суреттейді. Оның қай туындысын алып қарасақ та, тақырып мазмұны кең ашылып, оқырман түйсігіне жетеді. Артықшылығы сол көңілді баурап алар жеңіл ирония да, зілді кекесінмен әжуалау да табылады. Жазушының шығармашылық шеберлігін көрсету үшін оның барлық туындыларын жіпке тізіп, талдап- таразылау шарт емес. Мейіріңді қандыратын бұлақ суының қасиетін білу үшін дәмін татып көру де жеткілікті
Рахымжан Отарбаев проза, драма жанрларында қалам тербегені белгілі. Әсіресе оның әңгімелерінің орны бөлек, новеллаларын оқи отырып бұған көзіміз жете түседі. Себебі көлеміне қарап, әңгіме жазуды оңай іс деп бағалау дұрыс емес. Шағын оқиға барысында әр кейіпкердің психологииялық келбетін ашып, мінез-құлқын бере білу; аз сөзбен-ақ қоғамдық мәселені қозғап, тағылым аларлықтай ой тастау-әңгіме жазған күннің өзінде көлденең жүрген көк аттыға іліне бермейтін дүние
Ал Р.Отар ізгі нысан етіп аңшыны алады. Аңға шығайын деп отырған кезінде бір досы келеді. «Америкада өндіріс орындары, зауыттар қаптап, жер жетпегендіктен шибөрілерді Африка мен Азияға, соның ішінде Қазақстанға да әкеліп тастаған»,- деп соғады. Осы кезде аңшының далада кетіп бара жатып бір тайыншаны екі шибөрі талап жатқанын көріп, оның үстіне «малымызды ит-құс қырып жатыр» деген арыз армандарын есіткенде, екеуін атып, тайыншаны арашалап алғаны ойына сап ете қалады. Африкадағы зәңгілер шибөрілерді қуып жүріп өлтіріп, артынан Америка оларды жазалағанын мысалға келтіреді. «Ендігі кезек бізге де келуі мүмкін» деген кезде, аңғал қазақ қатты сасып