-ниетін іс жүзінде орындап шығады. Қозы мен баянның қосылуына көмектесуші де, олардың аз күн бірге қызық көруіне себепші де – Ай мен Таңсық. Сол үшін халық оларды жақсы көреді.



Апасы - ақ Баянның ару Таңсық,

Туған қыз тұрған кезде өмір қаңсып.

Шынардың шыбығындай ширатылып,

Қос өрім өстің, өксіп, суда шалшық.

Оқ тескен көкірегің ақбөкендей,

Еңсеңді езіп еді заман шаншып.

Ардақты бүгін атың, арманың жоқ,

Батпақтан батыр заман алғанда аршып.

С. Бегалин «Таңсық»

Жөнелді сонда екі қыз белін буып,

Тым сұлу көркемдігі айдай болып.

Көшіне жылай-жылай әрең жетті,

Жылаған жасы атының жалын жуып.

(670)



6.



Мамабике

Қозының шешесі. Ақылды, байсалды. Өз дәуірі, өз ортасына тән ақыл ойы, дүние танушылығы бар, болғанға берік, саналы әйел. Сарыбайдың өлімін естігенде де асқан төзімділікпен баласының болашағын тілеп, жақсылықты алдан күтеді. Жалғыз баланың тастап кетуі де анаға қанша ауыр тисе де, бұл оның қабырғасын күйретсе де асқан төзімділік көрсетеді. Ана поэмада тек ақылды, саналы, байсалдылығы жағынан ғана емес, баласына деген ананың махаббат, сезім дүниесі жағынан да суреттеледі. Ұлының тоқтамайтындығын білгесін, жақсы тілек тілеп қала береді.




-Шырағым, қартайғанда сені көрдім,

«Тоқтар» , -деп уайым ғып айтып едім.

Қапы қалма, шырағым, дұшпаның көп,

Жолың болсын, бар енді, рұқсат бердім!

(1370)

Қозыкең түзде жүдеп жатыр ғой деп,

Үйінде шешесінің түсіне енген.

«құдая, ер Қозының жолын қыл!»- деп,

Баршасы көп зарланып қылған аза.

Құдайым құр тастамас, сірә, көпті,

Дұға қылып тасаттық тарап кетті.

(1500)

Жылама, батыр Тайлақ, сен де өлерсің,

Алладан тағдыр келсе, жөнелерсің.

Өзі беріп, өзі алған арманы жоқ,

Машғардан имандыма кез келерсің.

7.

Айбас

Жырда Қозы мен Баянға тілеулес, ыңғай қол ұшын беріп, жәрдем етіп отыратын жандар бар.Ол – Айбас

Ол әділдікті жақтайды, соған қызмет етеді, абзал, асыл махаббатты биік санайды.

Айырылмас достықты қадірлейді.Сондықтан да ол Қозы мен Баян жағында.

Айбас Қозыны Баянмен

табыстырады.Осы жолда кісілік те, елдік те танытады. Жырда ол

ізгілік , әділдік жолында күресуші болып көрінеді.


Осындай болса керек ердің ері,

Жаңа бір таңдайтұғын келді жері.

Елінен намыс үшін іздеп шықты,

Тайлақтың кенже інісі Айбас сері.

(920)

Қараңыз ер Айбастың қылған ісін,

Бойында аямайды қуат күшін.

Туысқан, туғаны, жақыны емес,

Іздейді жетім ұлдың хақысы үшін.

(930)

Астында Қодар жатып бақырады,

Күндей болып, күркіреп ақырады.

Айбастың тізесіне шыдай алмай,

«Біздің тоқсан қайда?», -деп шақырады.

(1120)

8.



Сарыбай

Жомарт Сарыбай қойшының сыбағасын тоғыз қылып, сый-сияпатпен қайтарады.

Балталы – Бағаналы елі Сарыбайға риза болып, оны өз елінің қадірлі адамы етіп таниды.

Ақ көңіл Сарыбай өзінің ұлын көрместен буаз маралды Қарабайдың тілегі бойынша атқаны үшін қарғыс қаза табады.

Мен тұрмын бұл сөзімді сынай алмай,

Маралға қызығасың тілімді алмай.

Тағы да бір бұйрықты аң кез келмей ме?

Атуға қорқып тұрмын қолым бармай.

(125)

Келімсек төре хан болып,

Балталының халқына.

Өрісі толып малына ай-ау,

Қазынасы толған алтынға.

(390)

Үйіңе, құдай оңдап, қыдыр қонар,

Бір достым бек сөйлескен сендей болар.

Бұл марал буаз екен, тіпті атпаймын,

Келінің екі қабат кесел болар.

(120)




16.

Аннотация

(қысқаша мазмұн) - кітаптың, жеке мақаланың мазмұнын, идеясын, қажетті пікірлерді қысқаша жазып түсіндіретін әдіс.


Жанақ ақынның жырлаған варианты бойынша

Он сан Ормамбет елінде Қарабай және Сарыбай дейтін екі бай болады. Қарабайдың тегі – түрікпен, Сарыбайдың тегі – ноғайлы. Қарабай мен Сарыбай Балталы, Бағаналы еліне көшіп келеді. Балталының елі, оның биі Тайлақ бұларға ерулік беріп, жақсы құрметтейді. Бірақ дүниеқор Қарабай Балталыға көмек беруге жарамайды. Жомарт Сарыбай қойшының сыбағасын тоғыз қылып, сый-сыйпатпен қайтарады. Балталы, Бағаналы елі Сарыбайға риза болып, оны өз елінің қадірлі азаматы етіп таниды. Сарыбай мен Қарабай аңда жүріп дос болады. Екеуі де перзентсіз екен. Достық белгісі үшін екі бай іштегі жатқан екі баласын бір-біріне қосып, белқұда болады. Сарыбай өзінің ұлын көрместен буаз маралды Қарабай тілегі бойынша атқаны үшін қарғыс қаза табады. Қарабай «Жетім ұлға қызымды бермеймін » депбұзыла көшеді. Антын жұтады. Жолай шөлдлен жылқысын өткізе алмай, сандалған жерінде Қодар ұшырасып, құдық қазып, Қарабайдың 90 мың жылқысын қырғыннан құтқарып, Аягөзге жеткізеді. Осының есесіне Қарабай Баянды Қодарға қоспақ болып серт береді. Бірақ Баян оны сүймейді.

Қозы ер жете бастаған соң, Тайлақ бидің інісі Айбас Қарабайдың қыз бермей кеткеніне арланып, Баянды іздеп шығады. Қыздың сәлемдемесін алып, Қозыға Баянның ғашықтығын мәлім етеді. Қозы ел – жұрты Балталымен қоштасып, мал-жанын Тайлақ биге тапсырып, Аягөзге барады. Елеусіз Тазша болып, қой бағып жүріп, Баянмен қосылады. Аңдушы кемпір осы сырды біліп, Қодарға айтады. Қодар мен Қарабай сол елдің жауыз биі Сасанмен ақылдасып, Қозыны тойға шақырып, оған у береді. Бірақ Баянның апалары – Ай мен Таңсық Қозының қашып құтылуына жәрдем істейді. Баянға ғашық болған тоқсан жігіттің бірі Көсемсары еді. Ол Қодарға сиыса алмаған соң, Шоқтеректе жатқан Қозыға келіп, екеуі дос болады. Баян күнде қыз апасын жұмсап, Қозыдан хабар алып тұрады. Қодар Шоқтерекке ұрланып келіп, ұйықтап жатқан Көсемсарыны Қозы деп өлтіреді. Бұл кезде Қозы түлкі қуып кеткендіктен ажалдан аман қалады. Көқсемсарының өлгенін біліп, Қозы Қодар мен Қарабайды өлтіреді. Ел қорыққаннан Баянды Қозыға қосады. Бұлардан Күлеп дейтін батыр туады.





17.

Жырдың тілі, құрылысы,

өлшемі

Жырдың тілі ескі, халық тілі.

Қара өлеңмен айтылады.

Жеті буынды жыр Жанақ нұсқасында екі жерде кездеседі(Қозының зары, Тазшаның Сарыбайдың өлімін естіртуі).

Рулық диалект «лы» жұрнағы араласып келеді.

Мысалы: Мекен іздеп жігіттер кел-кетелі,

Көк төбенің ортасын белгі етелі.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының 20 астам нұсқасы бар.

Жырдың ғибрат беру сарыны күшті, өмірдің нағыз шындығы, қайшылығы, жауыздық пен әділет дүниесінің тартысы суреттеледі, көшпелі ел тұрмысының тағылық, өрескел салтын сынау бар.



Жоспар

Композициялық жоспар

Тезистік жоспар

Қысқа жоспар


Шығарманың өн бойы: басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі композицияны құрайды.

Мазмұндық жоспар.


І. Қарабай мен

Сарыбайдың достығы
ІІ. Қасиетке қол

жұмсап, ажал құшу.
ІІІ. Уәдесін жұтқан –

Қарабай
ІҮ. Мал үшін Қодарға

атастырылған Баян
Ү. Қалыңдығын іздеп

шыққан Қозы
ҮІ. Керуеншінің көмегі.
ҮІІ. Тазша кейпіндегі

Қозы.
ҮІІІ. Адал махаббаттың

жоқшылары
ІХ. Зұлымдықтың

жоқшылары
Х. Көсемсарының

ажалы
ХІ. Қодардың өлімі
ХІІ. Қуаныш
ХІІІ. Бірге соғып, бірге

өшкен қос жүрек.



Оқиғаның басталуы:

Аңға шыққан Қарабай мен Сарыбай
Оқиғаның байланысы:

Екі байдың достығы
Оқиғаның дамуы:

Сарыбайдың ажалы
Оқиғаның шиеленісуі:

  1. Уәдесін жұтқан Қарабай

  2. Мал үшін Қодарға атастырылған Баян

  3. Қалыңдығын іздеп шыққан Қозы


Оқиғаның шарықтау шегі:

Көсемсарының ажалы
Оқиғаның шешімі: Қодардың өлімі

Қуаныш



  1. Аңға шыққан Қарабай мен Сарыбай

  2. Екі байдың достығы

  3. Ежеқабыл дәтүрі бойынша бел құда болған достар

  4. Қарабайдың буаз маралды ат деп қыстауы.

  5. Қасиетке қол жұмсаған Сарыбайдың ажалы.

  6. Тазшаның Сарыбай ханның өлімін естіртуі.

  7. Би сайланған Тайлақ.

  8. Қозыға Баянды айттырып, құда түсуі.

  9. Қызыл тақия қанға боялған құдалар.

  10. Қарабайдың Сарыбай ханның дұғасына бармақшы болып жиналуы.

  11. Жөргектегі айдай Қозыдан шошынып, қашуы.

  12. Үдере көшкен Қарабай.

  13. Ай мен Таңсықтың ел мен жермен қимай қоштасуы.

  14. Жұтқа ұшыраған Қарабай.

  15. Малын жұттан құтқарған Қодар.

  16. Есесіне Баян қызды сұраған Қодар.

  17. Ер жеткен Қозыға Айбастың Баян туралы айтуы.

  18. Іздеп барған Айбас, сәлемдеме берген қыз.

  19. Қозының Баянды іздеп алыс сапарға шығуы.

  20. Арып, тозған Қозыға анасы берген тасаттықтың көмегі.

  21. Тазша кейпіне кірген Қозы.

  22. Екі ғашықтың тілеулестері арқылы бірге қызық өмір кешуі.

  23. Жасырын туған бала – Күлеп.

  24. Сезіктенген Қодардың Көсемсарыны өлтіруі.

  25. Қозы ажалы.

  26. Баянның қайғысы, Моласының басында қаза табуы.

  27. Екі моланың арасына өскен қызыл гүлдің ортасындағы тікен

ІІІ Қорытынды бөлім

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» өткен дәуірдегі жастардың бастарында болған қайғылы да қуанышты халдарды көрсету арқылы үстемдік етуші феодал тобының өкілдері сол ортаның салдарынан туған қатал мінездерді көрсетеді.Жұртшылықтың ой-сезімін арманда кеткен Қозы мен Баянды аяушылыққа жетектеп, олардың махаббаттарының айырылуына себеп болған Қарабай мен Қодар өз сыбағаларын өмірден алады. Олардың екеуінде ұнамсыз, қатал, мейірімсіз, баққұмар, өзімшіл, күншілтірізді міне-құлықтардан кейінгі ұрпақтардың аулақ болуын, сондай жексұрын болмауын көксейді. Поэма өзінің мазмұнымен қатар тіл көркемдігімен де құнды. Бұл жырдан біз көп тәлім-тәрбие аламыз. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» өткен заманнан бізге жеткен құнды, асыл мұраның бірі.

Жырдың сан алуан нұсқаларын сөз еткенде, біз қай айтушы қандай өзгерістер енгізеді, оның ерекшелігі қайсы, сол сюжеттердің өзара айырмашылығы неде деген сауалдарға жауап іздейміз.

«Қозы Көрпеш» жырының варианттарын сюжетіне қарай үш түрлі салаға жіктеуге болады:

  1. Мұнда жырдың көпшілік сюжеті трагедиялы болып келеді. Оған Шоқан – Жанақ, Березин, Пушкин, Чеканский, Кастанье, Машанов, Тверитин, Әбенов, Жылқайдаров, Батырханов, Дербісалин, Ұлғашев нұсқалары, барыбы, башқұр, ұйғыр тіліндегі, тағы басқа бірнеше ұсақ кестелер жатады.

  2. Жырдың бұл саласында трагедиялық аяқтама жоқ. Оларда Қозы мен Баян феодалдық қоғам жағдайында өздерінің армандарына жетеді. Бұл - В.В. Радлов пен Бейсембай нұсқасы. В Радлвтың қазақ арасынан жазып алған «Қозы Көрпеш» жыры трагедиясыз болса, барыбы татарларынан жазып алғаны- трагедиялы.

  3. Соңғы салаға жататын нұсқалар - Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында сақтаулы тұрған Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазбалары. Бұл варианттарда Қодар қолынан өлген Қозы кейде отыз бір жыл, кейде жеті ай, енді бірде үш күнге тіріліп, Баянмен уақытша қосылып, біраз өмір сүргеннен соң қайта өледі.

«Қозы Көрпеш» жырының сюжеті қазақ, башқұрт, монғол, якут, ұйғыр, Сібір татарларында бар. Соған қарағанда оны бастапқы ертегілік желісі Алтай, Жетісу жағында, оғыз тайпалары дәуірінде туған ба дейміз. «Қозы»- қой аты емес, «оғыз» түбірінен туған. Монғолдар бұл жырды «Козюке», «Козы Еркеш», «Малшы мерген» десе, ұйғырлар «Бозы Көрпеш» дейді.

Жырдың сюжеті XIX ғасырда жазылып алғандықтан, Онда Қарқаралы, Қараөткел, Баянауыл, Қарасақпай, Аягөз дейтін кейінгі дәуір атаулары да жүр. Сол себепті, жыр VIII-XIX ғасырлар арасындағы қазақ өмірінің көп заманын қамтып, өзінше бір энциклопедияға айналған.

Жырдың түпкі идеясы әйел басындағы теңсіздікпен байланысты болғандықтан, бірінші орынға Қозы емес, Баян образы шығады. Жырдағы Баян бейнесін біз негізінен екі арнада түсінеміз. Бірінде ол- ата-ана салты, ескі қоған дәстүрімен келіспей, өз жүрегінің нәзік сезімін, еркіндігін феодалдық ортадан жоғары ұстағын азайтып, халықтық бейне. Екіншісінде Баян – ескі салтпен ымыраласқан, сол себепті жесір немесе құдалық идеясының жетегінде жүрген пассив образ.

Баян образының ең күшті жағы трагедиялы жырларда десек, оның ең басты қасиеті – азатшылдығы. Қыз басындағы осы жүйені жыр берік махаббат, күшті адамгершілік сезім арқылы гуманизм рухында жырлай білген. Екі дастың махаббаты үнемі дамып, күшейтіп, динамикалық арнада беріледі. Қодар қиянат жасап, Қозыны Шоқтеректе өлтірген сәтте де Баян өзінің сертінен қайтпайды. Жұбатпақ болған әкесіне:

Етегімді жел ашып жүрген емен,

Қозыкеден басқаға күйген емен,

Әке, неке қи – дағы енді өзің ал,

Елден бура салғандай інген емен,-


дейді.

Баянның жарқын мінездері мұнымен де шектелмейді. Ол - өзінің адамдық, сүйіспеншілік сезіміне ажалдан да жоғары қоятын, оған ешбір кір келтірмейтін, халыққа үлгі, идеал болған қыз. Өзінің Қозыға деген адал махаббатын, сол сезімге беріктігін ақырғы рет болса да жақтан қалу үшін Баян Қозы сүйегінің басында антын шешіп, өзіне-өзі қанжар салады.

«Қозы Көрпеш» жырының тарихи мазмұнына сай, оның қайшылықтары да бар. Жырға түрлі ырым- жырымдар мен наным- сенімдер мол енген сондай күрделі қайшылықтардың бірі- Қарабай мен Сарыбай арасындағы «құдалық» шарты.Бесікте жатқан екі сәбиді байлар өзара атастырып, Сарыбай өлген соң бұрынғы бата бұзылып, оқиғаның тартысы басталады. Содан былай Қарабай ақ батаны бұзушы, Қозы мен Баян сол ақ бата үшін күресуші ретінде суреттеледі.

«Қозы Көрпеш» жыры көп заманнан бері келе жатқан сюжет болса да, онда XIX ғасырдың орта кезінде қазақ даласында туған саяси-экономикалық өзгерістердің те таңбасы бар. Соны кейінгі айтушылар құдалық, әмеңгерлік салттарының әсерімен жаңғырта жырлаған.

Жырдың өткір, әлеуметтік тартысына сай сюжеттік құрылысы да көркем әрі қонымды. Трагедиялы жырлардың сюжеті негіщінен үш салаға бөлінеді: а) екі байдың аңға шығып құда болуы, Сарыбай өлген соң Қарабайдың антын бұзвп, көшуі. Бұл тарау жырдың экспозициясы мен байланысына сай; ә) Қозының Баянды іздеп табуы, екеуінің табысуы мен өлімі. Бұл сюжеттің дамуы мен шарықтау шегіне тән; б) Қозы өлген соң Баянның жұртта қалып, Қозы бейітінің басына барып өлуі. Бұл оқиғаның басты шешуі. Жырдың ең басты кейіпкері Баян болатыны да осыдан келіп туады. «Қозы Көрпеш» жыры өзінің тақырыбы жағынан өткен дәуірдің күрделі әлеуметтік проблемасына құрылған мазмұнды, шыншыл проблемалы эпостың бірі. Ол проблема- адам еркіндігі, әйел теңдігі мәселесі. Бұл жырдың өлмейтін көркемдік қасиеті - образдарының қуатында, әсерінде. Баян мен Қозы арасындағы тап теңсіздігі содан туатын жырдың негізгі тартысы қоғам өмірінің ұсақ сыртқы көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын философиясын жинақтайды. Жырдың ең құнды жағы- тіл байлығында. Онда араб-парсы сөздігі мейлінше аз, жыр байырғы халық сөзінің мол лексикалық қорына негізделген. «Қозы Көрпеш» диалекті емес, қазақтың әдеби тіл нормасына жол салған эпостық мұраның бірі. Бұл үлгілердің тілі, өлеңдік кестесі, идеясы қарапайым халыққа жақын, түсінікті.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:




Кітаптың аты

Авторы

баспасы

Мақала аты

Шық-

қан жылы

1.

Шығармалар, мақалалар, зерттеулер жинағы.

11 – том.

М. Әуезов

Жазушы”

Қазақтың лиро-эпостық жырлары

1969 жыл

2.

Әдебиет теориясы

М. Шәбжантайқызы

«Келешек»

баспасы

Көкшетау қаласы

Әдеби терминдер жайлы түсінік

1974 жыл

3.

Қозы Көрпеш – Баян сұлу

М. Жолдасбеков,

С. Қасқабасов

И. Нұрахмет


Фолиант”

Қозы Көрпеш – Баян сұлу жыры

Жанақ нұсқасы

2002 жыл

4.

Сөздер сөйлейді

Р. Сыздықова

«Мектеп» баспасы, Алматы

Мағынасы түсініксіз сөздерге анықтамалық көмек

1980 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет