1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар



Дата06.04.2022
өлшемі21,31 Kb.
#30088

Жарғы

Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын съезд қабылдайды және бекітеді. Жарғы міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Құжаттар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұхсат беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді. Жарғының негізгі деректемесі – мәтін. Жарғыда ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мекен- жайы, қызметінің мақсаты мен мәні, еңбек ұжымының мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, басқару мен бақылау органдары, дауларды шешу, есепке алу және есеп беру т.б. мәліметтер берілуі тиіс.

Жарғыда негізінде мекеменің құрылымдық жүйесі мен жұмысшылар саны анықталады. Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі. Онда құрылымдық бөлімшелердің құқықтық жағдайын айқындайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін бағыттағы Ереже жасалады. Жұмысшылардың еңбегін ұымдастыру мекеме әкімшілігінің міндеттеріне жатады және ол ішкі тәртіп ережелерінен көрініс табады.

Ішкі тәртіп ережесінің мәтінін мекеме әкімшілігі кәсіподақ қызметкерлерімен бірлесе отырып жазады. Ол еңбек ұжымында өткізілетін жалпы мәжілісте талқыланып, соңынан мекеме жетекшісі бекітеді.

Кейбір мекемелерде қызметкерлер құқығы жайында ережелер болады. Онда қызметкерлердің мекемемен жұмыс барысындағы құқықтық қарым-қатынасын, мекеме жетекшісі мен қызметкерлердің құқықтық қарым-қатынастары және т.б. мәселелер жазылады. Қызметтік құсқаулар мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайды.


1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

2-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыздар.

1.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ұйымдастыру, кәсіпорын жарғысы, заңды тұлға, құқықтық нысан, құрылу.

2. жарғысымен танысу, акционерлік қоғамы, Үлбі металллургиялық зауыты


3-тапсырма. Мына термин сөздерге түсініктеме беріңіздер.


Жарғы, жарғы капиталы, кәсіпорын жарғысы, акционерлік қоғам, жарғы құжаты, мекеме әкімшілігі



4-тапсырма. Мына сөздердің жұмсалу мағынасына мән беріңіздер.

Жарғы-Жеті жарғы-жарғыға қол қою



5-тапсырма. Кестені мәтін бойынша толықтырыңыздар.


Сұрақтар

Жауаптар

1.Жарғы дегеніміз не?

2. Жарғыны кім бекітеді?

3. Жарғыны кім қабылдайды?

4.Жарғы құжатының құрылымы қандай болады?

5.Жеті Жарғы түсінігі қашан пайда болды?

6.Жеті жарғының қазіргі мәні қандай?



1._______________________________

2.________________________________

3.______________________________

4.______________________________

5._______________________________

6.______________________________




6-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыздар.

Осы Жарғы кәсіпорынның (бұдан әрі – Кәсіпорын) құқықтық мәртебесін анықтайды және құрылтайшылық құжаты болып табылады

Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және Жарғыны басшылыққа алады.

7-тапсырма. Бақылау сұрақтары.


  1. Жарғы құжатында жиі қолданылатын негізгі сөздерді атаңыз.

  2. Жарғы үшін қандай мәліметтер қажет?

  3. Жарғы қалай және кім арқылы бекітіледі?

  4. Құрылымдық бөлімшелердің құқықтығын айқындайтын, жауапкершілік

қызмет - міндеттерін қалай белгілейді?

5. Мекемелерде қызметкерлер құқықтарын қалай айқындайды?


Есте сақтаңыз!

8-тапсырма. Жарғы құрылымы немесе оған қажетті мәліметтерді іс қағаздар үлгісінде пайдаланыңыз.

1.Жалпы ережелері

2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

3. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары, міндеттері және түрлері

4. Кәсіпорынды жинақтау тәртібі

5. Кәсіпорында білім беру процесін ұйымдастыру

6. Ақылы қызмет көрсету тәртібі

7. Кәсіпорын мүлкі мен қаражаттары

8. Кәсіпорынды басқару

9. Еңбек ұжымының мүшелері олардың құқықтары мен міндеттері.

10. Кәсіпорынның қаржы қызметі

11. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, жұмыс тәртібі

12. Кәсіпорынның жауапкершілігі

13. Халықаралық ынтымақтастық.



14. Кәсіпорын Жарғысын өзгерту тәртібі

15. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет