Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ӨСОЖ
Тақырыбы: ҚР сот билігі: тарихы,жай-күйі және болашағы.
Пәні:Құқық қорғау органдары
Орындаған:Дильжанова Мунира
Тобы:Құқықтану-103
Тексерген:Мурсалова Л.А
Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі.
Құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.
Қазақстан Республикасында билік біртұтас, дегенмен ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара әрекет жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады.
Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей: «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады және оның мақсаты мен міндеті азаматтар мен ұйымдардьтң құқықтары мен бостандықтарын ... қорғау...» - деп көрсетілген. Демек бұдан былай сот әрбір азаматтың құқығын қорғайтын билік деп көрсетудің түпкі мәні терең де, ақиқат екендігі даусыз. Заң тілімен айтканда, азаматгық кодекстің 9-бабында: «Азаматтық құқықтарды қорғауды сот... жүзеге асырады», - делінген.
ҚР Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2009 жылғы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Жолдауында «Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту» бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі – ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек.
Сот билігінің негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қайтару, құқықтық тәртіпті және заңды бұзғандарды жазалау.
Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай- ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкілеттілігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тиым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттілігін немесе сот билігі функцияларына иеленуге құқығы жоқ.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымдық немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |