2.2 Саяси билік жəне саяси жүйе.
2.1 Саяси билік түсінігі, мəні жəне негізгі сипатттамалары.
Саяси билік түсінігі, ғылыми анықтамалары жəне оның көріністері.
Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті
мəселелерінің бірі жəне саяси ғылымның негізгі зерттеу пəні болып есептеледі. Билік
адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек
ойшылдары айта бастаған. Биліктің қажеттілігі: 1) Адамдардың əр кезде, барлық жағдайда
өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін; 2) Қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін
қоғамдық ережелерді бекіту үшін; 3) Қоғамдағы жасампаздық шаруашылықты қызметін
атқару үшін қажет.
Билік əрқашанда жалпыға бірдей үміттену, дəмелену объектісі болған. Билік ұғымы
саяси ғылыми əдебиеттерде əр түрлі түсіндіріледі. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде
ғылыми əдебиетте кеңінен қолданылады. Мысалы: философтар ол туралы қоғамдық
биліктің объективті заңдылығы. Социологтар əлемдік билік экономистер шаруашылық
билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік,
психологтар адамның өзіне деген билік, ата- аналар отбасы билігі: семьядағы билік.
Сонымен қатар құқық атқарушы жəне биліктері туралы түсінік бар.
Қазіргі ғылым əдебиетте биліктің 5 анықтамасы бар: 1. Бихевиористік- анықтама
бойынша билік адамға мінез - құлқына əсер етуші мүмкіндігіне негізделген. 2.
Телеологиялық- билік алға қойған мақсатқа сəйкес белгілі бір нəтижеге жетудің (құдай
арқылы). 3. Инструменталистік- билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде
қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б. 4. Структуралистік- билік жүргізушілер
мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі.
Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы. 5. Конфликттік- анықтама бойынша
игіліктерді, даулы жағдайларды бөлісуді үйлестіру, құрастыру ретінде түсіндіріледі.
Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, əлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.
тарапынан өзіндік ерік- жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып,
адамдардың қызметі мен мінез- құлқына бедел күштеу құралдары арқылы əсер ету деп
түсінуге болады.
Ғылыми əдебиеттер кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының
пікірі. Ол билікті былай деп түсінген «егер В-ның мінез- құлқын А өз талаптарына
бағындыра білсе, онда В-ның үстінен А билік жүргізеді». Яғни билік оның барлық
анықтамасында өз ерік жігерін əр түрлі (бедел, заң, күштеу) əр түрлі құралдары арқылы
іске асыру тəсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі
бөлшектердің болуы шарт: 1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан
тұратын екі өкілі болуы керек. 2. Билікті жүзеге асыру үшін бағынбаған жағдайда жазалау
шараларын қолданатындығы жөніндегі бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға
билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар
екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге
қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.
Сонымен билік деп адамдардың не сол адамдардан құрылатын басқа да əлеуметтік
жəне институционалдық субъектілердің іс- əрекетінің бағытына, сипатына жəне мінез-
құлқына экономикалық, идеологиялық т.б. əр түрлі механизмдер арқылы ықпал ету,
қабілет пен мұмкінділік.
Биліктің мəні оның көріністері арқылы белгіленеді - ол: басшылық, үстемдік,
бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік- əлеуметтік
түрлерді іске асыру құралы.
Саяси биліктің қайнар көздері мен ресурстары.
Билік күрделі қоғамдық құбылыс. Оның құрылымдық бөлшектері болып табылады:
1) үстемдік мүдде; 2) осы мүддені танытатын ерік; 3) мүддені іске асыруды қамтамасыз
ететін құралдар. Оның өзінің белгілері мен қайнар көздері бар. Белгілері: 1) Қоғамдық
өмірді реттеушілік монополиялығы; 2) Қоғамға жəне жеке адамға мəжбүрлеу етудің
мүмкіндігі; 3) Үстемдік ықпалының басымдылығы; 4) Билік басқарушылық аппаратының
болуы.
Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді:- күш, байлық, статус, ұйым, білім мен
ақпатар.
Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында əр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп,
пайдаланады. Ғылыми əдебиеттерде биліктің ресурстары деп атайды. Ғылыми
əдебиеттерде биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:
-
экономикалық (материалдық қажеттіліктер)
-
əлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)
-
күш ресурстары (əскер, қаружарақ, полиция)
-
ақпараттық (білім жəне ақпараттық құралдар)
-
демографиалық (адам- ең түпкі құрал)
Саяси жəне мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері.
Саяси биліктің ерекшеліктері:
-
Ол- адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам
экономикасындағы ролі басым болады да, қоғам сол тап мүддесі тұрғысынан
басқарылады.
-
Қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы,
қоғамдық- саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі.
-
Саяси биліктің ерекшелігі- арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кəсіби
топтардың болуы.
Саяси биліктің қасиеттерінің бірі- оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші
күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет-
үстемдікті шоғырландыруға жəне монополизациялауға ұмтылу. Саяси билік қоғамда
көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады. Мемелекеттік билік саяси биліктің бір
түрі. Оның ерекшеліктері: 1) Ол белгілі бір территориясында ерекше аппарат арқылы
жүргізілетін билік. 2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппатарына сүйенеді. 3)
Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.
Саяси биліктің легитимділігі жəне билік бөліну принципі.
Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биликтің тұрақтылығы оның
легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ
оның тек қана заңға сəйкестілігі емес, сонымен қатар билікті қоғамдағы мүшелердің оны
өз еркімен қабылдауы заңы. Ондай кезде қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін
білдіреді жəне өз еркімен оны қабылдайды. Легитимді биліктің идеалды түрлерін М.Вебер
талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан:
-
дəстүрлі,
-
харизматикалық,
-
легальды – рационалдық.
Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дəуірдің кезеңінде ең əйгілі ойшылдар
ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы ағылшын ойшылы Джон Локк жəне əрі қарай
толық дамытқан 18ғ. Француз ойшылы Ш-Л. Монтескье болып табылады. Ол саяси
биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен жəне оның үш тармағына
бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы, Сот билігі.
Себебі билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң шығарса, жүзеге асырса жəне
оның жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік тиранияға айналады, ауысады.
Сондықтан қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек қана бір органның қолында
болуы мүмкін емес жəне де халық билікті өзі жүргізе алмайды. Билік жүргізу белгілі
топқа, ұжымға, органға беріледі. Жан Жак Руссо: ол халық суверинитеті идеясын көтеріп,
биліктің тұрлерін ажыратқан, ал үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу деп
тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта
демократияның дамуы болып табылады. Үш үкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне
кепілдік бере алады. Биліктің бөлуін бір- біріне мүлдені тəуелсіз автоном органдардың
қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет.
2.2 Саяси жүйе ұғымы, мəні құрылымы жəне қызметтері
Саяси жүйе ” ұғымы ХХ ғасырдың ортасында ғана терең негізделіп, тарала бастады. Оған
басты себеп – жүйе тəсілі мен бихевиористік амалдық түрлі саяси құбылыстарды
зерттеулерде етек алуы еді. Қазіргі кездегі саяси жүйе қағидаларының негізінде
Аристотель заманынан бастау алған саясат жөніндегі түсінік жатыр. Ол: саясатты бейне
бір тұтас нəрсе деп қарау. Осы бағытты алғаш ұстанған флоренциялық Николо
Макиавелли саяси ғалымның негізін салушы болып саналады. Оның пікірінше саясат
дінге де, моральға да, экономикаға да жатпайды, қайта ол өзіңдік саяси мемлекеттің
тұтастығы мен бірлігін көздейді.
Т.Парсонс əлеуметтік жүйе теориясы бойынша қоғамдағы рухани, эконмикалық
жəне саяси жүйелер өздерінің атқаратын қызметіне қарай ерекшеленеді. Сөйтіп, олар өз
алдына жүйе болып алады. Саяси өмір сол сияқты Д.Истонның “Саяси жүйе” (1953),
“Саяси талдаудың шегі” (1965), “Саяси өмірді жүйелеп талдау” (1965) атты енбектерінде
қарастырылады. Сонымен қазіргі кездегі саяси жүйелердің алуан түрлі концепциялары
бар. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы десе, екінші
біреулері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді.
Қоғамның саяси жүйесі - дегеніміз жалпы алғанда белгілі бір таптардың,
əлеуметтік топтардың, ұлттардың əрқайсысына жəне бəріне тəн мүдделерін жүзеге
асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған: мемлекеттік
мекемелер; саяси партиялар жəне түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді.
Саяси жүйе қоғам қондырмасының басты бөлімі болып табылады. Қоғамның саяси
жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол əрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай
құрылады, өзгеріске түсіп дамиды. Сондықтан қоғамның алуан түрлі саяси жүйесін талдап
жіктеу арқылы; олардың ұқсастықтарына қарай жіктеу жолымен толығырақ түсінуге
болады. Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми
деуге болмайды. Саяси жүйелерді əр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеу (типология)
мынадай:
- формация мен əлеуметтік-экономикалық құрлымы жағынан қарау (марксистік тəсіл: құл
иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, коммунистік-əлеуметтік-саяси жүйелер);
-
мемлекеттігі орныққан саяси тəртіп тұрғысынан(демократиялық, авторитарлық,
тоталитарлық);
-
əдеттегі саяси жүйеден модернизацияланған жүйеге өту кезеңі тұрғысынан;
-
саяси мəдениеттер айырмашылығы тұрғысынан;
-
Ж.Блонделдің саяси жүйені жіктеу түрлері (бес категориялы : либералды-
демократиялық, радикалды-авторитарлық, немесе коммунистік, дəстүрлі, популистік,
авторитарлы-консервативтік саяси жүйелер ) ;
-
Саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне қарай
консервативті жəне трансформацияланушы болып бөлінеді. Трансформацияланушы
саяси жүйелердің өзі керітартпа жəне прогрессивті мағынада болуы мүмкін. Саяси
жүйелер
сонымен қатар ашық жəне жабық, аяқталған жəне аяқталмаған, орталықтандырылған
жəне орталықтандырылмаған жəне т.б. жіктеледі.
Енді саяси жүйенің құрылымы мен атқаратын қызметіне талдау жасап көрейік.
Саяси жүйе өзінің біртұтастығына қарамастан өзгеріп отырады. Қамтитын аумағы да
өзгермейтін нəрсе емес, қайта түрлі жағдайларға байланысты бірсыпыра өзгерісте
болады.
Саяси жүйеге мынадай түрліше саяси жүйе тармақтары кіреді: институцияналдық,
нормативтік, функционалдық, коммуникативтік жəне мəдени. Институционалдық
тармаққа, мысалы мемлекеттік мекемелер, партиялар, қоғамдық саяси ұйымдар жатады.
Олардың ең бастысы- мемлекет. Мемлекет - саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде
қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады. Мемлекеттік билік үш
тармаққа бөлінеді. Заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі. Билік бөліну деген
мемлекет өкілеттілігін бөлу. Мемлекеттік билік тұтас, оны бөлшектеу дұрыс болмайды.
Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саясат пен ықпалды топтар қоғамдық, көпшілік
істерді шешуге араласуы арқылы мемлекет қызметін атқарады. Бірақ олардың іс-əрекеті
мен əдістерінің арасында айырмашылық та бар. Мысалы партиялар мемлекеттік аппартты
бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекетік аппараттардың
шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың
құрамына да кіреді.
Діни құрылымдардың саяси ролі олардың əсерінің бұқаралық екендігінде. Сондай-ақ,
ол халықтың білім дəрежесіне байланысты. Сол үшін де көптеген елдерде діни жəне діни
емес өкіметтер бір-бірінен ажыратылған. Саяси жүйенің нормалау тармағына саяси
өмірді реттеуге қатысатын құқықтық, моральдық мөлшерлер, саяси дəстүрлер т.б.
жатады. Функционалды тармақ түрлі саяси процесстерде саяси ісəрекеттің формалары
мен бағыттарынан, өкіметтің жұмыс істеу əдістері мен тəсілдерінен көрінеді. Олар кейде
“саяси режим”, “саяси орныққан тəртіп” деп те атайды.
Тоталитарлы саяси жүйеінің пайда болуы түрлі себептерге байланысты. Олардың
ішінде мыналар: меншіктің жаппай мемлекеттендірілуі; бір ғана саяси партияның орын
тебуі жəне оның мемлекетпен тұтасып кетуі, қоғамның оның ішінде, рухани өмірдің бір
ізге ғана түсіріліп, бірыңғайлануы, партияны, көсемді дəріптеу, қоғамдық санада тек бір
ғана “дұрыс жол бар” деген түсініктің қалыптасуы жəне т.б. Сонымен қатар, саяси
жүйенің қызметін оның қоғамда өзгерте алатын іс-əрекетінен де көрінеді. Ондай
өзгерістер не күштеу қолданылмайтын реформалар арқылы жасалатыны белгілі.
Тарихтан бұған қатысты материялдарды көптеп келтіруге болады.
Егер бұрын саяси жүйеде тар шеңберде партиялық саясат үстемдік етсе, қазір қоғам
дамуында шектелген номенклатуралық, этнократиялық жəне криминалды топтар ықпал
етуге тырысуда. Олай болса, саяси күштердің қайта топтасу кезеңінде превентивті түрде
бақыланатын саясат керек деген сөз. Онсыз тұрақты саяси жүйе болуы қиын.
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің жоғарыдағы айтылғандарға қоса тағыбір кейбір
ерекшеліктері бар:
- Қоғамның саяси жүйесіне түрлі саяси, əлеуметтік, экономикалық жəне
технологиялық күштердің зияны ықпал да болмай тұрмайды. Егер де елдің саяси жүйесі
тарапынан оны болдырмаудың алдын алу жоспары болмаса, яғни бұл іс өз бетімен
жіберілсе, онда ол түбінде айтарлықтай əлеуметтік бүліншіліктерге əкелмей факторларды
зерттеп, болжап тиісінше оң ықпал жасау, превентивті саясат жүргізу саяси жүйенің
ерекше міндеттерінің бірі болып табылады.
- Саяси жүйе қоғамның тепе-тендік, тұрақтылық, орнықтылық белгілерін нормалау
көріністерін дер кезінде байқап, оларды қалпына келтіруге жəне нығайтуға бағытталған
шаралар белгілеуі тиіс. Ол үшін саяси жүйе əлеуметтік жəне этникалық топтар, жалпы
халық бұқарасы арасында өзіне тірек болатын негіздерді (экономикалық, саяси жəне
əлеуметтік) кеңейтіп, нығайтып отырады.
- Саяси жүйе өзінің құрамындағы микро саяси жүйелерді терең зерттеп, оларды одан əрі
жетілдіру жолдарын жүзеге асырады.
-
Əрбір елдің саяси жүйесі басқа көршілес елдердегі саяси ахуалды бақылап отырады,
керек болған жағдайда ол елдердегі өз мүддесін қорғауға бағытталған шараларды
белгілейді.
Саяси жүенің өзгеру үрдісі саяси трансформация деп аталады. Оның өзгеру жолдары
мынадай: реформа, революция, келісім жолынан тұрады.
3.Саяси режим жəне түрлері.
3.1 Саяси режимнің мəні жəне түсінігі
Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік
деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты
анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың
басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси
режимді саяси жүйе құрылымының өзара əрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен
мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.
Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни
қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:
-
билікте қандай саяси күштер болады жəне олар қандай механизммен билікті жүзеге
асырады;
-
саяси билік қалай шынайы таратылады жəне оның жүзеге асуын кім бақылайды;
-
қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер
беріледі;
-
қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;
-
саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай əдістер, тəсілдер жəне құралдар
қажет т.б.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам
құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу əдістері,
мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда
қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың
қалыптасу жолдары.
Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті жəне объективті
жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси
режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси əдебиеттерде
классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп
көрсетіледі. Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:
-
саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі жəне даму деңгейі;
-
басқарушы элитаның құрылымы жəне оның қалыптасу механизмі;
-
қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;
-
бюрократиямен қатынас жағдайы;
-
қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;
-
қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дəстүрлерді
əрқилылылығы
Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады:
тоталитарлық, авторитарлық жəне демократиялық.
3.2 Саяси режимниң түрлері
Тоталитарлы саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай
бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген
итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама
бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда,
Испанияда, СССР-да жəне Руминияда т.б. елдерде болған. Əр елде өзіндік
ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мəні жəне мазмұны бар. Осындай
белгілерге тоталитарлық режим кіреді:
-
азаматтардыңжаңаша ойлау жəне жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми
идеология;
-
билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен
харизматикалық лидер жарияланған қоғам;
-
террористік полицейлік бақылау жүйесі;
-
барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал)
партиялық бақылау;
-
қарулы-əскери күшпен бақылау;
-
экономикаға орталықтанған бақылау жəне экономикалық қызметті бюрократиялық
басқару жүйесі;
-
қоғамдық жəне индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау
орнатуы
-
тұлғаның еркін ойлауы мен əрекеті болмайды;
-
«Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген
принцип əрекет етеді;
Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З.
Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З.
Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған
белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.
Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі
қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дəстүрлік
құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады.
Үстемдік жүргізетін – идеологияға соның саяси іс-əрекетінің мазмұнына əсер
ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге жəне ұлтшылды-
социализмге бөледі.
Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі
кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады.
Коммунистік тоталитаризм басқаларына қарағанда, яғни басқа идеологияларға
тəртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, əрбір жеке автономияны жəне
мемлекеттің абсолюттік билігін жояды.
Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда
тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген.
Италияда фашистік тоталитаризмнің шекарасы мемлекетке əсер етушілер
тұрғысымен орнатылған. Сондықтан тəртіптің ыдырауы жақындағанда олар Муссолиниді
өздері-ақ биліктен алып тастайды.
Тоталитаризмнің үшінші түрі – ұлтшылды (социализм – ол 1933 жылы шынай
саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған). Оның фашизммен туыстастығы бірақ
көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды. Мысалы, тоталитарлық партиялық ұйымшылдық
түрі жəне «товарищ» деп айтқанында.
Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде
бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Кейбір авторлар тоталитаризмді нашар дамыған елдердің
модернизациясының саяси түрі деп қарастырады.
Бірақ тоталитаризм – тарихи тəртіп. Тоталитаризм – жабық қоғам уақытында
сапалы жаңаруына үйренбеген.
Авторитаризм – саяси тəртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен
билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде,
тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар,
авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады.
Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады.
Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы
демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам
салаларымен ұқсайды.
Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен
ұлттық идеология жəне формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген
Азиядағы, Африкадағы жəне Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір
сүруін ұлттық босатумен жəне туумен ақтайды.
Соңғы
онжылдықта
авторитарлық
жүйелер
жиі
кейбір
демократиялық
институттармен пайдаланған – олар сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті емес
немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен
Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда жəне басқа
мемлекеттерде пайдаланған.
Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:
-
күшті орталықтанған билік
-
бір топтың немесе партияның билікке монополиясы
-
элитаның қалыптасуы
-
оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы
-
билік өзгеруінің күштеу мінезі
-
шектелген плюрализм
-
билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы
-
өкіметтік билік органдарының, салмаудың жəне оппозицияның бар болуы.
Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.
-
халықты билікке жібермеуі
-
қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.
Қазіргі əлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді.
Мысалы:
-
Азаматтық қоғамның дамымағандығы
-
Экономиканың артта қалуы
-
Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тəсілі
Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси жүйенің ыдырауымен көптеген əлемнің коммунистік
мемлекеттерінің ғылыми жəне саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді. 80-90
жылдары авторитарлық мемлекеттер, олар (Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам жəне
т.б.). Өзінің экономикалық жəне əлеуметтік күштілігін көрсетті жəне экономикалық
гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті биліктің – бостандық экономикамен жəне
қауіпсіздікпен дамыған əлеуметтік плюрализммен дамығандығын дəлелдейді. Сондықтан
авторитаризмнің реформаторлық мүмкіншіліктері бар екен деп ғалымдардың пікірлерімен
келісуге болады (В.П. Пугачев). Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тəртіп көпке
шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір типі – ол демократия.
«Демократия» - түсінігі ол саяси ғылымда маңызды болып келеді. Демократия ол:
-
бір қалыптасқан ұйымның түрі мүшелерінің шешім қабылдауына тек
қатысуына негізделген;
-
қоғамдық құрылымның идеалы жəне оған сəйкес əлем көзқарасы;
-
халық билігі жəне демократияның мақсаты мен идеалының жүзеге асуы үшін
əлеуметтік-саяси қозғалыс;
Демократияны мемлекеттік құырылым ретінде зерттегеннен кейін оның тағы бір
белгілерін көресетеді:
-
қоғамда көптеген қызығушылықтармен мүмкіндіктердің бар болуы;
-
саяси институтқа-топтарға кепілденген жолы;
-
жалпы сайлау құқығы;
-
өкіметтік институттардың өкімет іс-əрекеттік бақылау;
-
саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;
-
пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.
Демократия анықталған жағдайда пайда болады жəне сақаталады.
Біріншіден. Экономикалық дамудың биік деңгейі. Пипсет С Дженмен В. мен
Куртпен жасалған. Зерттеу қорытындысы бойынша тұрақты экономиканың өсуі ең
соңында демократияға əкеледі.
Екіншіден. Қоғамда толеранттылықтың бар болуы, саяси азшылықтың құқығын
сыйлау.
Үшіншіден. Қоғамның базалық құндылығына, тең құқығына, қатысты келісімі.
Төртіншіден. Халықтың саяси қатысушылыққа ұмтылысы (біріншіден сайлау
түрінде)
Демократиялық саяси режимді демократиялық тəртіпке негізделген басқару түрі деп
атауға болады. Оның негізінде – адамның бостандығын, құқық кепілдігін қорғау.
Демократияда өмірді реттейтін ол заң болып табылады. Мемлекет міндетті түрде
құқықты болады жəне қоғам азаматты түрде болады.
Плюрализм принципі қоғам өмірінің бүкіл саласына таралған. Сондықтан
мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымнан туындайды. Бұған əсер ететін азаматтық қоғам
жəне əртүрлі əлеуметтік қабаттың мəдениет демократиясы. Тұрғындардың билік
құрылымының əрекетіне бақылау жүргізуіне
мүмкіндігі бар жəне орын өз
басқарушылығынан дамыған. Тікелей немесе өкіметтік демократия. Осындай принцип:
«Заң мен тиым салмағанның бəріне рұқсат» бар. Осымен демократия саяси режимнің
жүргізуші элементі болады.
Батыс саясаттанушылары, демократия режимнің мынадай басқару түрлерін
ажыратады:
1.
Президенттік режим
2.
Парламенттік режим
Президенттік режим түрі онда парламенттің жəне заңшығарушылық қызметінің
орындауына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Осы режимде
Президент үкіметті өзі құрады заңға вето салуға құқығы бар жəне заң шығаруға
құқығы бар; парламентті шашыратуға жəне парламенттік сайлаудың мерзімге дейін
жариялауға құқықығы бар жəне т.б. Президенттік режим классикалық түрін АҚШ-та
көруге болады.
Парламенттік режим түрінде толық заңшығарушы билік парламентте мемлекет
басшысы монарх немесе парламент пен тағайындалған президент болса да осы режимде
Парламенттің Президент ветосын қабылдамауға құқығы бар, президент заң шығаруына
қарсы заң қабылдауға құқықығы бар: импичмент арқылы президентті орнына алуға
құқықығы бар; президент басқарып отырған үкімет үстінен бақылау жүргізуге құқықығы
бар; жəне т.б.
Маңызды қызығушылық қазіргі демократиялық жүйенің талдауын көрсетеді: Ол А.
Лейпхарттың «вестминистерлік демократия үлгісі» мен «демократияның консенсустық
үлгісін» ұсынуы.
Бірінші үлгі көпшілік принципін білдіреді. Бұл үлгі өмір тəжирибесінде атқарушы
биліктің концентрациясын сипаттайды (бір патиялық кабинет немесе «таза көпшілік
кабинеті»); биліктің тұтасуы; ассиметрикалық екіпалаталы парламент; партиялырдың
біртүрлілігі; плюралистік сайлау жүйесі; унитарлық жəне орталықтанған басқару;
парламент суверениеті мен жазылмаған конституция; өкілдік демократия. Мұндай
демократия үлгісі Ұлыбританияда, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда жəне т.б.
елдерде бар.
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
1.
Арендт Х. Вирус тоталитаризма //Новое время 1991, №11
2.
Лейпхарт А. Многосоставные общества и демократические режимы М., 1997
3.
Поппер К. Демократия и народовластие.//Новое время, 1991, №8
Қосымша əдебиеттер:
4.
Гаджиев К.С.. Тоталитаризм как феномен XX века //Вопросы философии, 1992, №2
5.
Громыко А.Л. Политические режимы. М., 1994
6.
Мағзумов М. Қазіргі кезендегі демократиялық саяси институттар// Саясат, 1998,№ 2
7.
Ермеков К. Демократиялық даму жолы. // Саясат, 1998, №10
8.
Інкəрбаев Е Посттоталитарлық кеңестіктегі саяси өзгертулердің ерекшеліктері //Саясат
2002,№1
Қосымша əдебиеттер
1. Бижанов А. Мемелекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттары- баянды даму
кепілі // Ақиқат, 2002, №12.
2. Тоқтыбеков Ə. Аймақтағы мемелекееттік қызмет //Ақиқат, 2002,№ 12
3. АҚБАЕВА Л. ҮНДЕСТІК НЕМЕСЕ А.ФАРАБИ МЕН Т.КАМПАНЕЛЛА МЕМЛЕКЕТ
ТУРАЛЫ. //АҚИҚАТ 1997, №
1.
Матвеев Р.Ф. Теоретическая и практическая политология. М., 1993
2.
Политология Хрестоматия. //Под ред. проф. М.А. Василика. М., 2000
3.
Дьяченко С. Саяси партия жəне саяси билік // Ақиқат, 1998,№11.
4.
Қалиев Н. Қазақстан партиялық жүйесі // Саясат, 2002, №11.
Достарыңызбен бөлісу: |