қара дауылдай көк көз қожайын мен еркекшора қыз дегеніне жетті. Әлиманы о дүниеге
аттандырып, Дәуренді тырп еткізбей бұйдалап алды. Сөйтіп, қаламгер қазіргі өмірімізде, қоғамда
орын алып отырған осындай келеңсіз жайтты әшкерелейді. «Дәл неке қияр сәтте аспанға көтеріліп
кеткен ақ нұр Дәурен басқа жан баласына көрінбей, судағы бейнедей сырғанап кеп Сырғалы екеуінің
ортасына түсе берген. Бұл жолы мұңайып та, кінәлап та қарамады. Тұнжыр тартқан жанарында
баяғы үміт оты өшіп, үрей менмазасыздық шүпілдеп тұрды», – дейді автор.
Ақ нұр боп аспанға көтерілген бейкүнә Әлиманың ақ
періштесі ғой. Дүниені уысында ұстап, байлыққа
мастанғандар үшін адалдық, жан тазалығы, кіршіксіз
махаббат, пәктік деген қасиетті ұғымдардың құны көк
тиын екен. Тып-типыл ғып, таптап жүре берді. Жазушы
тағы да: «... бір шөкім ақ көбелек... қалт-құлт, қалт-құлт
ұшып байыз табар емес. Көз алды бұлдырап, ақ гүлдер
жауып кетті... Ес-түзсіз талып құлаған... Содан бері
түсінде ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп, аңқасы
кеуіп оянады» дейді. Басқа амалы бар ма?! Сағымға айналған
аппақ армандар-ай деп жаның жаншыла сен де күрсінесің.
Қолына келгенін қонышынан басатын қу заманға налисың...
Рахымжан Отарбаевтың кез келген туындысын алып, зер
салып қарар болсақ, қазақтың болмысы, мінезі, әлемдік
мәселелерге қазақы көзқарас үндесіп келіп шешімін табатындай.
Жаңашылдығының бір сарыны да осында жатыр. Бейбіт заманда
өмір сүріп жатсақ та, іштен құртатын кесапат көп. Қоғамды
дүрбелеңге салып, ойнақтатып қойған мәселелерге жауабымыз
дайын: «заманы бұзылды» не «адамы бұзылған». Қалай айтсақ та,
Достарыңызбен бөлісу: |