Тақырыбы: Проекциялау әдістері №13-14 сабақтар Тақырыбы: Проекциялау әдістері



бет2/4
Дата08.12.2022
өлшемі23,61 Kb.
#55797
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
14 Сабақты жоспарлау (1)

Нені білу керек;



«Проекциялау» ұғымы, әртүрлі проекциялау әдістерінің түрлері мен ерекшеліктері; екі және үш жазықтыққа тік бұрыштап проекциялауды құру принциптері.



Оқулық материалына сүйене отырып және денелер туралы геометрия курсының білімін қолдана отырып, көпжақтар мен айналу денелерінің төбелері, қырлары мен жақтарының проекциясы сызбада қалай көрінетінін анықтау.



Негізгі және басқа да көріністерідің анықтамаларын, көріністерді орындау және ресімдеу ережелерін; проекциялық байланыста және одан тыс орналасқан симметриялы және симметриялы емес нәрселердің түрлері.



Нені үйрену керек:



Проекциялау түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, проекциялау әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау; тікбұрышты және аксонометриялық проекцияларда нүктенің, сызықтың және жазық фигураның кесіндісінің бейнесін салу.



Қарапайым геометриялық денелердің сызбаларын сызу және оқу;
геометриялық денелерді немесе олардың бөліктерін оқшаулау арқылы күрделі нәрселердің құрамын талдау.



Негізгі көрініс үшін проекциялау бағытын таңдау дағдыларын меңгеру, көріністердің қажетті санын орындау; көрнекі сурет бойынша сызбаны құруды үйрену.



Сағат саны:



2 сағат

2 сағат

2 сағат.

Жаңа материалды түсіндіру:



Сабаққа тікбұрышты изометрия мен диметрияда, перспективада қарапайым нәрсенің бейнесі бар көрнекі материал дайындаңыз. Оқушыларға тақырыпқа сәйкес сұрақ қою:
- қандай сурет нәрсе туралы ең көрнекі түсінік береді деп ойлайсыз?
- қандай сурет нәрсенің өлшемдері туралы толық түсінік береді?
Суреттердің ешқайсысы заттың өлшемдерін анықтауға мүмкіндік бермейтінін біліп, Гаспар Монж ұсынған проекциялау әдісіне көшу керек.
Оқушыларды объектіні бір жазықтыққа проекциялаумен таныстыру және проекция жазықтықтарына қатысты әртүрлі позицияларында нүктелер, түзу кесінділері мен қырлардың бейнелену ерекшеліктерін анықтау.



Сабаққа толық және қиық, дұрыс және бұрыс, тік және көлбеу геометриялық денелердің суретті бар көрнекі материал дайындаңыз. Әңгімені ұйымдастыру ( 5.2 және 5.3 ЭҚ слайдтарын қолдана отырып)

  • Слайдта не бейнеленген? Геометриялық денелерге анықтама беріңіз.

  • Көпжақтар, айналу денелері қандай бөліктерден тұрады?

Оқушылардың денелер туралы не білетінін анықтау, материалды түсіндіруге көшу, денелердің өлшемдері қандай параметрлермен анықталатынына назар аудару. Табиғаттағы, техникадағы, архитектурадағы көпжақтар мен айналу денелеріне ерекше назар аудару керек.



Бөлшектердің модельдерін немесе нәрселердің суреттері бар слайдтарды алдын-ала дайындау ұсынылады, олардың пішінін анықтау үшін бірнеше негізгі көріністер, қосымша және жергілікті көріністер қажет. Оқушыларды кейде нәрсенің пішінін түсіну үшін 2-3 көрініс жеткіліксіз деген ойға жетелейтін әңгіме ұйымдастыруға болады.
Оқушыларды оқулық көлеміндегі негізгі және басқа көріністермен таныстыру. Негізгі назар проекциялық байланыс және одан тыс орындалған көріністердің рәсімделуіне аударылуы керек. Оқушыларға қосымша және жергілікті көрініс белгілеу ережелерін тұжырымдауды, олардың арасындағы айырмашылықты өз бетінше анықтауды ұсынуға болады, бұл олардың тақырып бойынша білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет