Тақырыбы: “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” махаббаттың қос шынары Ғылыми бағыты



бет1/8
Дата24.03.2022
өлшемі73,52 Kb.
#28685
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жесткий обзор на козыбаян


Қызылсая орта мектебі
Тақырыбы:

Қозы Көрпеш – Баян сұлу” - махаббаттың қос шынары





Ғылыми бағыты:

Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының



көркемдік ерекшелігі


Орындаған: Қадырова Римма Ерболқызы
Жетекшісі: Бегалина Райхан Тоқсанбайқызы


Жоспар
І. Кіріспе бөлім:

Лиро-эпостық жырлардың көркемдік ерекшелігі
ІІ. Негізгі бөлім:

Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының көркемдік ерекшелігі.


ІІІ. Қорытынды бөлім:


І. Негізгі бөлім:

Ғашықтық жырлардың көркемдік ерекшелігі


  1. Ғашықтық жырлардың өзекті тақырыбы екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет – зары, махаббаты.




  1. Батырлық дастандарда шешуші роль атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт, әдет- ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады. Оларда махаббаттың мәңгілік тақырыбы ерекше түрде жырланады. Бұл ерекшелік рулық қоғамда басым болған әдет-ғұрып пен көшпелі тұрмыс жағдайларына байланысты.




  1. Ғашықтық жырларда образдар реалистік түрде сипатталады.Егер батырлық жырларда батыр бес жасқа келгенде – ақ ерлік жасап жатса, оның образы шындықтан шалғай, шартты түрде алынса, ал ғашықтық жырларда кейіпкерлер өздеріне хас қасиеттерімен көрінеді. Ғашықтық жырларда дастанның оқиғалары мен кейіпкерлердің іс-әрекеттері психологиялық жағынан нанымды да терең мотивировка табады.




  1. Ғашықтық жырларда кейіпкерлердің мінез-құлқы соншалықты айқын да нанымды суреттеледі.

Дастан он бір буынды қара өлең ұйқасымен шығарылған. Бірақ эпикалық баяндау сарынында тұрмыс-салт жырларының үлгілері жиі араласып отырады. Қазақ фольклорының шағын формаларын өз бойына дәл осы дастандай мол жинаған көне шығарма жоқ шығар. Онда үйлену- салт жырларына жататын “жар-жар”да, “қоштасу” да, “естірту” де, “жоқтау” да бар. Бұлардың бәрі-бәрі дастанның сюжеттік желісіне қабыса кірігумен бірге дербес көркем шығармаға тән қасиеттерді де танытады.

Бұл дастан рулық әдет ғұрып жағдайында, соның қатал салты нәтижесінде құрбан болған, сүйіскен жастардың трагедиялы тағдырын жыр етеді. Ол махаббат ештеңеге тәуелсіз, азат сезім екендігін жырлайды, қара түнек өткеннің қатыгездігін, масқара салт-ғұрпын әшкерелейді, жастарды өз бақыты жолында күресе білуге шақырады. Дастанның халықтық қасиеті де осында.

Жырдың негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу. Тілі көркем, сюжеті шебер құрылған. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Бұл жырда Аягөз, Үржар, Лепсі, Қалба тауы т.б. нақты жер-су атауларының кездесуі айқын көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет