Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз
атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу
дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала
тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала
жетектеуші мəнін білдіреді.
Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу
болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи
тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның
негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін