Тақырыбы: Саясаттану ғылымы жəне пəні



жүктеу 253.74 Kb.

бет1/2
Дата15.03.2017
өлшемі253.74 Kb.
  1   2

 

 

                              Көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжі 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Тақырыбы: Саясаттану ғылымы жəне пəні 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  Тексерген: 

                                                                                  Орындаған: Мұздыбаева Қ 

 

 

 

2012 ж 

                 Реферат 

 

   Жоспар: 

 

 



 

Кіріспе: 

 

1.Саясаттану ғылымы жəне пəні  



1.2 Саясаттанудың ғылыми пəні зерттеу обьектісі жəне əдістері 

1.3 Саясаттанудың міндеттері жəне қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны 

 

Негізгі бөлім: 



 

2. Саяси билік жəне саяси жүйе 

2.1 . Саяси билік түсінігі, мəні түсінігі негізгі сипаттамасы  

2.2 Саяси жүйе ұғымы мəні құрылымы жəне қызметтері 

3. Саяси режим жəне түрлері 

3.1 Саяси режим түсінігі 

3.2 Саяси режим түрлері 

 

Қорытынды бөлім: 



Пайдаланылған əдебиеттер: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Саясаттану ғылым жəне пəні. 

 

1.1Саяси ғылымның пəні, зерттеу объектісі, жəне əдістері. 



2.Саясаттанудың міндеттері жəне қоғамдық ғылымдар жүйесіндеалатын орны. 

3.Саяси ғылымның даму тарихы. 

 

Саясаттану  ғылымы  да  кəдімгі  басқа  ғылымдар  тəрізді  қалыптасудың  жəне  дамудың 



қилы  жолдарынан  өтті.  Барлық  қоғамдық  ғылымдармен  ықпалдасып  отырады.  Ол 

антикалық  саяси-əлеуметтік  əмбебап  ойлардан  бастау  алады  да,  құқық  жəне  мемлекет 

туралы  ғылымдар  қалыптасқаннан  кейін,  саяси  философия  құрамына  еніп,  заңдық 

нормалардың өзегіне айналып, одан əрі өрбіді. 

Бұдан  соң  саясатты  оқып  үйрену  философиялық,  əлеуметтік,  психологиялық  болып 

бөлінеді.  Саясат  туралы  ғылымды  саясаттануорнықтыру  процестері  жүріп  жатқан  қазіргі 

кезде əлеуметтік, құқықтық, тарихи жəне басқа түрлі көзқарастар мен əрекеттер туындап 

отыр. 


 

Бүгінгі  таңда  əлемнің  барлық  елдерінде  саясаттануды  ғылым  ретінде  жəне  оның 

объектісін  пəн  ретінде  зерттеп,  оның  жолдары  мен  əдістерін,  формасы  мен  тəсілдерін 

білуді қолға алып отыр. 

 

Мемлекет  пен  қоғамның  саяси  жүйесі  –  саясаттанудың  негізгі  зерттеу  объектісі. 



Осы  арқылы  қоғамның  тұтас  пішінің  анықтаймыз.  Сондықтан  саясаттану  пəні  туралы 

жалаң  пайымдауға  болмайды.  Оған  жүктелген  міндет  əрі күрделі,  əрі  маңызды,  десек  те, 

ғылыми  əдебиеттерде  ортақ  қортындыға  келіп,  оны  пəн  ретінде  мойындаған  пікір  əлі 

тиянақталған  жоқ.  Сондықтан  бұл  пəн  туралы  түсініктер  алуан  түрлі  зерттеулерде, 

бағыттарда, саяси мектептерде бір біріне сай келмейтін кездері де жоқ емес. 

 

1-ден  .  Саясаттануды  пəн  ретінде  анықтағанда  оның  тікелекй  мемлекетпен  немесе 



саяси  билікпен,  қоғамдық  немесе  саяси  партиялар  мен  ұйымдар  проблемаларымен 

байланыстыра қарайтын шектеулі шеңбердегі көзқарастар. 

 

2-ден.  Бұл  пəннің  еншісіне  саяси  мəселелер  мен  саясат  туралы  білімді  ғана 



жатқызып  қоймай,  онымен  мəндес  келетін  табиғаты  жақын  кейбір  ғылымдардың 

мəселелер бірге алып қарастыру, кең талдап, ауқымды əңгіме қозғау болып табылады. 

 

Міне,  осыдан  келіп  «саясаттану  пəні»  нені  зерттейді  деген  заңды  сұрақ  өзінен-өзі 



туындайды.  Оған  жауап  қайтару  ұшін  ең  алдымен  «саясаттану»  деген  сөздің  түпкі 

мағынасын ашып ойлайық. Бұл – гректің  «Politike» сөзі мемлекеттік немесе қоғамдық іс, 

мемлекетті  басқару  өнері  деген  мағынаны  білдіреді  жəне  «Logos»  -  ілім,  саяси  ғылым, 

немесе саясат туралы ілім деген түсінік. 

 

Ендіше  саясаттану  да  өз  ерекшеліктерімен  сипатталатын  дербес  бір  пəн.  Оны 



басқалармен араластырмай-ақ жеке дара оқып үйренуге болады. Мысалы, саяси билік пен 

оның мəні, жекелей жəне топтық түрде билік жүргізу, көсемдік пен демократия, биліктің 

шексіз  феномені  сияқты  күштеу  мен  зорлық,  авторитарлық,  мораль  түріндегі  билік  пен 

құқықтық  құндылықтар  жайлы  айтуға  болады.  Олар  конституциялық  құқық  оясына 

кірмейді,  онымен  ешқандай  юриспруденция  айналыспайды,  бұл  оның  құзырына 

жатпайды.  

 

Ендіше  саясаттану  дегеніміз  түрлі  сипаттағы  қоғамдық-саяси  жүйенің  даму 



ерекшеліктерін,  бір-біріне  қабысып  икемделуін,  тұрақтылықты  қамтамасыз  ететін 

шарттарының себептерін, дау-жаңжалдар мен дағдарыстарды реттеу жолдарын зерттейтін 

ғылым деп атауға болады. 

Саяси  оқиғаларды  талдап  таразылап,  шындықты  объективті  тұрғыда  ұғындырып,  осы 

арқылы  дағдарыстарды  қалыпқа  келтіру  оның  басты  мақсаты.  Адамдардың  ізгі 

құүндылықтарды  тануп  алдына,  дұрыс  бағыттарға  бет  түзеуіне  көмектеседі.  Бəрін 

нақтылыққа  негіздеп,  неғұрлым  қателік  жібермеуге  ықпал  етеді.  Бірақ  ол  адамдарға 

басқалай  бір  саяси  идеологиялық  таңдауларға  ұсына  алмайды.Мындай  нəрсе  – 



үйымдардың,  партияның,  азаматтардың  жекей  өз  істерін,  саяси  таңдау  жасаудың 

формасымен түрін, қандай шешімдер қабылдап, əрекер етуді осы саясаттану көрсетіп бере 

алады. Ғылым ретінде жолдардың немесе бұрыстығын байқауға мүмкіндік тұғызады. 

 

Саясаттағы 



рационалдық 

жəне 


иррационалдық 

секілді 


факторларды 

да 


сараптайтын  саясаттану.  Ол  сондай-ақ  қазіргі  таңда  жетістіктерге  жету  үшін  қандай 

мақсаттарға  сүйену  қажет,  іс  қимыл  сəйкестігі  қалай  орындалады,  «мүмкін  еместіктің» 

себеп  салдары  неде,  басқа  қандай  саяси  ойда-амалдар  керек  деген  сұрақтарға  да  жауап 

қайтарады. 

 

Саясаттану  құбылыстарға  баға  бергенде,  ұйғарым  жасағанда  идеологиядан, 



идеялардан  тыс  тұрады  жəне  асыра  сілтеуден  алуақ  болады.  Қайта  мұндай  нəрселердің 

саяси процестерге, саяси институттарға тигізетін кері ықпалдарын зертейді. 

 

Əр  түрлі  кезендердегі  саяси  жүйелердің  сипаттамасы  мен  қортындысының 



нақтылығы  басқа  болуы  да  мүмкін.  Егер  саясаткерлер  сол  шақтағы  жүйелерге  қатысты 

функционалды  факторларды  көбірек  анықтаса,  шындықты  максималды  деңгейде  таныса 

жағыдайдың  жалпы  пішімы  мен  ерекшеліктерін  ажырататын  болса,  онда  нықтылық 

бəрінен биік тұрады. 

 

Осыдан  болар  мемлекеттердің  бəрінде  өзге  ғылымдарға  қарағанда  саясаттанудың 



ұлттық  ерекшеліктерге  бір  табаң  жоқындығы  бар.  Себебі  оның  бақылау  байламдары, 

жасаған қортындылары, алға тартатын ұсыныстары сол мемлекеттің өзіне ғана тəн болып 

келеді.Ал  оның  басқа  мемлекеттерде  қолданылуы  логикалық  сараптау,  əлеуметтік 

эксперименттер, интуиция арқылы тексеріледі. Сондықтан əрбір елде плюралистік түрдегі 

өзінің саясаттану мектебі болуы мүмкін.  

 

Саяси  процестің,  саяси  қызметтің,  саяси  биліктің,  қандай  да  болсын  объектівті 



заңдылықтардың,  эволюцияның,  көзқарастардың  өзгеруі  мен  дамуы  –  аталған  пəннің 

негізгі  нысанасы.  Білім  деңгейімен  ол  сайкес  саясаттану  жалпы  жəне  жалқы  деп  те 

саналады.  Сипатына  қарай  іріктесек,  саяси  зерттеу  теориялық  жəне  эмпирикалық  білім 

деп екіге бөлінеді. Ал бағыты мен мақсатына қарай топтастырсақ, іргелі жəне қолданбалы 

деп те жіктеледі. 

 

Саясаттану  –  жалпы  интегралдау  ілімі,  саяси  құбылыстар  мен  процестердің 



жиынтығы, қоғамның саяси өмірінің жалпы принциптері мен заңдылықтарының, олардың 

көріністерінің  ерекшеліктері,  қоғамдық  прогресте  субъектілер  қызметтерін  жүзеге 

асырудың формалары мен əдістері. 

Жеке  ғылым  ретінде  саясаттанудың  өзіне  тəн  белгілері  болады.  Ол  -  пəндік  кескін  мен 

зерттеу  объектісі  ғана  емес,  сондай-ақ  пəннің  өзіндік,  сипатын  бейнелейтін  жəне  оның 

зерттелуіне айқындай алатын ұғымдары, категориялары мен танымдық заңдары, əдістері, 

құрылымы.  

 

Саясаттану пəні мына басты бөлімдерден тұрады: 



1.

 

Саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы жəне қазіргі кездегі қызметі); 



2.

 

Саяси  институттар  (конституциялар,  аймақтық  жəне  жергілікті  басқару,  көпшілік, 



əкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 

3.

 



Партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 

4.

 



Қоғамдық пікір; 

5.

 



Халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық) 

Саясаттану  саяси  құбылыстармен  өзгерістердің  мəн-мағнасын  түсініп-білу  үшін 

бірталай əдістерді пайдаланады. Əдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тəсілін айтады. 

Оларға:  салыстырмалы,  жүйелеу,  социологиялық,  тарихи,  бихевиористік,  нормативтік 

жəне т.б. əдістер жатады. 

Салыстырмалы  əдіс  əр  түрлі  елдердегі  саяси  құбылыстарды  салыстырып,  олардың 

жалпы жақтарын жəне жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси 

тұрақтылық пен саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. 

Тарихи тəсіл саяси құбылыстарды мезрзімі жағынан дəйекті, заманына қарай, бұрыңға, 

қазіргі жəне болашақтық айқындай отырып қарастырады. Ол əр түрлі саяси оқиғаларады , 



процестерді,  дерекетерді  олардың  болаған  уақыт  мезгілін  еске  ала  танып-білуді  талап 

етеді. 


Бұрыңғы  Кеңес  Одағы  кезінде  ең  дұрыс  жəне  мызғымас  тəсіл  болып  есептелген 

диалектикалық-материалистік  əдіс  болатын.  Ол  табиғаттағы,  қоғамдағы  жəне  санадағы 

құбылыстар  мен  процестерді  бірімен-бірі  тығыз  байланыста  жəне  үздіксіз  даму 

жағдайында болады деп санайды. Бұл əдісті ешкім жоққа шығармайды. 

 

Жоғарыда көрсетілген əдістермен қатар басқа да əдіс-тəсілде бар. Бұлардың бəрі де 



саяси  процестер  мен  олардан  дамуы  жөнінде  шынайы  мағлуматтар  алуға  тырысады. 

Сондықтан  қазіргі  демократиялық  мемлекеттерде  саясатқа  байланысты  жағдайларды 

зерттегенде сан түрлі əдістемелерді пайдаланады.  

 

1.2 Саясаттанудың міндеттері жəне қоғамдық ғылымдар жүйесіндеалатын орны. 



 

Қай  ғылым  болмасын  белгілі  бір  функцияларды  атқарады.  Саясаттануда  да  ондай 

міндеттер  бар.  Оған  ең  алдымен  танымдық  (гносеологиялық)  қызметтер  жатады.  Олай 

дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мəнін түсінуге 

жəне болашақты болжауға мүмкіндік береді. 

 

Саясаттану  бағалау  (аксеологиялық)  қызметін  атқарады.  Ол  саяси  құрылысқа, 



институттарға, іс-əрекеттерге жəне оқиғаларға саяси баға береді.  

 

Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси əлеуметтену міндетін де атқарады. 



Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мəдениеттілігін қалыптастырады. 

 

Саясаттану  саяси  өмірді  жетілдіру  міндетінде  атқарады.  Бұл  ғылым  саяси 



институттар  мен  қатынастарда,  басқаруда  реформалдар  жасап,  оларды  қайта  қарауда 

теориялық  негіз  болады.  Оның  көмегімен  заң  шығарушы  жəне  атқарушы  органдар 

қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа 

салынып,  зерттеледі,  қоғамда  немесе  оның  жеке  аймақтарында  қалыптасып  жатқан 

нақтылы  жағдайлар  саяси  тұрғыдан  талданауы.Солардың  негізінде  ол  кейбір  саяси 

институттардың  жойылып,  оның  орнына  бүгінгі  талапқа  сай  басқалары  келу  керектігін 

негіздейді.  Мемлекеттік  басқарудың  қолайлы  үлгілерін  іздестіреді,  əлеуметтік-саяси 

шиеленістерді ауртпалықсыз пішу жолдары мен əдістерін көрсетеді.  

 

Саясаттану  болжау  қызыметінде  атқарады.  Саяси  зерттеулердің  құндылығы  саяси 



процестердің  үрдісін  ойнытпай  бейнелеумен  ғана  тынбайды.  Ол  белгілі  бір  саяси 

жағдайларда  алдынғы  қатарлы,  азық  саяси  өзгерістер  жасауға  бағытталған  ғылыми 

негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпқіліқті мақсаты да сонда. 

Саясаттану  басқа  қоғамдық  ғылымдармен  тығыз  байланыста  дамиды.  Себебі 

олардың бəрінің зерттеу объектісі. Ортақ-Қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды 

да  пайдаланады.  Бірақ  та  əрбір  қоғамтану  ғылымның  өзімдіқ  пəні  бар.  Сондықтан 

саясаттанудың  басқа  гуманитарлық  ғылымдар  арасындағы  ерекшелігін,  алатын  орнын 

анықтап алған лəзім.  

 

 

Саясаттану  ең  алдымен  философиямен  тығыз 



байланысты.  Философия-табиғат,  қоғам  жəне  таным  дамуының  неғұрлым  ортақ 

заңдылықтары ғылым. 

 

 Ол  тіршіліктің  түпкілікті  себептерін,  рухани  байлықтардың  негізінде  жатқанның 



жəне  т.с.  ашып  дүниеге  тұтас  көзқарас  тұғызады.  Сондықтан  басқа  пəндер  сияқты 

саясаттануда  жалпы  əдістемелік  ғылым  болып  келеді.  Ол  саясатты  философиялық 

тұрғыдан дəлелдейді. Саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар 

береді. 


Саясаттану 

өмірдің 


жалпы 

жақтарын 

қарастырғанда 

философия 

тұжырымдамаларына  сүйенеді,  ал  саясаттың  нақтылы  жақтарына  келгенде  философия 

саясаттануға жүгінеді.  

Саясаттану  экономикалық  теориямен  өзара  байланысты.  Саяси  экономия  саяси 

процестерде  экономикалық  тұрғыдан  дəлемдей  отырып,  ол  процестердің  негізінде  əр 

түрлі  əлеуметтік  топтардың  өз  мүдделерін  жүзеге  асыру  үшін  күресіп  көз  жеткізеді. 


Саясаттану  экономикалық  саясатты  дайындау  жəне  іске  асыру  процестерді  мемлекеттік 

реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді. 

Тарих болса жүйелі, дəйекті түрде оқиғанның болған  уақытына байланысты саяси 

институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап сүреттейді. 

Көрсетілген ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдарымен 

байланысты.  Солай  болса  тұра  саясаттанудың  өзіне  тəн  зерттеу  объектісі  бар.  Оған 

қоғамның  саяси  сапасы,  ондағы  болып  жатқан  барлық  саяси  құбылыстар  процестер 

жатады. 


Қазіргі  демократиялық  мемлекеттерде  саяси  оқу  институттарының  қызмет  негізгі 

адамгершілік  құндылықтарды,  əсіресе,  əрбір  тұлғаның  еркіндігі  мен  абыройын,  оның 

табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап, қадірлеуге негізделеді. 

 

1.3 Саяси ғылымның даму тарихы. 



 

Адамзат

 қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мəдениет пен əдебиет біркелкі дами қоймайды. 

Олардың шарықтап шалкитын, құлдырап түсетін де кезендері болады.  

Тарихта 


белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктін ошағы болып, кұлпырап гүлдену Ежелгі Шығыс – 

Мысар  /Египет/,  Вавилон  /Ирак/,  Үндістан,,  Қытай,  Парсы  /  Иран/  елдеріне  келеді.  XV 

ғасырға  дейін  Шығыс  мəдениеті  Батыс  мəдениетінен  шоктығы  көш  жоғары  болып, 

өркениеттіліктін  үлгісін  көрсеті.  Мұнда  ең  алдымен  математика,  геометрия,  астрономия, 

медицина  сияқты  нақты  ғылымдар  басым  дамыды.  Шығыс  елдерінде  жоғарғы  билік 

шектелместен  монархтың  /халиф,  хан,  патша,  султан,  король,  император  жəне  и  т.б./ 

қолында  болды.  «Жерге  мемлекет  иелік  етеді,  ал  мемлекет  бүкіл  халықтың  игілігі  үшін 

қызмет етеді» деген көзқарас қалыптасты. 

 

Батыс  елдерінің  ішінде  саяси  идеялар  Ежелгі  гректерде  қатты  дамылды.  Онда 



қоғам  Шығыс  елдерімен  салыстырғанда  көп  жағдайда  қарама-қарсы  өрістеді.  Греция  ол 

кезде  саяси  бытыранқы  күн  ел  еді.  Саяси  ұйым  түрін  жеке  мемлекет  болып  саналған 

қалалар  /полистер/  құрды.  Патшалық  өкіметтің  орнына  аристократиялық  жəне  құл 

иеленушілік  демократия  орын  алды.  Билеу  турі  сан  алуан  болатын  жəне  жиі  ауысып 

отырды.  Саяси  өмір  кызу  өрбеді,  ол  саяси  сана  теориясының  терең  дамуына  əкелді. 

Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты. 

 

Көне  гректерде  саяси  ғылымға  мол  мұра  қалдырған  ойшылдар  көп.  Бірақ  біз 



солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне – Платон мен Аристотель ге токталамыз. 

Платонның  екі  жүздей  еңбектері  бар.  Олардың  ішінде  біздің  ғылымызға  тікелей  қатысы 

бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» жəне т.б.  

Платонның  ойынша,  адамдар  қажеттіліктерін  жеке-дара  өтей  алмайды.  Олар  өмір  сұру 

үшін  тамак,  киім  өндірулері,  үй  салулары  жəне  т.т.  жасаулары  керек.  Біреулері 

егіншілікпен,  екіншілері  тігіншілікпен,  үшіншілері  кұрылысшылықпен,  төртіншілері 

етікшілікпен  жəне  т.б.  айнасылады.  Сөтіп,  олардың  бəрі  бірігіп  қана  қажеттіліктерін 

өтейді.  Осы  бірігудің  арқасында  қоғам,  мемлекет  пайда  болады.  Мемлекет  адамдарды 

алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай – бəріне бірдей əділ қызмет 

етуі  керек.  Бірақ  бұдан  Платон  адамдардың  бəрін  тендестірген  екен  деген  ой  тумауы 

керек. 

 

Платон  қоғамдық  меншікті  қолдап,  жеке  меншікке  қарсы  тұрды.  Өйткені 



қоғамдағы  кикілжіндерді,  дау-жанжал,  қайшылықтарды  тудыратын  жеке  меншік  деп 

санады.  

 

Платон мемлекеттік құрлысты 5 тұрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, 



демократия  жəне  тирания.  Бұлардың  ішінде  ең  жақсысына  аристократиялық  мемлекетті 

жатқызды.  Онда  ақыл-естелік,  парасаттылық  билейді,  оның  принциптері  –  адамгершілік, 

абырой, ар-намыс деп санады.  

Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан əрі дамытып, фəлсафасын шыңына жеткізген 

ұлы ойшыл Аристотель /б.з. б. 384 - 322 ж.ж./ болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон 


академиясын іздеп келіп оқуға тұседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық 

етті. 


 

Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития» , «Этика», «Риторика» деген 

еңбектері бар. 

 

Аристотель  саясатқа  кең  мағына  берді.  Оған  этиканы  да,  экономиканы  да  енгізді. 



Саясатты  адам  мен  мемлекеттің  жоғарғы  игілігі,  оның  мақсаты  –  адамды,  мемлекетті 

жақсы  тұрмысқа,  молшылыққа,  бақытқа  жеткізу  деп  білді.  Сөтіп  тұра,  ол  құл 

иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. 

 

Аристотельдің  ойынша,  мемлекет  –  қауымның  дамығаң  түрі,  ал  кауым  – 



отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол 

мемлектті дұрыс жəне  бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны 

жəне политияны /Аристотель дəуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс/ жатқызды. Ал 

тирания,  олигархия  мен  демократияны  мемлекеттің  бұрыс  түрі  деп  санады.  Мемлекттің 

дұрыс түрінде əкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс 

түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. 

 

Цицерон  мүліктік  теңдік  идеясына  қарсы  болды,  қоғамдық  саяси  қатынастарда 



əлеуметтік жиктелу мен теңсіздікті əділеттілік деп санады. 

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс 

Еуропада  феодализм  мың  жылдан  артыққа  созылды  /V  –  XVI  ғасырлар/.  Бұл  дəуірде 

рухани  өмірде  дін  түгелдей  үстедік  етті.  Христиан  діні  феодалдық  қоғам  көзқарасының 

өзегі, біртұтас христиан мəдениетінің негізі болды. 

Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік ширкеудін, 

папалықтың жəне ақсүйек феодалдартың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін киян-

кескі  қүрес  болып  тұрды.  Үкімет  басында  дін  иелері  ме  əлде  ақсүйектер  болуы  керек  пе 

деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мəселелерінің бірі болды.  

Бұл  заманда  христиан  дініне  көп  еңбек  сіңірген  Аврелий  Августин  /354  -  430/  еді.  Ол 

христиан  фəлсафасының  негізгі  қағидаларын  зерттеп,  жетілдірді.  Оның  саяси 

көзқарастары  «Қудай  қаласы  туралы»  деген  еңбегінде  баяндалған.  Августин  барлық 

əлеуметтік,  мемлекеттік  жəне  құқықтық  мекемелер  мен  заңдарды  адамның  қүнəсінің 

нəжесі  деп  санады.  Оның  ойынша,  құдай  адамға  еріктің  еркіндігін  береді,  яғни  ол  өз 

бетімен /күнəhар болып/ немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. 

Христиан  дінінің  саяси  теориясын  жасап,  шыңына  жетгізген  монах  Фома 

Аквинский  /1225  -  1274/  болды.  Оның  саяси  көзқарастары  «Билеушілердің  басқаруы 

туралы», «теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды 

Аквинский  өз  шығармаларында  Аристотельдің  көзқарастарын  католик  дінінің 

қағидаларына  бейімдегісі  келді.  Атап  айтқанда,  ол  Аристотельдің  адам  қоғамдық  жəне 

саяси  тірі  жəндік  деген  пікірін  пайдаланды.  Жалғыз  адам  өз  мұқтаждығын,  қажеттілігін 

жеке-дара  қанағаттандыра  алмайды.  Сондықтан  мемлекет  болып  бірігіп  өмір  сүру 

адамдардың  пешенесіне  əуел  бастан  жазылған  деп  түсіндірді.  Мемлекттік  биліктің 

мақсаты – «ортақ игілікке» жету лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол 

үшін  феодалдық-сословиелік  жіктелудің  сақталуы  шарт.  Жоғарғы  сословиеге  бəрі 

бағынуы тиіс. 

 

 Осыған  ұқсас  саяси  көзқарас  мұсылман  дінінде  де  орын  алды.  Ислам  саяси  билік 



дін  басшыларының  қолында  болуын  көздеді.  Құранның  талабы  бойынша  қай  мұсылман 

болмасын Аллаға, оның өкіліне билік иесіне бағынуы тиіс.  

Қайта  өрлеу  дəуірінің  көрнекті  өкілі  буржуазиялық  саяси  ғылымның  негізін 

салушы Никколо Макиавелли /1469 - 1527/ болды. Оның атақты шығармалары  «Патша», 

«Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы».  

 

Макиавелли діні көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тəжірибе 



деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, əдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті 

билік  жүргізуші  мен  оған  бағыныштылардың  қарым-қатынасы  деп  ұқты.  Ол 

республикалық  мемлекетті,  еркіндікті,  тендікті  қалады.  Мемлекет  ерікті  болса  ғана 


қуатты,  абыройлы  бола  алады.  Патша  рақымсыз,  саран,  опасыз,  қаhар  болмай, 

қайырымды,  адал,  қамқоршыл,  мырза  болуға  тырысуы  керек.  Бірақ  елдің  бірлігі  мен  қол 

астындағы  адамдардың  берілгендігіне  келгенде,  Макиавелли  əділдік  пен  адамгершілік 

емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың 

қай  түрін  болса  да  қолдануға  кеңес  берді.  Мемлекттің  басын  қосып,  жаңарту  үшін  сөзге 

түсінбейтін  кертартпалармен  күресте  жауыздық  пен  күшті  пайдалауға  болады.  Қаталдық 

өзіңе  бағыныштылардың  пайдасы  үшін  бір-ақ  рет  қолданылуы  керек.  Бірақ 

Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, «мақсат əдіс, тəсілді ақтайды» 

деген  қағида  кейін  макиавеллизм  деген  атпен  тарап  кетті.  Қайбір  жауыз  патшалар 

Макиавелли де қаталдыдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді. 

XVII  ғасырда  буржуазиялық  революция  Еуропа  көлемінде  ең  бірінші  Англияда 

болды.  Ол  феодализмге  күйрете  соққы  беріп,  капиталистік  қатынастардың  тез  дамуына 

жол ашты. Бұл дəуірідің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс /1588 - 

1679/ еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде; жалпыға бірдей бейбіт 

өмір мен қауіпсіздікті сақтау  үшін пайда болды. Қоғамдық келісім  бойынша патшаға /не 

мемлекет  ұйымдарына/  жеке  адамдардың  құқы  тапсырылады.  Адамдар  өз  тілектері  мен 

еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлектті ұнатты. 

Франциядағы  буржуазиялық  революцияның  көрнекті  өкілі  Шарль  Луи  Монтескье 

/1689  -  1775/  əр  халықтың  адамгершілік  бейнесін,  оның  заңдарының  айырмашылығын, 

қоғамның дамуын географиялық ортаға /ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, 

т.б./  байланыстырды.  Бостандық  –  заң  неге  ерік  берсе,  соны  істеу.  Саяси  бостандық 

экономиканың,  өндірістің,  сау-даның  дамуына  əсер  етеді.  Ол  сөз,  баспасөз,ұждан 

бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз 

етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында жəне төңкерістерге жол бермеу үшін 

билікті заң шығаратын, атқарушы жəне сот билігі етіп бөлу керек деді. 

 

Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо /1712 - 1778/ ұсақ буржуазияның 



шаруалардың  мүддесін  қорғады.  Ол  еркіндік  пен  тендікті  ең  жоғарғы  игілік  деп  санады. 

Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет 

шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек. 

 

Руссо  тікелей  халық-билігін  ұсынды.  Егер  елдің  жері  үлкен  болса,  халықтың 



өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо 

оқтын-оқтын халық жиналасын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті. 

 

Америка  халкының  демократия  жолында  азаттық  күресі  Томас  Джефферсонның 



/1743  -  1826/  атына  байланысты.  Ол  сол  кездегі  ұлы  революциялық  құжат-  Америка 

Құрама  Штаттарының  «Тəуелсіздік  Декларациясын»  жазды.  Мемлекеттік  өкіметті  құрап 

оны бақылау құқынан еш адамды шеттеуге болмайды.  

Тəуелсіздік  үшін  күрес  кезінде  өзінің  батыл  идеяларымен  Томас  Пейн  /1737  – 

1809/  көзге  түсті.  Ол  Америка  халқын  азаттық  қүреске,  отаршылдардан  бөлінін  шығуға 

шакырды.  Адамның  табиғи  құқына  еркендікті,  сөз,  баспасоз,  дінге  сену  бостандығын, 

рақатқа,  бақытқа  жету,  т.б.  жатқызды.  Пейн  бірінші  болып  қоғам  мен  мемлекетті 

ажыратты.  Мемлекетті  қоғам  тудырады  дейді.  Үкіметтің  мақсаты  –  қауіпсіздік  пен 

бостандықты  қамтамасыз  ету.  Онын  саяси  мұраты  –  жалпыға  бірдей  сайлау  құқы,  тен 

өкілдігі бар демократиялық республика. 

Жаңа  заманда  саяси  санада  айтарлықтай  із  калдырған  немістің  классикалық 

философиясының  негізін  салушы  Имануил  Кант.  Оның  саяси  пікірлері  «Космополиттік 

көзқарас  жөніндегі  жалпы  тарихтын  идеялары»;  «Омірлік  бейбітшілікке»  деген 

еңбектерінде баяндалған 

XVIIIғ. аяғы – XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мəдениет 

заманалық  екі  қозғаушы  қүштін  əсерімен  дамыды.  Оның  біріншісі  –  капиталистік 

қатынастарға  жол  ашқан  Ұлы  Француз  революциясы.  Екіншісі  –  алдымен  Англияда, 

сосын  Франция  жəне  басқа  батыс  Еуропа  елдеріндегі  күрделі  өнеркəсіп  өзгерістері  /ірі 

машиналы  индустрияның  мануфактуралық  өндірісті  алмастыруы/  капитализмді  одан  əрі 


нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Осіп келе жатқан буржуазия 

еркіндікке,  жылдам  алға  дамуға,  заңдылыққа  тырысты.  Сондықтан  бұл  кездегі 

буржуазиялық  саяси  идеологиның  бас  бағыты  либерализм  /ерікті,  азат  деген  сөзінен 

шыққан/ болды . Сонымен катар мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне 

байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады. 

 

 Саясаттану XIX ғасырдан екінші жартысында өз алдына жеке пəн ретінде қалыптасты. 



Оған  бұл  кезде  бихевиористік,  тəжірибелік  (эмпирикалық)  əдістердің  кеңінен 

пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді – 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде 

(кейін  университетінде  айналды)  процессор  Фрэнсис  Либер  «Тарих  жəне  саяси  ғылым» 

деген  кафедра  ашты.  Соның  негізінде  онда  1980  жылы  саяси  ғылымның  жоғары  мектебі 

құрылды.  АҚШ-тағы  сияқты  1872  жылы  Францияда  аппаратқа  арнайы  қызметкерлер 

дайындайтын  саяси  ғылымдар  мектебі  жұмыс  істей  бастады.  1889  жылы  Американың 

саяси жəне əлеуметтік ғылымдар академиясы, ал 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар 

ассоциациясы құрылды. 

 

XX  ғасырдың  басында  саясаттану  бөлек  академиялық  пəн  ретінде  толық  бөлініп 



шықты. Бұл ғылымның халықаралық мəртебе алып толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-

ның  басышылығымен  1949  жылы  құрылған  саяси  ғылымдардың  халықаралық 

ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір 

де жемісті еңбек етуде. 

 

Бүгінгі  таңда  АҚШ-тың  Шғыс  елдерінің  барлық  жоғары  оқу  орындарында 



саясаттану  жеке  пəн  ретінде  барлық  факультеттерде  міндетті  түрде  оқытылады,  əлемнің 

өнері  университеттері  оған  мамандар  дайындайды.  Мысалы,  АҚШ-та  саясаттанудың 

мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, əсіресе, бұл ғылымның 

қолданбалы  түрі  кең  өріс  алған.  Оны  бітірген  маман  саясатшылар  маңызды  саяси 

шешімдердің  жобаларын  сараптауға,  партиялар  немесе  басқа  бірлестіктердің  сайлау 

алдындағы  бағдарламалардың  талдауға,  өкіметтік  дағдарыстар  мен  халықаралық 

қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады. 

 

Бұрыңға Кеңес елінде бұл ғылымды партияға халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым 



деп  айдар  тағып,  оқытпаған  болатын.  Себебі,  Кеңес  өкіметі  шын  мəнінде,  саяси  сауатты 

адамдарды  даярлауға  мүдделі  болмады.  Ондай  жағдайда  тоталитарлық  жүйе  70  жылдан 

артық дəуреннің құра алмаған да болар еді. 

 

Бірақ  бұдан  ол  кезде  саяси  ғылымда  еш  көңіл  бөлінбеген  екен  деген  ой  тұмауға 



тиіс.  Саясата  мəселеллері  қаралып,зерттеліп  жатты.  Алайда,  олар  ғылыми  коммунизм, 

тарихи  материализм,  Коммунистік  партия  тарихи  сияқты  коммунистік  идеологияға 

негізделген пəндердің шеңберінен шықпайтын жəне ең алдымен қандай əлеуметтік-саяси 

процестер социализм мен комунизм əкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін. 

 

Саясаттануға  деген  көзқарас  80-жылдардың  екінші  жартысында  бұрыңғы  Кеңес 



Одағындағы  түбегейлі  реформаларға  қоғамның  демократиялануына,  тоталитарлық 

жүйенің күреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан жоғары аттестациялау комиссиясында 

саясаттанудан эксперттік Кеңес жұмыс істей бастады.1990 жылы КСРО-ның ғылым жəне 

техника  бойынша  мемлекеттік  комитеті  «Саяси  ғылымдар»  деген  атпен  саяси  ғылым 

қызметкерлердің  тізімін  ресми  түрде  бекітті.  1989-1990  оқы  жылдарында  Балтық  бойы 

елдерінде  1990  жылдан  бастап  ТМД-ның  басқа  елдерінде  саясаттану  оқытыла  бастады. 

Қазір Қазақстанның барлық ж.о.о. дерлік бұл ғылым жеке пəн ретінде өтілуде. Əл-Фараби 

атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  Ұлттық  университетінде  жəне  Абай  атындағы  Алматы 

Мемлекеттік педагогикалық университеті бұл салада арнаулы мамандар даярлайды. 

 



  1   2


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал