Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокиннің «Педагогика» оқулығында педагогикалық процес кандай да біртұтас қасиеттерімен сипатталады:
тәрбие, білім беру, окыту, дамыту процестерін өзара органикалық бірлікте қарастырады
оқыту мен тәрбие әдістерінін бірін- бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі - тұлғаның бәсекеге қабілетті, инновациялық ойлауынын дамуына бағытталған тұжырымдаманы мектептегі педагогикалык процесте жүзеге асыру;
педагогикалық және оқушылар ұжымын тұтас жалпы мектептік ұжымға біріктіреді, тұтас мектеп ұжымы оқушының нәтижеге бағытталып дамуында субъект рөлін атқарады, педагогикалық үдеріске оның тұтастығын қамтамасыз ететін зандылықтары мен ұстанымдары тән», - деген тұжырым жасайды.
Педагогикалық процес - әлеуметтік жүйе.
И.П. Подласый «педагогикалық процес» - әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жұйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады.
Оның барлық кұрамаларының бір мақстақа бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық, бірлік - педагогикалық процестің басты сипаты.
Педагогикалық процестің белгілері мен сапа-қасиеттері:
педагогикалық процес әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен аныкталады;
2) ынтымактастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуынын шарттарын бейнелейді;
3) «ұстаздар-оқушылар»жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процес ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
4) педагогикалык процестің негізгі интегративтік қасиетін әр- түрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының калыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) кайта құру белсенділігімен сипатталады.
Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процес деп атайды.
Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу – оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар коллективі бір жағынан тәрбие обьектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.
Тәрбиенің субьектілері мен обьектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана оң нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.