Тақырыбы: Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері


Педагогикалық процесте педагог – объект және субъект



бет3/7
Дата15.11.2023
өлшемі4,58 Mb.
#123450
1   2   3   4   5   6   7
Педагогикалық процесте педагог – объект және субъект.
Оқушы да педагогикалық процесте – объект және субъект.
Оқушы
Объект ретінде – педагогикалық мақсаттарға сәйкес түрленетін дербестігі бар.
Субъект ретінде – табиғи қажеттіліктері, нышандары, өз қажеттіліктерін, қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын, ұмтылуларын түрлендіруге, өзгертуге педагогикалық әсерлерді белсенді меңгеруге немесе қарсы тұруға мүмкіндігі бар.
Педагог
Объект ретінде – тәрбиелік әсерлерге түседі және өзін жетілдіріп отырады.
Бұл үшін оған өзінің диалектикалық ойлауын дамыту, өзіне және тәрбиеленушілерге эмоционалдық қатынас жасай білу қабілеттілігі, өз іс-әрекетіне сынай қарай білу қабілеттілігі қалыптасуы керек.
Субъект ретінде – арнайы педагогикалық білім алады, адам тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани-құлықтық белсенді қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады.
Бұл жерде ескеретін нәрсе, оқу-тәрбие процесінің негізі ретінде оқытуда да, тәрбиелеуде де тұлғаның дамуы жүзеге асырылуы қажет.

Педагогикалық процестің құбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері бар. Педагогикалық процестің негізгі белгілері:

1) қос жақты іс-әрекет;
2) өзара байланысты жүреді;
3) мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан түрде жүреді;
4) мақсатқа қол жеткізу формалары мен әдістері арқылы сипатталады.
Қосжақтылық белгісі бойынша:

1- жағы: арнайы дайындалған маман жүргізетін мақсатты педагогикалық іс-әрекет;
2- жағы: тәрбиеленушінің дамуын, өзгеруін негіздейтін белсенді іс-әрекет, яғни оқу немесе оқу-танымдық іс-әрекет.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты.
Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет