Оқыту мен тәрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Тәрбие процесі – бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған әлеуметтік ортаның, үй жағдайының, түрлі адамдардың ықпалы ерекше әсер етеді. Сондықтан тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау өте қиын. Мысалы, оқушылардың мінез-құлқындағы адамгершілік сезім мен сенімнің бірлігін тексеруге бола ма? Әрине, тексеру өте қиын, өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан, бүкіл өмірі бойы қалыптасады. Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады. Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы бейтарап реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның нәтижесінде тек қана тұз бен су пайда болады. Оқыту мен тәрбие процестері – оқытудың даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Бұл екі процесс жеке адамды жан-жақты дамытып, қалыптастырудың үстем функциясы болады. Педагогикалық процестің құрылымы: 1.Бірінші- арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық үдерісті жүргізетін маман. 2.Екінші бөлік- шәкірт. Объект және субъект ретінде қаралады.
3.Үшінші бөлік- педагогикалық үдерістің мазмұны. Ол адамның әлеуметтік қарым-қатынасынан туындайды.
4.Төртінші бөлік- педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және басқару компоненті. Педагогика ғылымында қарама — қайшылықтардың ролін XX ғасырдың барлық кезендерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине,оқытудын қарама – қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский)
Кейбір жұмыстарда ұжымынын карама-қайшылығы (Л.И. Новикова) тәрбие процесінің (И.С. Марьенко, Г.И. Щукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев), білім берудің мазмұнындағы қарама -қайшылықтар (Г.И. Батурина) зерттелді.